A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдары

Мемлекеттiк қызметшiлердiң сырт келбетi олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекеттiк аппараттың беделiн нығайтуға ықпал етуге, iскерлiкпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетiн жалпы қабылданған iскерлiк талаптарына сай болуы тиiс.

Мемлекеттiк қызметтiң өзiндiк ерекшелiгi мемлекеттiк қызметшiлердiң сыртқы келбетiне ерекше талап қояды. Iскерлiк адамның сыртқы келбетi — жетiстiкке жеткiзудiң бiрiншi қадамы, қоғам үшiн мемлекеттiк қызметшiнiң сырт келбетi, сыпайылықтың дәрежесiн куәландыратын «код» болып саналады.

Iскерлiк стиль — кертартпалық, қатаңдық және ұстамдылықпен ерекшеленедi. Бұл тiгiндi таңдауға — түстерге, пiшiмге, сол сияқты аксесуарларға да қатысты. Барлығы айқын және анықталған болуы тиiс — формасы, сызығы және силуэт. Киiм қызметкердiң iскерлiк сапасынан назарды бұрмауы қажет.

Iскерлiк стильдiң басты қағидалары:

-минималдылық;

-бөлiнбеушiлiк шеберлiгi;

- iскерлiк ахуалдың кез келген жерiнде үйлесiмдi көрiне бiлуi — жұмыс уақытында офисте, конференц-залдағы байсалды келiссөздерде және т.б.

Киiмге қойылатын негiзгi талаптар — ұқыптылық, мұнтаздылық, жайлылық және сыртқы бейнеге шамданудың болмауы. Киiмдер көлем бойынша ерекшеленуi мүмкiн, яғни iс-қимылға кедергi жасамауы тиiс, сондай-ақ байсалды көрiнуi қажет. Жыл мезгiлдерiне байланысты киiмдер байсалдылық пен сырбаздық талаптарын сақтай отырып түсi мен тiгiнi әр түрлi болуы мүмкiн.

Киiмдердiң түстерi классикалық стилге сәйкес келуi тиiс, тым ашық шұбар түстiлер қолдануға болмайды. Костюм мен көйлекке сәйкес келетiн түстер — ашық немесе қоңыр түстер. Киiмге үш негiзгi түстен көп түстiлердi бiрдей қолдану ұсынылмайды.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң киiмiнде жұлынған немесе жартылай жұлынған түймелердiң болуына, қыртысталған костюм, ескiрген жейде, дұрыс тағылмаған галстук, тазаланбаған аяқ киiм, спорттық немесе пляждық стилдегi киiм және аяқ киiмдер, шолақ шалбарлар, ашық сарафандар, теннискалар, спорттық жемпiрлер, кроссовкаларды киюге жол берiлмейдi.

Қысқы мезгiлдерде ауыстырмалы аяқ киiмдердi қолдану ұсынылады.

Мемлекеттiк қызметшiнiң аяқ киiмi барлық уақытта да таза жүретiн классикалық стильдегi туфли (әшекейсiз) болғаны дұрыс.

Iскерлiк стиль шалбар мен пиджактан тұратын немесе белдемше мен пиджактан тұратын костюмды, пиджак, жилетка, шалбар немесе белдемшеден тұратын тройка костюмды шамалайды.

Классикалық гардеробтың сұрыптамасы әр түрлi. Әйелдiң киiмiне пальто, көйлек, жакет, кардиган, жилет, белдемше мен шалбар, сондай-ақ нымшалар жатады. Ерлер киiмiнiң ассортиментiне көйлек, классикалық стильдегi шалбар, пиджак, жилет, костюм және т.б. жатады. Осы заттардың барлығының үйлесiмдiлiгi жан-жақты, алайда, классикалық стильге апару үшiн әр затқа ерекше талаптар қойылады.

Мемлекеттiк қызметшiлерге — әйелдерге iш кимiдерi көрiнетiн ашық нымшалар, кең ойылған көйлек, қысқа белдемшелер, дене пiшiнiн тартып тұратын шалбарлар кию ұсынылмайды.

Iскерлiк классикалық үлгiдегi киiмдерге қарапайым және шынайылыққа жақын макияждар сәйкес келедi, ол назар салмауы және көзге түспеуi тиiс. Ерiндiк далаптан шынайылыққа жақын түстерi сәйкес келедi және тым ашық түстiлерге жол берiлмейдi. Iскерлiк стильдегi маникюрлерге кез келген түстер сәйкес келедi, ең бастысы түрi тым ашық немесе көзге түсетiндей болмауы тиiс, шаш түстерi табиғи түске жақын болуы тиiс.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң iскерлiк киiмдерi барынша аз аксесуарларды қалайды және киiмнiң қатаңдатылған, ұқыпталған және барынша азайтылған әрлеуден тұрады.

Сонымен қатар, аталған талаптар ұсыным ретiнде жасалған және соңғы шешiмдi мемлекеттiк қызметшiнiң өзi Әдеп кодексiнiң талаптарына сай қабылдауы тиiс.

Дата создания статьи: 14.02.2018 12:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2018 12:13
Қаралым саны: 957

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар