Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша ұсыныс енгізілді

Қолданыстағы заңнамамен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бiрдей декларация тапсыруды енгiзу көзделген. Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелердi дайындау, уәкiлеттi органдардың деректер базасын өзектендiру, өңiрлерде пилотты өткiзу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Қарағанды облысының Осакаровка ауданындағы пилоттық жобаның нәтижелерi проблемалық мәселелердi анықтады, оларды шешуге қосымша уақыт қажет етiледi.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Жалпыға бiрдей декларация тапсыруды кезең-кезеңiмен енгiзу бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiздi.

Бiрiншi кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестiрiлген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.

Екiншi кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерi (оның iшiнде бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшiншi кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсiпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртiншi кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — халықтың қалған санаттары.

Бұл ретте, әр кезеңнiң қорытындысымен талдау жасалатынын, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдiстеменi және ақпараттық жүйелердi жетiлдiру бойынша шаралар қабылданатынын атап өткен жөн.

Қазiргi уақытта жалпыға бiрдей декларациялауды кезең-кезеңiмен енгiзу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының Парламентiне белгiленген тәртiпте ұсынылады.

ҚР Қаржы министрлiгi
Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң
Баспасөз қызметi
(Жеңiс даңғылы, 11)

Мақаланы құрған күні 01.04.2019 15:59
Мақаланы жаңартқан күні 01.04.2019 15:59
Қаралым саны: 687
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі