Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/419 бұйрығымен
бекiтiлген

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының кеңсесi;

2) ""Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорация" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап — 8 (сегiз) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) қажеттi құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минуттан артық емес, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 (он бес) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минуттан артық емес, Мемлекеттiк корпорацияда — 20 (жиырма) минут.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi); 27.01.2017 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi алушының банктiк шотына тиесiлi субсидияларды одан әрi аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк корпорация арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша қағаз тасығышта көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешiммен хабарлама жолданады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбi — сенбi аралығында түскi үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тiркелген орны бойынша "электрондық" кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға мынадай құжаттарды:

1) алып тасталды — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 20.06.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2) нақты сатып алынған бiрегей тұқымдарға субсидиялар алу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған бiрегей тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi;

3) элиталық тұқым өсiру шаруашылығы (бұдан әрi — элиттұқымшар) бiр уақытта бiрегей тұқым өндiрушi (бұдан әрi — оригинатор) болып табылған жағдайда, нақты егiске пайдаланылған өзi өндiрген суперэлиталық тұқымдарға (мақта үшiн — көбейту питомниктерiн қоспағанда, бiрегей тұқымдар) субсидиялар алу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егiске пайдаланылған өзi өндiрген суперэлиталық тұқымдарға (мақта үшiн — көбейту питомниктерiн қоспағанда, бiрегей тұқымдар) субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi;

4) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi;

5) тұқым өсiру шаруашылығы (бұдан әрi — тұқымшар) бiр уақытта элиттұқымшар болып табылған жағдайда, нақты егiске пайдаланылған өзi өндiрген элиталық тұқымдарға субсидиялар алу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егiске пайдаланылған өзi өндiрген элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi;

6) майлы дақылдардың, көпжылдық және бiржылдық шөптердiң, арпаның, күрiштiң, картоптың және мақтаның нақты сатып алынған бiрiншi көбейтiлген тұқымдарына (бұдан әрi — бiрiншi көбейтiлген тұқымдар) субсидиялар алу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған бiрiншi көбейтiлген тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi;

7) жүгерiнiң, қант қызылшасының, рапстың, күнбағыстың және мақтаның нақты сатып алынған бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдарына (бұдан әрi — бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдары) субсидиялар алу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi;

8) нақты сатып алынған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң элиталық көшеттерiне (бұдан әрi — элиталық көшеттер) субсидиялар алу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған элиталық көшеттерге субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi;

9) сатып алынған элиталық тұқымдарға немесе бiрiшi көбейтiлген тұқымдарға және бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдарына тиесiлi субсидиялар алу үшiн (элиттұқымшарға немесе тұқымшарға субсидиялар алу құқығы берiлген жағдайда) осы мемлекеттiк көрсетiлген қызмет стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша элиталық тұқым шаруашылығы немесе тұқым шаруашылығы арқылы берiлген ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң өтiнiмдерi негiзiнде қалыптастырылған жиынтық өтiнiмдi ұсынады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тiркеу туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк корпорацияның және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезде өтiнiмнiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты, құжаттарды қабылдаған лауазымды түлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы қағаз жеткiзгiштегi белгi өтiнiмнiң қабылданғанын растайтын дәлел болып табылады;

2) Мемлекеттiк корпорацияға тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi;

Мемлекеттiк корпорацияда көрсетiлетiн қызметтi алушыға дайын құжаттарды берудi жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiне, өкiлдiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаға) қолхат негiзiнде оның жұмыскерi жүзеге асырады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнсе Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжатттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 27.01.2017 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 20.06.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

9-1. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға арналған негiздер:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiн анықтау;

2) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған деректер мен мәлiметтердiң Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi.";

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оның қызметiне немесе белгiлi бiр мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды қажет ететiн жекелеген қызмет түрлерiне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiмдi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 27.01.2017 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтертер көрсету мәселелерi бойынша, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорация басшысының атына жiберiледi.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюы тиiс.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшiн шағымды қабылдаған адам талон бередi, онда нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, осы шағымға жауапты алу мерзiмi және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректерi көрсетiледi.

Электронды өтiнiмдi портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинеттен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (шағымның жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтердiң ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзiне-өзi қызмет көрсету, өздiгiнен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабiлетiнен немесе мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айырылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсетудi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi 1414, 8-800-080-7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiне отырып, тұрғылықты жерiне барып жүзеге асырады.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту және қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады).

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның ғимараттары дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналастырылған.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болу шартымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкiндiгi бар.

Жүктеу (DOCX 96 Kb)

Мақаланы құрған күні 26.04.2018 18:14
Мақаланы жаңартқан күні 28.06.2018 10:56
Қаралым саны: 1209
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі