A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Сыбайлас жемқорлық тоқта

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар — бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негiзгi бағыты мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады, өйткенi бүгiнде азаматтардың мемлекеттiк органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы, бiр жағынан, сыбайластықтан құрылған қызмет түрiн қабылдаумен байланысты.

Мемлекеттiк қызметкердiң атына кiр келтiретiн әрекеттерден әркiмнiң де аулақ болғаны жөн. Мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады; Пара алу үшiн жаза (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 366 бап)

- Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушiлiгi үшiн өзiне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы –

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу –

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар:

1) қорқытып алу жолымен;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) iрi мөлшерде;

4) бiрнеше рет жасалса, –

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жетпiс еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса iрi мөлшерде жасалса, –

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Пара беру үшiн жаза (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 367 бап):  — Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамға не оған теңестiрiлген адамға немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзiне немесе делдал арқылы пара беру –

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет –

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) iрi мөлшерде;

3) бiрнеше рет жасалса, –

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 — Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бүгiнгi таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етудi көздейдi.

Жемқорлықпен күрес бүгiнде елiмiзде мемлекеттiк маңызы бар түйткiлдi мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдiң ертеңi үшiн, болашақ келер ұрпақ алдында еңсемiздiң бек көтерiлiп жүру үшiн, жемқорлық iндетiмен белсене күресiп, түп-тамырымен жою қажет.

Мемлекеттiк қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басшылық тарапынан ұдайы техникалық оқулар, дөңгелек үстелдер өткiзiлiп тұрады. Егiндiкөл ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда 8 (716-42) 2-12-42 сенiм телефоны арқылы хабар бере алады.

Информационная служба
УГД по Егиндыкольскому району

Дата создания статьи: 28.06.2018 14:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.06.2018 14:52
Қаралым саны: 827

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар