Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/421 бұйрығына
4-қосымша

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi..

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 2 (екi) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда және кепiл туралы шарттың немесе кепiл талаптары бар өзге шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 307-бабының талаптарына сәйкес келмеуi көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiштi әрi қарай қараудан жазбаша бас тартады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi (телнұсқасын) беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрi — ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн қағаз жеткiзгiште алуға жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық нысанда ресiмделедi, басып шығарылады және мөрмен және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қолымен куәландырылады.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызметтi алушыға ақылы негiзде көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен бюджетке тiркеу алымын төлейдi.

Тiркеу алымының мөлшерi:

1) жеке тұлғалардан — 1 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi — АЕК);

2) заңды тұлғалардан — 5 АЕК;

3) кепiлдiң тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшiн — 0,5 АЕК құрайды.

Тiркеу алымын төлеу екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есептесумен жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы төлем жүргiзу "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның өкiлi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

машиналардың кепiлiн тiркеу, кепiлдi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң телнұқасын алу, өзгерiстердi, толықтыруларды (оның iшiнде меншiк құқығының басқа адамға өтуi, талап ету құқығын беру, кейiнгi кепiл (қайта кепiл) тiркеу және тiркелген кепiлдiң қүйiн тоқтату үшiн өтiнiш берушi тiркейтiн органға мынадай құжаттарды ұсынады:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат, ал өкiлi — оның өкiлеттiгiн растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық көдексi) белгiленген тәртiппен бюджетке растайтын құжат;

кепiлдi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу жағдайын қоспағанда, кепiл туралы шарттың немесе кепiл талаптары бар өзге шарттың түпнұсқасын (салыстырып тексеру) және көшiрмесiн, не өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шарт (оның iшiнде меншiк құқығының басқа адамға өтуi, талап ету құқығын беру, кейiнгi кепiл (қайта кепiл);

барлық меншiк иелерiнiң (егер машина ортақ меншiкте болған жағдайда) кепiлге қоюға келiсетiндiгi туралы құжат;

кепiл ұстаушының жазбаша өтiнiш немесе негiзгi мiндеттеменi орындауды растайтын құжат (кепiл шартының күшiн тоқтауды тiркеу жағдайында). Аталған мүлiктiң басқа кепiл ұстаушылары болған кезде жазбалардың күшiн жою оларды хабардар ету туралы құжатты ұсыну бойынша жүргiзiледi;

2) порталға жүгiнген кезде:

машиналардың кепiлiн тiркеу, кепiлдi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң телнұқасын алу, өзгерiстердi, толықтыруларды (оның iшiнде меншiк құқығының басқа адамға өтуi, талап ету құқығын беру, кейiнгi кепiл (қайта кепiл) тiркеу және тiркелген кепiлдiң қүйiн тоқтату үшiн өтiнiш берушi тiркейтiн органға мынадай құжаттарды ұсынады:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтiнiш;

өкiл жүгiнген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

кепiл туралы шарттың немесе кепiл талаптарын қамтитын шарттың электрондық көшiрмесi;

барлық меншiк иелерiнiң (егер машина ортақ меншiкте болған жағдайда) кепiлге қоюға келiсетiндiгi туралы құжаттың электрондық көшiрмесi;

Жеке басын куәландыратын, бюджетке төленгендiгi туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжаттардың мәлiметтерiн, көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) — қағаз жеткiзгiштегi өтiнiштiң қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, тiркеу туралы қойылған белгi болып табылады;

портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша

көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың

лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне

(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.

Шағымда:

жеке тұлға — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы;

заңды тұлға — оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Шағымға қызметтi алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнен кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық

нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле

отырып қойылатын өзге талаптар

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар мен оларды толтыру үлгiлерiнiң тiзбесi бар стендтермен жабдықталады), сондай-ақ мүмкiндiктерi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қызмет көрсетiлуi үшiн пандустар көзделген.

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында;

2) Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электронды нысанда түрде алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетiлген.

Жүктеу (DOCX 25 Kb)

Мақаланы құрған күні 26.04.2018 16:34
Мақаланы жаңартқан күні 26.04.2018 16:34
Қаралым саны: 1026
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі