Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

2015 жылғы 5 маусым
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/421 бұйрығына
1-қосымша

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилермен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына куәлiктер беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына куәлiктер беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) тракторшы-машинист куәлiгiн, куәлiктiң телнұсқасын алған, ескi үлгiдегi куәлiктi жаңа куәлiкке ауыстырған (айырбастаған) кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған қүнiнен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 2 (екi) жұмыс күнi;

Көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiштi әрi қарай қараудан жазбаша бас тартады.

2) қажеттi құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына куәлiктi (бұдан әрi — тракторшы-машинист куәлiгi), куәлiктiң телнұсқасын беру, ескi үлгiдегi куәлiктi жаңа куәлiкке ауыстырған (айырбастаған) кезде.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрi — ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) ақылы негiзде көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен бюджетке мемлекеттiк баж төлейдi (бұдан әрi — Салық кодексi).

Мемлекеттiк баж мөлшерi мемлекеттiк бажды төлеу күнiне белгiленген көрсеткiштiң 50 пайызын құрайды.

Мемлекеттiк бажды төлеу екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем жүргiзу "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ), екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның өкiлi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

"А", "В" және "Г" санаттарындағы куәлiктердi алу үшiн:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

тиiстi санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткенi туралы куәлiктiң немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру" немесе тракторист-машинист бiлiктiлiгiн растайтын дипломның көшiрмесi (түпнұсқасы салыстырылып тексеру үшiн берiледi);

"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) бекiтiлген № 086/е нысаны бойынша медициналық анықтама;

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде белгiленген, куәлiк бергенi үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы құжат;

өлшемi 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлi-түстi фонды фотосурет;

жоғары, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарын ("ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторист-машинист" мамандығы бойынша арнайы оқу орындары, орта кәсiптiк оқу орындары) бiтiрген адамдарды қоспағанда, бiлiм беру ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшiрмесi;

"Б" немесе "Д" санаттары бар куәлiк алу үшiн осы тармақшаның талаптарына сәйкес келуi қажет;

"Б" және (немесе) "Д" санаттары "А", "В" немесе "Г" бағандарында рұқсат ету белгiсi бар куәлiк иеленген (тиiстi машиналарда жалпы жұмыс өтiлi алты айдан кем емес) және емтихан пунктiнде теориялық емтихан тапсырған тракторист-машинистерге берiледi.

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 35-бабында көрсетiлген құжаттардың кез келгенi жұмыс өтiлiн растайтын құжат бола алады;

"Ерекше белгiлер үшiн" бағанында "қаршаналар, квадроциклдер жүргiзуге рұқсат" деген жазуы бар тракторист-машинист куәлiгiн алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде емтихан пунктiне мынадай құжаттар ұсынылады:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

рұқсат ететiн "А" және "В" немесе "Б" және "В" санаттары бар куәлiктiң көшiрмесi немесе рұқсат ететiн "А" немесе "А1" немесе "В1" санаты бар жүргiзушi куәлiгi;

тракторист-машинист куәлiгiн бергенi үшiн мемлекеттiк баждың төлегенi туралы түбiртек;

өлшемi 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлi-түстi фонды фотосурет.

Тракторист-машинистiң куәлiгiн ауыстыру (алмастыру) емтихан пунктi құжаттар қабылдаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде және осы Стандартқа 9-тармақта көрсетiлген талаптардың негiзiнде жүргiзiледi.

Емтихан пунктiнiң жауапты орындаушысы өтiнiш берушiнiң құжаттарын алған сәттен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiсi анықталған жағдайда, емтихан пунктi өтiнiш берушiге өтiнiштi қарастырудан жазбаша түрде дәлелдi бас тартуды жолдайды.

Ескi үлгiдегi куәлiктi ауыстырған (алмастырған) кезде жаңа куәлiкке рұқсат ету санаттары мынадай тәртiптi есепке ала отырып, көшiрiледi және қойылады:

ескi үлгiдегi тракторист-машинист куәлiгiндегi "А", "Б", "В", "Г", "Д", "Е" санаттары жаңа куәлiктегi "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттарына сәйкес келедi;

3-сыныпты тракторист-машинист куәлiгi жаңа үлгiдегi "А", "В", "Г" санаттары бар куәлiкке сәйкес келедi;

2-сыныпты тракторист-машинист куәлiгi жаңа үлгiдегi "А", "Б", "В", "Г" санаттары бар куәлiкке сәйкес келедi;

1-сыныпты тракторист-машинист куәлiгi жаңа үлгiдегi "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттары бар куәлiкке сәйкес келедi;

К-701 "Кировец" тракторист-машинист куәлiгi жаңа үлгiдегi "Б" санатты куәлiкке сәйкес келедi;

"комбайншы" мамандығы көрсетiлген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлiгi жаңа үлгiдегi "Г" санатты куәлiкке сәйкес келедi;

"тракторшы" мамандығы көрсетiлген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлiгi жаңа "А", "В" санаттары бар үлгiдегi куәлiкке сәйкес келедi.

Куәлiктi ауыстырған (алмастырған) кезде жаңадан берiлген куәлiктiң "Ерекше белгiлер үшiн" деген бағанына бұрынғы куәлiктiң сериясы, нөмiрi және берiлген күнi жазылады.

Куәлiк жоғалған кезде "Телнұсқа" деген белгiсi бар жаңа куәлiк берiледi:

тұрғылықты жерi бойынша тiркелген адамдарға осы Стандарттың 9-тармағының 1) тармақшасының сегiзiншi абзацын қоспағанда, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар және iшкi iстер органдарынан сот шешiмiнiң негiзiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынған куәлiктердiң арасында жоқ екендiгi туралы анықтама негiзiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде;

өтiнiш берушiнiң жүгiнген орны бойынша куәлiк берiлгенi туралы мәлiмет болмаған жағдайда, куәлiк берген емтихан пунктiнiң куәлiк беру кiтабындағы жазба негiзiнде осы Стандарттың 9-тармағының талаптарын 1) тармақшасының төртiншi және сегiзiншi абзацтарын қоспағанда, 9-тармақтың талаптарын сақтай отырып, өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдаған сәттен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде берiледi.

Куәлiк беру кiтабындағы жазбаларды нақтылауды куәлiк берген емтихан пунктiне сұрау салу арқылы өтiнiш берушiнiң өтiнiшi бойынша емтихан пунктi жүзеге асырады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн iшкi iстер органдарында куәлiктi алып қойғаны немесе сот шешiмiнiң негiзiнде айырылғаны анықталған кезде, телнұсқа беру жүргiзiлмейдi, ол туралы жазбаша дәлелдi бас тарту ұсынылады.

Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың куәлiктерiн алмастыру емтихан пунктiне куәлiктердiң түпнұсқасы мен оның мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде расталған аудармасын, iшкi iстер органдарында тiркелген жеке басты куәландыратын құжаттарды (паспорт, жеке куәлiк) (түпнұсқа салыстырып тексерiлгеннен кейiн қайтарылады) ұсыну негiзiнде, медициналық куәландырудан өткеннен, тракторист-машинист куәлiгiн беру үшiн мемлекеттiк бажды төлегеннен және теориялық емтихандарды тапсырғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

Бұл ретте тракторист-машинистiң ұлттық куәлiгiнде рұқсат берiлген және осы тармақтың талаптарына сәйкес келетiн машиналар санаттарын жүргiзу құқығына арналған куәлiк келу құжаттарының қолданылу мерзiмiне берiледi. Тракторист-машинистiң ұлттық куәлiгi емтихан пунктiнде сақталады және иесiнiң өтiнiшi бойынша оған бұрын берiлген Қазақстан Республикасының куәлiгiн тапсырғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде қайтарылып берiледi.

Шетел азаматтарында және азаматтығы жоқ адамдарда тракторист-машинистiң ұлттық куәлiгi болмаған жағдайда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмi алты айдан асатын болса, Қазақстан Республикасының куәлiгi жалпы негiздерде берiледi;

2) порталға жүгiнген кезде:

"А", "В" және "Г" санатты куәлiк алу үшiн:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтiнiш;

тиiстi санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткенi туралы куәлiктiң электрондық көшiрмесi немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру" бiлiктiлiгiн растайтын дипломның көшiрмесi;

медициналық анықтаманың электрондық көшiрмесi;

ЭҮТШ арқылы төлеудi қоспағанда, куәлiктi беру үшiн Салық кодексiнде белгiленген мемлекеттiк бажды төлеу туралы құжат;

жоғары, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, кәсiптiк орта оқу орындарын) "ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша бiтiрген адамдарды қоспағанда, оқу ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының электрондық көшiрмесi;

көлемi 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлi-түстi) (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу үшiн жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынылады);

"Б" және "Д" санатты куәлiктi алу үшiн қосымша:

тиiстi машиналарда алты айдан кем емес жалпы жұмыс өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

ескi үлгiдегi куәлiктi жаңа куәлiкке ауыстырған (айырбастаған) кезде:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтiнiш;

тиiстi санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткенi туралы куәлiктiң электрондық көшiрмесi немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру" бiлiктiлiгiн растайтын дипломның көшiрмесi;

медициналық анықтаманың электрондық көшiрмесi;

ЭҮТШ арқылы төлеудi қоспағанда, куәлiктi беру үшiн Салық кодексiнде белгiленген мемлекеттiк бажды төлеу туралы құжат;

көлемi 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлi-түстi) (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу үшiн жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынылады);

куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн:

себебiн көрсете отырып, осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтiнiш;

медициналық анықтаманың электрондық көшiрмесi;

ЭҮТШ арқылы төлеудi қоспағанда, куәлiктi беру үшiн Салық кодексiнде белгiленген мемлекеттiк бажды төлеу туралы құжат;

көлемi 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлi-түстi) (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу үшiн жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынылады);

сот шешiмiнiң негiзiнде куәлiктерiнен айырылғандардың арасында жоқ екендiгi туралы iшкi iстер органның анықтамасының электрондық көшiрмесi.

Iшкi iстер органдарында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн куәлiктi алып қойғаны немесе сот шешiмiнiң негiзiнде айырылғаны анықталған жағдайда, телнұсқа беру жүргiзiлмейдi, ол туралы жазбаша дәлелдi бас тарту ұсынылады.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мемлекеттiк бажды төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), бұрын берiлген тракторшы-машинист куәлiгi туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) — қағаз жеткiзгiштегi өтiнiштiң қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, тiркеу туралы қойылған белгi болып табылады;

портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 08.04.2016 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) көрсетiледi, шағымға қызметтi алушы қол қояды.

Қабылданған шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн есепке алу журналдарында тiркеледi. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, сондай-ақ берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон болып табылады.

Портал арқылы жүгiнен кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық нысанда

көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып

қойылатын өзге талаптар

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар мен оларды толтыру үлгiлерiнiң тiзбесi бар стендтермен жабдықталады), сондай-ақ мүмкiндiктерi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қызмет көрсетiлуi үшiн пандустар көзделген.

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында

2) Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электронды нысанда түрде алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетiлген.

Жүктеу (DOCX 29 Kb)

Мақаланы құрған күні 26.04.2018 16:11
Мақаланы жаңартқан күні 26.04.2018 16:11
Қаралым саны: 1294
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі