Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/421 бұйрығына
5-қосымша

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе порталға жүгiнген кезде — 15 (он бес) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi — инженер-инспектордың қолымен және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөртабанымен куәландырылған тiркеу құжатында (техникалық паспортта) "Ақаусыз" не "Ақаулы" деген жазба;

Порталда — инженер-инспектордың машинаны техникалық байқаудан өткiзу күнiн, орны мен уақытын көрсете отырып, жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзуге дайын екендiгi туралы хабарлама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

машиналарды техникалық байқаудан өткiзуге асыру үшiн заңды және жеке тұлғалар мынадай құжаттар ұсынады:

жеке тұлға (не оның оның сенiмхат бойынша өкiлi):

осы стандартың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;

машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);

заңды тұлға (не оның оның сенiмхат бойынша өкiлi):

осы стандартын 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;

машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);

осы стандартын 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру актiсiне енгiзу үшiн машиналар туралы мәлiметтер;

2) портал арқылы жүгiнген кезде:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтiнiш;

машинаны тiркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшiрмесi.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәлiметтерiн, көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге — қағаз жеткiзгiштегi өтiнiштiң қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылданған күнi мен уақыты көрсетiле отырып, тiркеу туралы белгi қойылғаны болып табылады;

портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

9-1. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

Ескерту. Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.01.2017 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9-2. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) шын еместiгi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тартады.

Ескерту. Стандарт 9-2-тармақпен толықтырылды — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 10.01.2017 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Шағымда:

жеке тұлға — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы;

заңды тұлға — оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Шағымға қызметтi алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнен кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Электронды өтiнiштi портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық

нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле

отырып қойылатын өзге талаптар

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар мен оларды толтыру үлгiлерiнiң тiзбесi бар стендтермен жабдықталады), сондай-ақ мүмкiндiктерi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қызмет көрсетiлуi үшiн пандустар көзделген.

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында;

2) Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электронды нысанда түрде алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетiлген.

Жүктеу (DOCX 23 Kb)

Мақаланы құрған күні 26.04.2018 16:58
Мақаланы жаңартқан күні 28.06.2018 11:09
Қаралым саны: 1178
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі