A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Аудан әкімінің көп балалы отбасыларымен кездесуі

2019 жылғы 11 ақпанда Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң шағын залында аудан әкiмi Е.Ш.Исабековтың көп балалы аналармен кездесуi өткiзiлдi, сондай-ақ оған жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi, халықты жұмыспен қамту орталығы, Егiндiкөл ауданының әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi бөлiмi, Егiндiкөл орталық аудандық ауруханасының өкiлдерi қатысты.

Кездесу барысында көп балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек, оқулықтар және жұмыс дәптерлерiмен қамтамасыз ету, балаларға тегiн ыстық тамақ ұсыну, сауықтыру мекемелерiнде жазғы демалыс ұйымдастыру, тегiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерi талқыланды. Кездесу барысында әйелдер орын алған бiрқатар проблемаларды айтып, оларға нақты түсiнiктер берiлдi. Аудан әкiмi кездесу барысында көтерiлген жекелеген мәселелер бойынша дербес бөлiмдерге нақты тапсырмалар бердi.

Анықтама үшiн: 2019 жылғы 01 ақпандағы жағдайға Егiндiкөл ауданында 51 көп балалы отбасы тұрады. Олардың iшiнде 8 отбасы атаулы әлеуметтiк көмек алушылар болып табылады.

2015 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiн көп балалы отбасыларының колледжде оқитын 20 студентiне оқу орнымен жасалған шарттың және төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесiне сәйкес оқыту шығындарын өтеу үшiн аудан бюджетiнен ақшалай қаражат төленедi. Төлемнiң жалпы сомасы 2 965 мың теңгенi құрайды.

Аудан бюджетiнде үшiншi және одан артық бала туғаны үшiн аналарға 5 АЕК мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы түрiндегi ақшалай қаражат қарастырылған. 2018 жылы 14 ана 12 025 теңге мөлшерiнде ақшалай жәрдемақы алды. Барлығы 168,4 мың теңге төлендi.

Тұрғын үйлерi жоқ, «уақытша жайларда», тозған және апатты жайларда тұратын көп балалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәнiне жүргiзiлген аулаларды аралау деректерiне сәйкес Егiндiкөл ауданында мұндай отбасылары жоқ.

Ұсынылған тiзiмге сәйкес тұрғын үй алу үшiн кезекте тұрған көп балалы отбасылары жоқ.

Мектепте тегiн ыстық тамақпен қамтылған балалар саны — барлығы 175 бала, соның iшiнде көп балалы отбасыларынан — 115 бала. Бұл мақсатқа аудан бюджетiнде 9 762,0 мың теңге көзделген.

2019 жылға көп балалы және әлеуметтiк нашар қорғалған отбасыларының жаппай оқыту қоры үшiн аудан бюджетiнен бөлiнген сома 3 467 мың теңгенi құрайды.

Мемлекет Басшысының мектеп оқушыларының мектепке толық баруын қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырмасы бойынша 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейiн ауданның барлық мектептiнде «Мектепке жол» акциясы өткiзiлдi. Аз қамтамасыз етiлген және көп балалы отбасыларынан бiрiншi сыныпқа баратын оқушылардың тiзiмi дайындалып, оларға — 13 оқушыға киiм, аяқ киiм және мектеп құралдарын сатып алуға көмек көрсетiлдi.

Аз қамтамасыз етiлген және көп балалы отбасыларынан 125 балаға бюджет қаражаты есебiнен 504,0 мың теңге сомасына спорттық костюмдер сатып алынды.

Дата создания статьи: 18.02.2019 15:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.02.2019 15:08
Қаралым саны: 344

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар