Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 3-2/378 бұйрығына
3-қосымша

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 06.11.2015 № 3-2/980 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiш қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының кеңсесi (бұдан әрi — кеңсе);

3) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Кеңсеге, Мемлекеттiк корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) тиiстi айда квота мен қаражат болған жағдайда, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға құжаттар тапсырған сәттен бастап — 17 (он жетi) жұмыс күнi, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыру бойынша — 16 (он алты) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының кеңсеге құжаттар тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 (он бес) минут;

3) кеңседе көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 (он бес) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi қарастыру нәтижелерi туралы хабарлама не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша бас тарту туралы дәлелдi жауабы.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

Портал арқылы жүгiнген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама жолданады.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) кеңседе — 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң (бұдан әрi — Кодекс) 84-бабына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi-жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiм қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияда — Кодекстiң 84-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi-сенбi аралығында белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының мүлкi объектiсiнiң тiркелген орны бойынша "электрондық" кезек тәртiбiмен, жеделдетiп қызмет көрсетусiз көрсетiледi. Электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады;

3) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Кодекстiң 84-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштi қабылдау және нәтиженi беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз); өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) кеңсеге — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтiнiм;

2) Мемлекеттiк корпорацияға:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтiнiм;

жеке куәлiк (жеке басын сәйкестендiру үшiн);

3) порталға — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным.

Кеңсе және Мемлекеттiк корпорация:

өтiнiм беру үшiн негiздер пайда болған сәттен бастап 12 (он екi) айдан

аспайтын уақыт өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, оның iшiнде:

iрi қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен, сондай-ақ бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзуге кеткен шығындарды арзандатуға;

отандық және шетелдiк шаруашылықтардан iрi қара малдың, қойлардың, ешкiлердiң, жылқылардың, шошқалардың, түйелердiң, маралдардың (бұғылардың) асыл тұқымды төлiн сатып алуға кеткен шығындарды арзандатуға;

отандық және шетелдiк шаруашылықтардан ет және жұмыртқа бағытындағы құстардың ата-енелiк/ата-тектiк нысандағы асыл тұқымды тәулiктiк балапанын сатып алуға кеткен шығындарды арзандатуға;

жеке және заңды тұлғалардың табынның өсiмiн молайту үшiн пайдаланылатын еттi, сүттi және сүттi-еттi тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтiп-бағуға кеткен шығындарын арзандатуға;

мыналардың:

дистрибьютерлiк орталықтардың (бұдан әрi — дистрибьютерлiк орталық) асыл тұқымды жануарлардың ұрықтарын өткiзу бойынша;

асыл тұқымдық орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда iрi қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөнiндегi қызметтердi көрсетуге арналған шығындарын 100 (жүз) пайызға дейiн өтеуге;

дистрибьютерлiк орталықтар мен асыл тұқымдық орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау және қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықты сатып алуға кеткен шығындарын 50 (елу) пайызға дейiн өтеуге субсидиялар алуға арналған;

өтiнiм беру үшiн негiздер пайда болған сәттен бастап үш айдан аспайтын уақыт өткен, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға, оның iшiнде:

бұқашықтарды бордақылау, қозы етiн, шошқа етiн, жылқы етiн, түйе етiн, құс (бройлер, күрке тауық, суда жүзетiн құс) етiн, тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы), сүт (сиыр, бие, түйе, ешкi сүтi), биязы және жартылай биязы жүн өндiру құнын арзандатуға;

құрамажем зауыттары өндiрген және ауыл шаруашылығы кооперативтерiне өткiзiлген құрамажем құнын арзандатуға;

ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнын 50 (елу) пайызға дейiн арзандатуға субсидиялар алуға арналған өтiнiмдердi қабылдайды.

Көрсетiлген қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тiркеу туралы, дара кәсiпкердi тiркеу туралы не дара кәсiпкер ретiнде қызметтiң басталуы туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк корпорацияның және кеңсенiң жұмыскерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Кеңсе және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде өтiнiшiнiң қабылдағанын мыналар растайды:

1) кеңсеге — оның қағаз жеткiзгiштегi өтiнiшiнiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi қойылуы болып табылады;

2) Мемлекеттiк корпорацияға — көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi;

3) порталға — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрiнiс табады.

Мемлекеттiк корпорацияда көрсетiлетiн қызметтi алушыға дайын құжаттарды берудi оның жұмыскерi жеке басты куәландыратын құжат көрсетiлген кезде (не оның өкiлiне нотариалды сенiмхаты бойынша, заңды тұлға өкiлiне өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша) қолхат негiзiнде жүзеге асырады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оны одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжатты көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

Портал арқылы жүгiнген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлетiн (егер, қағаз жеткiзгiште беру жүзеге асырылатын болса, алатын орынды көрсету қажет) хабарлама жiберiледi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3 қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

10-1. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға арналған негiз көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасы Премьер –Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14813 болып тiркелген) бекiтiлген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 6-тармақтың 1) тармақшасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi болып табылады.

Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ кеңсенiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, кеңсенiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, кеңсенiң басшысының атына берiледi.

Шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жұмыс күндерi почтамен жазбаша нысанда не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы, кеңсеге қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк корпорация жұмыскерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорация басшысының атына жiберiледi.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның шағымында — оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюы тиiс.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның Мемлекеттiк корпорацияға, кеңсеге, көрсетiлетiн қызметтi берушiге қабылданғанын растау болып табылады.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, кеңсенiң, Мемлекеттiк корпорация жұмыскерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары бойынша алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшiн шағымды қабылдаған адам талон бередi, онда нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, шағымға жауап алу мерзiмi мен орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректерi көрсетiледi.

Электрондық өтiнiмдi портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiштi өңдеуi (шағымның жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, кеңсенiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почтамен жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде, кеңседе немесе Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзiне-өзi қызмет көрсету, өздiгiнен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабiлетiнен немесе мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айырылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсетудi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi 1414, 8-800-080-7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiне отырып, тұрғылықты жерiне барып жүзеге асырады.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту және қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

Кеңсенiң және Мемлекеттiк корпорацияның ғимараттары дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.mgov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында;

3) Мемлекеттiк корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында;

4) egov.kz порталында орналастырылған.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.03.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушыда ЭЦҚ болуы шартымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Жүктеу (DOCX 101 Kb)

Мақаланы құрған күні 26.04.2018 18:19
Мақаланы жаңартқан күні 28.06.2018 11:00
Қаралым саны: 1092
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі