A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Зейнетақы және базалық зейнетақы төлемі бойынша сұрақтар және жауаптары

• Мен неше жасымда зейнеткерлiкке шығамын? (Сұрақты 19.10.1963 ж.т. әйел қойған):

1963 жылдың екiншi жарты жылдығында туған әйелдер, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету » туралы 21 маусым 2013ж №105-V Заңының 11 бабына сәйкес (ары қарай Заң) 62 жасқа толғанда зейнеткерлiкке шыға алады.

Әйелдердің зейнет жасының кезең-кезеңімен өсуі бойынша сызбасы
Жыл Зейнет жасы Туған ай -жылы
2018ж 1 қаңтардан 58 жас 6 ай 1960ж 1 қаңтардан - 1960ж 30 маусым
2019 ж 1 қаңтардан 59 жас 1960ж 1 шілдеден -1960ж 31 желтоқсан
2020 ж 1 қаңтардан 59 жас 6 ай 1961ж 1 қаңтардан - 1960ж 30 маусым
2021 ж 1 қаңтардан 60 жас 1961ж 1 шілдеден -1961ж 31 желтоқсан
2022 ж 1 қаңтардан 60 жас 6 ай 1962ж 1 қаңтардан - 1962ж 30маусым
2023 ж 1 қаңтардан 61 жас 1962ж 1 шілдеден-1962ж 31 желтоқсан
2024 ж 1 қаңтардан 61 жас 6 ай 1963ж 1 қаңтардан - 1963ж 30маусым
2025 ж 1 қаңтардан 62 жас 1963ж 1 шілдеден -1963ж 31желтоқсан
2026 ж 1 қаңтардан 62 жас 6 ай 1964ж 1 қаңтардан - 1964ж 30 маусым
2027 ж 1 қаңтардан 63 жас 1964ж 1 шілдеден-1964ж 31желтоқсан

• 3 топтағы мүгедек ретiнде жәрдемақы аламын, жақында зейнет жасына толамын. Бiрақ 1998 ж 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлiмдi растай алмаймын және 1 қаңтар 1998жылдан мiндеттi зейнетақы аударымдарым жоқ. Маған базалық зейнетақы төлемi тағайындала ма?

Заңға сәйкес, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi (БЗТ) еңбек өтiлi және зейнет жүйесiне қатысуы 10 жылдан төмен немесе мүлдем болмаған жағдайда, Республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес тиiстi қаржылық жылға бекiтiлген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54% төленедi. (2019ж ылдың еi төменгi күнкөрiс деңгейi 29698 тг, БЗТ 2019ж еңбек өтiлi және зейнет жүйесiне қатысуы 10 жылдан төмен немесе мүлдем болмаған санаттағыларға 29698*54%=16037 теңге).

• Еңбек кiтапшамды толтыру кезiнде кадрлар бөлiмi менiң тегiмде қате жiберген. Зейнеткерлiкке шыққанда қандай мәселелер болуы мүмкiн?

Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму Министрiнiң 2015ж 30 қарашадағы Нысанды бекiту туралы №929 Бұйрығы негiзiнде еңбек кiтапшаны толтыру және сақтау Ережелерi, тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер бар болған жағдайда) және туған жылын өзгерту туралы жазбаларды жеке куәлiк, неке туралы куәлiк, ажырасу туралы куәлiк, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктерiне сәйкес соңғы жұмыс орны өзгерте алады. Егер жұмыс орны жабылған болса еңбек өтiлiн мұрағаттық анықтама арқылы растай алады.

• Егер құжаттарым жоғалған жағдайда еңбек өтiлiмдi растау туралы мұрағаттық анықтаманы қалай алуыма болады?

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына сәйкес мұрағаттық анықтама, мұрағаттық құжаттардың көшiрмесi немесе мұрағаттық үзiндiлер, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрiнiң 17 сәуiр №138 Бұйрығына сәйкес, мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасының мұрағаты көрсетедi. Өтiнiш қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:

1). «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ ;

2). «Электрондық үкiмет» веб-портал www.egov.kz арқылы жүзеге асады.

Егер мұрағатта еңбек өтiлi туралы мәлiметтер сақталмаған жағдайда сот шешiмi бойына расталады.

• Менiң 36 ай бойынша орташа жалақым 193 000 теңгенi құрайды, зейнетақы тағайындау барысында неге толық көлемде саналмайды?

Заңға сәйкес, жасы бойынша зейнетақыны есептеуде ұсынылған табыс 46 айлық көрсеткiштен аспауы тиiс, Республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес тиiстi қаржылық жылға бекiтiлген(2019 жылдың айлық көрсеткiшi 2525 тенге, сондықтан зейнетақыны есептеу барысында ең жоғарғы ұсынылатын табыс 2525*46=116150 тенгенi құрайды).

• Мен 1992 жылдан, мүгедек баланы күтуiме байланысты, жұмыс iстемедiм, зейнеткерлiкке шыққан кезде осы күтiм бойынша отырған уақытым еңбек өтiлiне санала ма?

Заңға сәйкес, жасы бойынша зейнетақы тағайындау кезiнде еңбек өтiлiне: бiрiншi топтағы мүгедек жандарды күту уақыты, жалғыз басты екiншi топтағы мүгедек немесе жасы бойынша зейнеткердi (басқаның көмегiне зәру) күту уақыты, сексен жастан асқан қарт адамдарды және 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы күту уақыты зейнетақы есептеуде еңбек өтiлiне саналады.

Еңбек өтiлiн растау үшiн осы санатқа жататын азаматтарды күту уақытын сот шешiмiмен растау қажет.

Дата создания статьи: 08.11.2019 10:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2019 10:36
Қаралым саны: 16

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар