Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/423 бұйрығымен
бекiтiлген

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 11 (он бiр) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) қызметтi алушыға қажеттi құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты қызметтi берушiге — 30 (отыз) минуттан артық емес;

Мемлекеттiк корпорацияда — 15 (он бес) минут;

3) қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — қызметтi берушiмен — 15 (он бес) минуттан артық емес;

Мемлекеттiк корпорацияда — 20 (жиырма) минут;

Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.07.2017 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың банктiк шоттарына тиесiлi бюджеттiк субсидияларды одан әрi аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны — электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк корпорация арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша қағаз тасығышта көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешiммен хабарлама жолданады.

Портал арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) қол қойылған, электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешiммен хабарлама жолданады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбi — сенбi аралығында түскi үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тiркелген орны бойынша "электрондық" кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

3) порталдың — тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзумен байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнде жүгiнген жағдайда өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (сенiмхат бойынша өкiлi) мынадай құжаттарды бередi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге не Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндiру шығындарын iшiнара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтiнiм;

нөмiрiн көрсете отырып, банктiк шоттың бар-жоғы туралы екiншi денгейдегi банк не Ұлттық почта операторы анықтамасының көшiрмесi бiр данада.

1 тоннасына субсидиялар алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар өтiнiмге қосымша:

қайта өңдеу кәсiпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнiмiн тапсыру туралы шарттардың;

қайта өңдеу кәсiпорнының жұмсаған шығындарын (өтiнiм беру сәтiне) растайтын төлем құжаттарының бар болуына қатысты мәлiметтердi көрсетедi.

2) порталға жүгiнген кезде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндiру шығындарын iшiнара өтеуге субсидиялар алуға көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтiнiм;

нөмiрiн көрсете отырып, банктiк шоттың бар-жоғы туралы екiншi денгейдегi банк не Ұлттық почта операторы анықтамасының электрондық көшiрмесi бiр данада.

Құжаттарды қабылдау кезiнде Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi олардың көшiрмелерiн тұпнұсқаларымен салыстырып тексередi, содан соң тұпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады. Мемлекеттiк корпорацияның және көрсетiлетiн қызметтi алушының жұмыскерi көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның тiркелгенi туралы мәлiметтердi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде өтiнiмнiң қабылданғанын мыналар растайды:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге — қағаз жеткiзгiштегi өтiнiмнiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi қойылуы болып табылады.

2) Мемлекеттiк корпорацияға — көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi;

3) порталға — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда көрсетiлетiн қызметтi алушыға дайын құжаттарды берудi оның жұмыскерi жеке басты куәландыратын құжат ұсынылған кезде (не оның өкiлiне — нотариалды расталған сенiмхат бойынша, заңдық тұлғаға — өкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша) қолхат негiзiнде жүзеге асырады.

Мемлекеттiк корпорация нәтижесiн бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнсе, Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

Портал арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жолданады.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.07.2017 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мынадай негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi ұсынылған деректер мен мәлiметтердiң Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11094 болып тiркелген) бекiтiлген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты белгiлi бiр мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды талап ететiн қызметке немесе жекелеген қызмет түрлерiне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiмдi қабылдаудан бас тартады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi өтiнiмдi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.07.2017 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтертер көрсету мәселелерi бойынша, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорация басшысының атына жiберiледi.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюы тиiс.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Мемлекеттiк корпорацияның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшiн шағымды қабылдаған адам талон бередi, онда нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, осы шағымға жауапты алу мерзiмi және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректерi көрсетiледi.

Электронды өтiнiмдi портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинеттен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (шағымның жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзiне-өзi қызмет көрсету, өздiгiнен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабiлетiнен немесе мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айырылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсетудi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi 1414, 8-800-080-7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiне отырып, тұрғылықты жерiне барып жүзеге асырады.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту және қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады).

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның ғимараттары дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналастырылған.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болу шартымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкiндiгi бар.

Жүктеу (DOCX 31 Kb)

Мақаланы құрған күні 26.04.2018 17:50
Мақаланы жаңартқан күні 28.06.2018 10:25
Қаралым саны: 1228
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі