Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/421 бұйрығына
3-қосымша

"Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналар үшiн тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттiк нөмiрлiк белгi беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналар үшiн тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттiк нөмiрлiк белгi беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi. Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — күнтiзбелiк 15 (он бес) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

Көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттарды алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiштi әрi қарай қараудан жазбаша дәлелдi бас тарту бередi.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналар үшiн тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттiк нөмiрлiк белгi беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi берiлген рұқсаттар туралы мәлiметтердi "Е-лицензиялау" мемлекеттiк дерекқоры" ақпараттық жүйесiне енгiзедi.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет ақылы негiзде заңды және жеке тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы).

Мемлекеттiк қызметтi көрсеткенi үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен бюджетке мемлекеттiк баж төлейдi.

Мемлекеттiк баж мөлшерi:

1) машинаға техникалық паспорт бергенi үшiн — 50 пайыз;

2) тiркеу (қайта тiркеу) үшiн — 25 пайыз;

3) машинаға мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсiн бергенi үшiн — 100 пайыз.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында, 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның өкiлi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

машиналарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру үшiн заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрi — өтiнiш берушi) тiркеу пунктiне мыналарды ұсынады:

осы стандартқа 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке тұлғалар үшiн — өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен түпнұсқасы және мекенжай анықтамасы;

заңды тұлғалар үшiн — құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған көшiрмелерi;

көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн немесе мемлекеттiк тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергенi үшiн алымдар төленгенi туралы құжат;

мынадай жағдайларды қоспағанда, машина:

кәдеге жаратылса (жарамсыз болса, есептен шығарылса);

машинаны тiркеу пунктiне қарап тексеруге алып келуге кедергi болатын объективтi мән-жайлар (бұзылып қалуы, габаритi және (немесе) техникалық сипаттамасы мүмкiндiк бермеуi) болса, инженер-инспектор жасаған машиналарды техникалық қарап тексеру актiсiн машинаның тұрған жерi бойынша беруге рұқсат етiледi, бұл ретте мұндай актiнiң жарамдылық мерзiмi күнтiзбелiк отыз күндi құрайды;

шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарыз) түпнұсқасы мен көшiрмесi, соттың шешiмi немесе меншiк құқығын растайтын өзге де құжаттар немесе қарапайым мәмiле нысаны, ал шаруа (фермерлiк) қожалықтарын қоспағанда, жеке тұлғалар арасында жасалған мәмiле жағдайында — қарапайым мәмiле нысаны;

машинаның тiркеу құжаты және нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат;

мемлекеттiк кiрiс органы куәландырған тауарға арналған декларациясының (кедендiк декларация) көшiрмесi.

Меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң атынан тiркеу iс-қимылдарын олардың өкiлдерi жүзеге асырған жағдайларда, тiркеу пунктiне осы тармақта белгiленген құжаттардан бөлек меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiру өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.

Егер, мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттiк тiркеуде болған машина ұсынылса, онда тiркеу пунктiне осы тармақта белгiленген құжаттардан бөлек бұрынғы тiркеу құжаты ұсынылады, алайда аталған құжатты ұсынбау мемлекеттiк тiркеудi жүргiзуден бас тартуға негiз болып табылмайды.

Меншiк иелерi болып табылмайтын тұлғаларға машиналарды мемлекеттiк тiркеудi қоса алғанда, тiркеу iс-қимылдарын жүзеге асыру үшiн тiркеу iс-қимылдарының бастамашылары жеке және заңды тұлғаларға белгiленген құжаттардан бөлек тiркеу пунктiне шарттардың (жалдау, қосалқы жалдау, лизинг, сублизинг, кепiлге беру) және машинаны қабылдау-беру актiсiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесiн немесе машинаны иелену құқығын растайтын өзге де құжатты ұсынады. Сондай-ақ тiркеу iс-қимылдарының бастамашылары тиiстi тiркеу iс-қимылын жасауға меншiк иесi (жеке тұлғалар үшiн) немесе заңды тұлғаның бiрiншi орынбасары (заңды тұлғалар үшiн) қол қойған, мөрмен расталған (заңды тұлғалар үшiн) машина иесiнiң жазбаша келiсiмiн ұсынады.

Егер, тiркеу iс-қимылдары жүргiзiлетiн машина ортақ меншiкте болса, тiркеу құжаттарында барлық меншiк иелерi көрсетiледi және құжаттар машинаның барлық иелерiнiң атынан берiледi. Жеке тұлғаларды ортақ меншiктен шығаруға негiз болып нотариалды куәландырылған мәмiле саналады.

Егер, меншiк иелерi 14 жасқа толмаған, кәмелеттiк жасқа жетпеген азаматтар болса, олардың атынан тiркеу iс-қимылдарын ата-аналары (асырап алушылары) немесе туу туралы куәлiктi ұсына отырып, қорғаншылық және қамқоршылық органдары жасайды.

Меншiк иелерi 14-тен 18 жасқа дейiнгi адамдар болған жағдайда, тiркеу iс-қимылдарын ата-аналарының (асырап алушыларының) немесе туу туралы куәлiктi ұсына отырып, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жазбаша келiсiмiмен осы адамдар жасайды.

Жеке және заңды тұлғалардың аукциондардан және сауда биржаларынан сатып алған машиналарын тiркеу тiркеу пункттерiне тиiстi мөрлермен және уәкiлеттi адамдардың қолтаңбаларымен расталған аукционның хаттамасы мен сату-сатып алу шарты ұсынылғаннан кейiн жүргiзiледi.

Машиналарды тiркеген (уақытша тiркеген), қайта тiркеген, тiркеу есебiнен шығарған кезде қажеттi құжаттар тiркеу пунктiне ұсынылады, онда осы стандарттың талаптарына сәйкес келуi тұрғысынан тексеру жүзеге асырылады және кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазбалар енгiзiледi.

Құжаттарды қабылдау аяқталған соң өтiнiш берушiге қажеттi құжаттардың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiш көшiрмесi берiледi;

2) портал арқылы жүгiнген кезде:

осы стандартарының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес электрондық құжат нысанында өтiнiш;

машинаны тiркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшiрмесi.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәлiметтерiн, көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) — қағаз жеткiзгiштегi өтiнiштiң қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, тiркеу туралы қойылған белгi болып табылады;

портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 01.07.2017 № 278 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.

Шағымда:

1) жеке тұлға — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлға — оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Шағымға қызметтi алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почталық байланыс арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық нысанда

көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерiн

ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттар дайындау үшiн жағдайлар жасалады (күтiп-отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), сондай-ақ мүмкiндiктерi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген.

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиiстi көрсетiлген қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында;

2) Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi жоқ.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi жоқ.

16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Жүктеу (DOCX 26 Kb)

Мақаланы құрған күні 26.04.2018 16:19
Мақаланы жаңартқан күні 26.04.2018 16:19
Қаралым саны: 1090
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі