Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 4-1/379
бұйрығымен бекiтiлген

«Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) ««Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап — 11 (он бiр) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) қажеттi құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минуттан артық емес,

Мемлекеттiк корпорацияда — 15 (он бес) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минуттан артық емес,

Мемлекеттiк корпорацияда — 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың банктiк шоттарына тиесiлi бюджеттiк субсидияларды одан әрi аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк корпорация арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша қағаз тасығышта көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешiммен хабарлама жолданады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбi — сенбi аралығында түскi үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелген орны бойынша «электрондық» кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (сенiмхат бойынша өкiлi) өткен жылдың күзiнде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемiнде өндiрiлген жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызуға субсидияларды алу үшiн тиiстi жылдың 15 маусымына дейiнгi мерзiмде көрсетiлетiн қызметтi берушiге және Мемлекеттiк корпорацияға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтiнiм бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (сенiмхат бойынша өкiлi) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiнiң екiншi вегетациясын — аласа бойлы телiтушiлердiң көшеттерiмен және книп-баум көшеттерiмен отырызылғандар үшiн, екiншi-үшiншi вегетациясын — жартылай аласа бойлы телiтушiлердiң көшеттерiмен отырғызылғандар үшiн, екiншi-үшiншi-төртiншi вегетациясын — биiк бойлы телiтушiлердiң көшеттерiмен отырығызылғандар үшiн, екiншiден бастап жетiншi вегетацияны қоса алғанда — алманың «Апорт» сорты бойынша өсiруге (күтiп-баптауға) субсидияларды алу үшiн тиiстi жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде көрсетiлетiн қызметтi берушiге осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтiнiм бередi.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi, көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) Көрсетiлетiн қызметтi алушыға — өтiнiмдi көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезде көшiрмесiнде өтiнiмдi қабылдау күнi мен уақыты, өтiнiмдi қабылдаған лауазымды адамның тегi және аты-жөнi көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi қойылғаны қағаз жеткiзгiштегi өтiнiмнiң қабылданғанын растау болып табылады.

2) Мемлекеттiк корпорацияға — көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетiлетiн қызметтi алушының (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтижесiн бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнсе, Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжатты көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтертер көрсету мәселелерi бойынша, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорация басшысының атына жiберiледi.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюы тиiс.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшiн шағымды қабылдаған адам талон бередi, онда нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, осы шағымға жауапты алу мерзiмi және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректерi көрсетiледi.

Электронды өтiнiмдi портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (шағымның жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелектерi ескерiле отырып қойылатын өзге талаптар

13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзiне-өзi қызмет көрсету, өздiгiнен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабiлетiнен немесе мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айырылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсетудi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi 1414, 8-800-080-7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiне отырып, тұрғылықты жерiне барып жүзеге асырады.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту және қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады).

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның ғимараттары дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналастырылған.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болу шартымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www. minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

Жүктеу (DOCX 38 Kb)

Мақаланы құрған күні 26.04.2018 18:01
Мақаланы жаңартқан күні 26.04.2018 18:03
Қаралым саны: 1147
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі