AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Онлайн

Карантинге сәйкес, жүкті аналар ғаламтор арқылы 200-ден астам декреттік жәрдемақы алды. Сондай-ақ, үйден шықпай-ақ, 260-тан астам ана бала туып, оған бір жылға дейін күтім жасау бойынша жәрдемақы алды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Ақмола филиалының баспасөз қызметі.

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері 10 мыңнан астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 20 мың отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетілген қызметтер, оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасады.

Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер»сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.

Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы»–«Бала» бөлімінде баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдем ақыларды рәсімдеу мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.

Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналарпроактивқызметін пайдалана алады. Ол арқылыбаланың тууын тіркеп,тиісті жәрдемақыны рәсімдеп,сәбидібалабақша кезегіне қоюға болады.

Мақаланы құрған күні 23.04.2020 22:13
Мақаланы жаңартқан күні 23.04.2020 22:13
Қаралым саны: 53
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі