A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 7 сәуірі сағат 19.00-ден бастап Новочеркасск ауылынан бергі жолда "Есіл" жанармай құю бекетінің жанында алдын-алу бақылау ұйымдастырылады.
Блок-бекетте келушілердің денсаулығы мен дене қызуын дәрігерлер тексеретін болады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жеке қорғану құралдарының болуын тексереді, кіруді және шығуды тіркейді, төтенше жағдай кезінде заңды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіреді.
Жантеке ауылынан Тоғанас ауылына кіре беріс және Есенгелді ауылынан Бауман ауылына кіре беріс жолдардағы блок бекеттер дайындық күші мен қаражаттың жағдайына қарай орнатылатын болады.
Құрметті азаматтар!
Сіздерден енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Осының бәрі сіз бен біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін жасалынып жатыр.
Сіз үйде қалу үшін біз барлық тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін салалардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін барлық шараларды қабылдап жатырмыз.
#nocoronavirus #үйдеболыңыз #оставайтесьдома #stayhome

Дата создания статьи: 13.04.2020 21:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.04.2020 21:53
Қаралым саны: 137

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар