Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/421 бұйрығына
6-қосымша

"Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендiгi туралы ақпарат беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендiгi туралы ақпарат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1) ""Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорация" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәтен бастап — 1 (бiр) жұмыс кұнi, сондай-ақ портал арқылы жүгiнген кезде — 30 (отыз) минут;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрме.

7. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияның — еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — сенбi аралығында белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн;

құжаттарды қабылдау "электрондық" кезек тәртiбiмен, көрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша, жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады;

2) жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның өкiлi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат, ал өкiлi — оның өкiлетiн растайтын құжат және жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

2) порталға жүгiнген кезде:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi, көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде:

1) Мемлекеттiк корпорацияға — көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi;

2) порталға — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетiлетiн қызметтi алушының (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтижесiн бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнсе, Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжатты көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

Портал арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесi көрсетiледi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтертер көрсету мәселелерi бойынша, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорация басшысының атына жiберiледi.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюы тиiс.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшiн шағымды қабылдаған адам талон бередi, онда нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, осы шағымға жауапты алу мерзiмi және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректерi көрсетiледi.

Электронды өтiнiмдi портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинеттен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (шағымның жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорацияда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге талаптар

13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзiне-өзi қызмет көрсету, өздiгiнен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабiлетiнен немесе мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айырылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсетудi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi 1414, 8-800-080-7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiне отырып, тұрғылықты жерiне барып жүзеге асырады.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту және қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады).

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның ғимараттары дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналастырылған.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болу шартымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкiндiгi бар. 

Жүктеу (DOCX 25 Kb)

Мақаланы құрған күні 26.04.2018 17:07
Мақаланы жаңартқан күні 26.04.2018 17:07
Қаралым саны: 798
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі