A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары


 

КӨБЖЕТЕРОВА АЛТЫНШАШ АРЫНҒАЗЫҚЫЗЫ

Телефон: 8(71642) 21710

e-mail egindykol_kanz@akmo.kz

 

 

 

Алтыншаш Арынғазықызы Көбжетерова 1970 жылы туған, Қарақалпақстан Республикасының тумасы. 1993 жылы Бердах атындағы Қарақалпақ Мемлекеттiк университетiн «Химия» мамандығы бойынша бiтiрдi, 2002 жылы — Өзбекстан Республикасы ғылым академиясының жаратылыстану ғылымдары кешендiк институтының Қарақалпақ бөлiмшесiнiң магистратурасын бiтiрдi. Химия ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1987 жылы Қарақалпақстан Республикасы Нүкүс қаласында бөбекжай — бақша тәрбиешiсiнiң көмекшiсi болып бастады.

1993 — 2000 жылдары ҰКТ тәрбиешi, Бердах атындағы № 6 ОМ химия және биология мұғалiмi болды.

2003 — 2008 жылдары Егiндiкөл ауданы бiлiм бөлiмiнiң маманы, бас маманы болып қызмет атқарды.

2008 — 2011 жылдары — Егiндiкөл ауданы әкiмi аппараты ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлiмiнiң, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бастығы.

2012 — 2013 жылдары — Егiндiкөл ауданы мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi орталықтандырылған кiтапхана жүйесiнiң әдiскерi..

2013 — 2017 жылдары — Егiндiкөл ауданы iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы

2017 — 2018 жылдары — Егiндiкөл ауданы iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы

2018 жылғы 23 шiлдеден бастап — Ақмола облысы Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары.

Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары
Көбжетерова Алтыншаш Арынғазықызы

Бiлiм беру (соның iшiнде техникалық және кәсiптiк, халықтың компьютерлiк сауаттылығы), ғылым, ақпарат, мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелерi. Өңiрде туризмдi дамыту. Денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелерi. Кедейшiлiктi төмендету мәселелерi. Мүгедектердiң құқықтарын қорғау және оңалту мәселелерi. Тарихи және мәдени мұраларды, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлердi сақтау мәселелерi. Құқық бұзушылықтың алдын алу, соның iшiнде құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiмен өзара iс-қимыл ұйымдастыру жөнiндегi жедел жұмыс мәселелерi. Мерзiмдi әскери қызметке шақыру мәселелерi. Ономастика мәселелерi. Iшкi саясат, ұлтаралық қатынас және қоғамдық келiсiм мәселелерi. Жқмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк серiктестiк мәселелерi. Адамның құқықтарын қорғау мәселелерi. Сотталған және қылмыстық жазасын өтеген адамдардың құқықтарын қорғау мәселелерi. Жалақыны мерзiмiнде төлеу мәселелерi. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi жұмысты үйлестiру мәселелерi. Тұрғын үй қатынастары, соның iшiнде тұрғын үй қоры мәселелерi. Әйелдер және демографиялық саясат мәселелерi. Санитарлық-эпидемиологиялық саулық мәселелерi. Қоғамдық келiсiм және сяаси тұрақтылыққағидаттарын iске асыру кезiнде билiк органдарының саяси партиялар және өзге де қоғамдық бiрлестiктермен өзара жұмысын қамтамасыз ету мәселелерi. Конфессияаралық және ұлтаралық келiсiмдi нығайту мәселелерi. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелерi. Мемлекеттiк жастар саясатын жүргiзу мәселелерi. Азаматтарды патриоттық тәрбиелеу мәселелерi. Қоғамдық-саяси ахуал мәселелерi. Дiн мәселелерi. Отандастарымызды орналастыру, олардың мәселелерiн жедел шешу және көшi-қон мәселелерiне ықпал ету. Мұрағат iсi мәселелерi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi. Жетекшiлiк ететiн саладағы мемлекеттiк сатып алулар өткiзу мәселелерi. Жетекшiлiк ететiн саладағы мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк мәселелерi. Жетекшiлiк ететiн саладағы инвестиция тарту мәселелерi. Жетекшiлiк ететiн саладағы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi.

Дата создания статьи: 19.04.2018 11:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2018 10:38
Қаралым саны: 1378

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар