A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының регламенті

Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 18 маусымдағы
№ а-6/182 қаулысы
«Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң
Регламентiн бекiту туралы»
Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 5 ақпандағы
№а-2/25 қаулысына өзгерiс
енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Егiндiкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң Регламентiн бекiту туралы» Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы №а-2/25 қаулысына келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

қоса берiлiп отырған Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң регламентi жаңа редакцияда бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiнен енедi және қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi Б. Сұлтанов

Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң

2012 жылғы 18 маусымдағы

№ а-6/182 қаулысына

қосымша

Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң

2008 жылғы 5 ақпандағы

№ а-2/25 қаулысымен бекiтiлдi

Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң

РЕГЛАМЕНТI

1. Жалпы ережелер

1. Егiндiкөл ауданының әкiмдiгi (бұдан әрi — әкiмдiк) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлесiмде атқарушы билiктiң жалпымемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.

2. Егiндiкөл ауданының әкiмi (бұдан әрi — әкiм) әкiмдiк құрамын әкiмнiң орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.

Әкiмдiк мүшелерiнiң саны, әкiмдiктiң жеке құрамы әкiммен белгiленедi. Әкiмдiктiң жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.

3. Әкiмдiктiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен және осы Регламентпен реттеледi.

4. Әкiмдiк пен әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық тұрғысынан қамтамасыз ету Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппаратымен (бұдан әрi — аппарат) жүзеге асырылады.

5. Құпия және құпия емес iсжүргiзудi, әкiмдiк пен әкiмге жолданған хат-хабарларды, сондай-ақ байланыстың түрлi арналары бойынша келiп түскен хабарландыруларды қабылдап алуды, өңдеудi және таратуды ұйымдастыру және жүргiзу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте аппаратпен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк органдарға шығыс хат-хабарлар (сонымен қатар, электрондық құжат форматында) елтаңбалы бланкiде мемлекеттiк тiлде (қажет болған жағдайда, орыс тiлiндегi нұсқасы қоса ұсынылады) ресiмделедi.

6. Осы Регламенттiң сақталуына жауапкершiлiк әкiмнiң орынбасарларына, аппарат басшысына, бөлiмдердiң бастықтарына жүктеледi.

7. Әкiмдiктiң және әкiмнiң мүдделерiн соттарда, құқық қорғау органдарында және әкiмнiң, оның орынбасарларының немесе аппарат басшысының тапсырмасы бойынша өзге де ұйымдарда жақтау мен қорғау, талқылау мәнi болып табылатын мәселелер құзыреттiлiгiне кiретiн мемлекеттiк органмен жүзеге асырылады. Аппараттың мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмi тиiстi мемлекеттiк органға құқықтық және консультативтiк көмек көрсетедi.

8. Әкiмдiктiң немесе әкiмнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне ресми түсiнiктеме беру әкiмнiң тапсырмасы бойынша аппараттың мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмiмен жүзеге асырылады.

9. Әкiм немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға мемлекеттiк органдардың басшыларына, ауыл және ауылдық округтердiң әкiмдерiне, Егiндiкөл ауданының барлық мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының лауазымды тұлғаларына олармен алдын-ала келiсусiз олардың уәкiлеттiлiгiне жататын мәселелер бойынша орындау үшiн мiндеттi болатын тапсырмаларды бере алады.

10. Аудандық атқарушы органдар және олардың ведомстволық бағынышты ұйымдары оларға келiп түсетiн хаттарды, өтiнiштердi және өзге де құжаттарды қарайды және өзiнiң ережелерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес өз құзыреттiлiгiне жататын барлық мәселелер бойынша шешiмдi дербес қабылдайды.

Аудандық атқарушы органдардың құзыреттiлiгiне жататын мәселелер бойынша әкiмдiктiң және әкiмнiң актiлерi қабылданбайды.

11. Аудандық атқарушы органдардың ведомстволық бағынышты ұйымдары (АҚ, ЖШС, ММ, МКК) әкiмдiктiң және әкiмнiң атына тиiстi мемлекеттiк басқару органының басшысымен келiсiмнiң (ведомстволық бағынышты ұйымның хатында бұрыштаманың) болуына қарай, сондай-ақ олардың атына әкiмнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының тiкелей тапсырмасына жауап беру кезiнде дербес өтiнiш бiлдiре алады.

2. Аудан әкiмдiгiнiң мәжiлiстерi

2.1. Әкiмдiк мәжiлiстерiн жоспарлау

12. Әкiмдiк мәжiлiсiнде қаралатын мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген құзыреттiлiгiне сәйкес белгiленедi.

13. Аппараттың ұйымдастыру-кадрлық бөлiмi аудан әкiмдiгiнiң мәжiлiстерiнде тоқсан сайын қаралатын мәселелер тiзбесiн қадағалайтын әкiмнiң орынбасарының келiсуiмен, аудандық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттiк органдар басшыларының жоспарланатын тоқсанның алдындағы айдың 15-сiнен кешiктермей аппараттың ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлiмiне тапсырылған ұсыныстарының негiзiнде құрастырады.

Әкiмдiк мәжiлiсiнде қаралатын мәселелердiң тiзбесi аудан әкiмiнiң өкiмiмен тоқсан басталардан 10 күнтiзбелiк күн бұрын бекiтiледi.

Жоспарланған мәселелердiң бекiтiлген тiзбесi аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiмен әкiмдiк мүшелерiне, аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл және ауылдық округтердiң әкiмдерiне, бөлiм бастықтарына, қажеттiлiгiне қарай өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшыларына таратылады.

14. Әкiмдiктiң мәжiлiсiнде қарау үшiн жоспарланған, әкiмнiң өкiмiмен бекiтiлген тiзбеден мәселенi алып тастау, жоспарланған мәселенi басқа уақытқа ауыстыру, мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттiк органның басшысымен әкiмнiң атына жазбаша өтiнiштi қоса ұсыну арқылы мәжiлiстi өткiзу күнiне дейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей тиiстi өкiмге өзгерiс енгiзу жолымен жүзеге асырылады.

Осы тармақпен белгiленген тәртiп кезектен тыс тәртiппен өткiзiлетiн әкiмдiк мәжiлiсiне таралмайды.

15. Әкiмдiк мәжiлiсiне қарауға қосымша мәселелер енгiзу, тоқсандық тiзбенi бекiтетiн өкiмге толықтырлар енгiзу арқылы жүзеге асырылады. Мәселенiң қаралуына мүдделi мемлекеттiк орган әкiмдiк мәжiлiсi өткiзiлетiн күннен 10 күнтiзбелiк күн бұрын өкiмнiң жобасын ұсынады.

16. Әкiмдiктiң кезектен тыс мәжiлiсi аудан әкiмiнiң бастамасымен шақырылады.

2.2. Әкiмдiк мәжiлiстерiн дайындаудың және өткiзудiң тәртiбi

17. Әкiмдiк мәжiлiсi әкiмдiк мәжiлiсiнде қаралатын мәселелердiң тоқсандық тiзбесiне сәйкес айына бiр реттен кем өткiзiлмейдi немесе қажет болған жағдайда аудан әкiмiнiң шақыруымен өткiзiледi.

18. Әкiмдiктiң мәжiлiстерiнде әкiм, ол болмаған кезде оның мiндетiн атқарушы тұлға төрағалық етедi.

Әкiмдiк мәжiлiсi ашық болады, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде өткiзiледi. Әкiм немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның бастамасымен әкiмдiк мәжiлiсi жабық түрде өткiзiлуi мүмкiн.

19. Әкiмдiк мәжiлiсi оған әкiмдiк мүшелерiнiң үштен екiсi қатысса заңды деп саналады. Әкiмдiк мүшелерi мәжiлiстерге ауыстыру құқығынсыз қатысады.

Әкiмдiк мәжiлiсiнде қаралған мәселелердiң нәтижесi бойынша қаулы қабылданады.

Әкiмдiк қаулысының жобалары бойынша ұжымдық ашық пiкiр бiлдiрiлуiне байланысты, әкiмдiк мүшелерiнiң дауыс беруi жүргiзiледi.

Қаулы әкiмдiк мәжiлiсiне қатысып отырған мүшелерiнiң көп дауыс беруiмен қабылданады.

Қажет болған жағдайда, әкiмдiктiң қаулысы сұрау салу тәртiбiмен де қабылданады.

20. Әкiмдiк, аумақтық атқарушы және уәкiлеттi органдармен бiрлескен құзыреттiлiкке жататын мәселелердi шешу қажеттiлiгiнде бiрлескен қаулылар және шешiмдер (бұйрықтар) түрiндегi шешiмдi белгiленген тәртiп бойынша қабылдайды.

21. Әкiмдiктiң мәжiлiстерiне әкiмдiктiң мүшелерi, аудандық мәслихаттың хатшысы қатысады.

Әкiмдiк мәжiлiсiне Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Үкiметтiң лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының және Мәжiлiсiнiң, аудандық мәслихаттардың депутаттары, ауыл және ауылдық округтердiң әкiмдерi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының (құрылған жағдайда), құқық қорғау және сот органдарының, аудандық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшылары, аппараттың қызметкерлерi және әкiммен келiсiлген тiзiм бойынша аппараттың шақыруы бойынша басқа да тұлғалар қатыса алады.

Әкiмдiктiң мәжiлiсiне қатысу үшiн шақырылғандар тiзiмi бойынша ұсыныс, талқыланатын мәселеге қарай мәжiлiс өткiзiлетiн күнге дейiн 5 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттiк органмен енгiзiледi.

Әкiмдiк мәжiлiсi қатысушыларының тiзiмiне әкiммен келiсу арқылы аппарат басшысы қол қояды. Шақырылғандардың әкiмдiктiң мәжiлiсiне қатысуын аппараттың тиiстi салалық бөлiмi қамтамасыз етедi.

Әкiмдiк мәжiлiсiне қатысу үшiн шақырылған тұлғаларды аппараттың ұйымдастыру-кадрлық бөлiмi тiркейдi.

Жабық мәжiлiстер өткiзу мен құпия мәселелердi талқылау құпиялық режимдi сақтау және мәжiлiске қолжетiмдiлiктi шектеу арқылы өткiзiледi.

22. Кезектi әкiмдiк мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн ұйымдастыру- кадрлық бөлiмi дайындайды және аппарат басшысы мәжiлiстен 10 күнтiзбелiк күн бұрын оған қол қояды. Мәжiлiсте қаралатын мәселелердi дайындауға жауапты мемлекеттiк органдарға күн тәртiбi қол қойылатын күнi жiберiледi.

23. Әкiмдiктiң мәжiлiсiнде қаралуға мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалған материалдар аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiне мәжiлiс өткiзiлетiн күнге дейiн 5 күнтiзбелiк күн бұрын ұсынылады және онда қамтылуы тиiс:

талқылауға қатысушылардың тiзiмi;

әкiмдiк мәжiлiсiне шақырылғандардың тiзiмi;

әкiм сөз сөйлеуiнiң тезистерi;

әкiмдiк қаулысының жобасы;

анықтама (5 парақтан көп емес көлемде);

салыстыру кестесi, слайдтар, әкiмдiктiң мәжiлiсiнде қаралатын мәселелер бойынша ақпараттық (талдау) және өзге де материалдар.

Әкiмдiктiң мәжiлiсiне енгiзiлетiн анықтамалар, қаулының жобасы, сондай-ақ шақырылғандардың және талқылауға қатысушылардың тiзiмi мәселенi енгiзетiн тиiстi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысымен, аудан әкiмiнiң қадағалайтын орынбасарымен бұрыштама қойылады және олардың қолдары олардың ресми көзқарасын растайды.

24. Аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi әкiмдiктiң мәжiлiсiне дейiн 3 жұмыс күнi қалғанда әкiмдiктiң мүшелерiне күн тәртiбiн тиiстi материалдармен (қаулылар жобаларының көшiрмелерiн, анықтамаларды, сондай-ақ аудан әкiмiнiң тиiстi орынбасарының немесе аппарат басшысының тапсырмалары бойынша өзге де материалдардың көшiрмелерiн) бiрге ұсынады.

Мемлекеттiк тiлде дайындалған слайдтар құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiне грамматикалық және орфографиялық сараптама жасау үшiн ұсынылады.

Әкiмдiк мәжiлiстерiнiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiлуiн қамтамасыз ету мақсатында, баяндамамен сөз сөйлеушiлер және талқылауға қатысушылар құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiне сөз сөйлеу мәтiндерiн iлеспе аударма жүргiзу үшiн 2 тiлде ұсынады.

25. Әкiмдiк мәжiлiсiне материалдар кеш, сондай-ақ сапасыз дайындалған немесе толық дайындалмай ұсынылған жағдайда, мәселенi қараудан алып тастау немесе кейiнге қалдыру туралы шешiмдi әкiм немесе онымен келiсе отырып аппарат басшысы қабылдайды.

Әкiмдiктiң мәжiлiсiне материалдарды кеш, сапасыз және толық ұсынылмағаны үшiн жауапкершiлiк мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.

26. Әкiмдiк мәжiлiсi әкiмi немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша шұғыл түрде өткiзiлетiн болса, онда материалдар аппаратқа өткiзiлетiн күнi тапсырылып, әкiмдiк мәжiлiсiнiң қатысушыларына мәжiлiстi өткiзу кезiнде жеткiзiлуi мүмкiн.

27. Әкiмдiк мәжiлiсiнде қаралатын құпия материалдар аппаратқа Қазақстан Республикасында құпиялық режимiн қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес енгiзiледi.

28. Әкiмдiк мәжiлiсiнiң хаттамасын жүргiзу мақсатында, аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң қызметкерлерi әкiмдiк мәжiлiсiнде хаттамалық жазбалар жүргiзедi, оларда талқыланған мәселелердiң атаулары, баяндамашылар мен талқылау кезiнде сөйлеушiлер, сөйленген сөздердiң негiзгi мазмұны, ескертулер мен ұсыныстар жазылады.

Әкiмдiк мәжiлiсiне қатысушылар өздерiне немесе оның атынан келiп отырған органға (ұйымға) қатысты берiлген тапсырмалар мен олардың орындалу мерзiмдерiн жазып отырулары қажет.

Әдетте, әкiмдiк мәжiлiсiнiң дыбыс жазбасы жүргiзiледi, қажет болған жағдайда фонограммалардың түсiнiктемесi және басып шығарылуы жүзеге асырылады.

29. Әкiмдiк мәжiлiсi өткеннен кейiн мәселенi енгiзген мемлекеттiк орган әкiмдiк мүшелерiнiң ұсыныстары мен ескертулерiн ескере отырып, қаралған мәселе бойынша қаулының жобасын пысықтайды және белгiленген тәртiп бойынша әкiмдiк мәжiлiсi өткiзiлген күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей әкiмнiң қол қоюына ұсынады.

30. Әкiмдiк мәжiлiсiнiң хаттамасы елтаңбалы бланкiге мемлекеттiк тiлде ресiмделедi, орыс тiлiндегi нұсқасы қоса берiледi. Хаттаманың екi нұсқасына орындаушылар, аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бастығы, аппарат басшысы қол қояды да, қаралатын мәселелерi жөнiндегi әкiмдiк қаулыларының жобаларымен бiрге әкiмдiк мәжiлiсi өткiзiлген күннен бастап бес күндiк мерзiм iшiнде әкiмге қол қоюға енгiзедi.

Әкiмдiк мәжiлiсiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға реттiк нөмiрлерi берiледi.

Әкiмдiк мәжiлiсiнiң хаттамалары (түпнұсқалары) және оның құжаттары аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнде 2 жыл сақталады да, кейiн аппараттың ведомстволық мұрағатына тапсырылады.

Ведомстволық мұрағаттағы сақталу мерзiмi аяқталысымен хаттамалар мен олардың құжаттары мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылады.

3. Әкiмдiк қаулыларының, аудан әкiмi шешiмдерiнiң және өкiмдерiнiң жобаларын дайындау мен ресiмдеу тәртiбi

31. Мемлекеттiк органдармен әкiмдiк қаулыларының, әкiм шешiмдерiнiң, өкiмдерiнiң жобаларын дайындау (бұдан әрi мәтiн бойынша — әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерi) Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңнамалық актiлердiң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн жүзеге асырылады.

32. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобалары мемлекеттiк органмен өзiнiң бастамасы бойынша, әкiмнiң немесе жоғары тұрған облыстық мемлекеттiк органдардың тапсырмалары бойынша әзiрленедi.

Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобалары аппаратпен әкiмнiң тапсырмасы бойынша әзiрленуi мүмкiн.

33. Әкiмдiк пен әкiмнiң атына тиiстi актiнi қабылдау үшiн ұсыныс мемлекеттiк органдармен:

1) мәселенi шешу әкiмдiктiң немесе әкiмнiң құзыреттiлiгiне кiретiн болса;

2) аудандық атқарушы органдардың арасында қарама-қайшылық орын алған жағдайда;

3) мәселенiң шешiлуi жергiлiктi атқарушы және аумақтық органдарды үйлестiрудi талап еткен жағдайда енгiзiледi.

34. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобалары мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынылады.

35. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысымен бекiтiлген Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресiмдеу және келiсу ережелерiнiң талаптарын ескере отырып әзiрленедi.

36. Әкiмдiк пен әкiмнiң азаматтардың құқығына, бостандығы мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобалары аудан әкiмiнiң интернет-ресурсына орналастырылады.

37. Әкiмдiк пен әкiмнiң жеке кәсiпкерлiктiң мүддесiне қатысты актiлерiнiң жобалары әзiрлеушi-мемлекеттiк органмен мемлекеттiк құпиялары бар жобалардан басқалары мемлекеттiк органдардың ресми интернет-ресурстарын қамти отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жарияланғаннан (таратылғаннан) кейiн сараптамалық қорытындысын алу үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiгiне жiберiледi.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң сараптамалық қорытындысы ұсынымдық сипатта болады және мiндеттi түрде жобаны қабылдағанға дейiн жобаға қоса берiледi.

38. Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге тиiстi нормативтiк құқықтық актi жобасының әзiрлеушiсi сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, нәтижелерi бойынша қорытынды мiндеттi түрде жобаны қабылдағанға дейiн жобаға қоса берiледi.

39. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобаларындағы тапсырмалар аудандық атқарушы органдарға жолдануы тиiс.

Әкiмдiк пен әкiмге бағынышты емес мемлекеттiк органдарға қатысты тапсырмалар жобада ұсынымдық сипатта немесе олармен келiсу бойынша мазмұндалуы тиiс. Соңғы жағдайда мемлекеттiк органның атауынан кейiн «(келiсiм бойынша)» белгiсi көрсетiледi.

40. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобалары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген құзыреттiлiкке байланысты мүдделi мемлекеттiк органдармен мiндеттi түрде келiсiледi, бұл жерде жобамен келiсуге мүдделiлiк жобада қаралатын мәселенiң мәнiне, сондай-ақ жобада Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысымен бекiтiлген Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресiмдеу және келiсу ережелерiнiң талаптарын ескере отырып, аумақтық мемлекеттiк органдардың атына тапсырмалардың болуына қарай белгiленедi.

41. Келiсетiн мемлекеттiк органдарға әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң «ескертулерi» бар жобаларын келiсуге (қол қоюға) тыйым салынады.

Ескертулер болған жағдайда, олар жазбаша түрде жобаға бiрiншi басшылармен қол қойылған қажеттi түсiнiктемелерiмен қоса берiледi.

Жобаларды әзiрлеуге қатысқан мемлекеттiк органдардың арасында қарама-қайшылық орын алған жағдайда, қаралатын мәселенiң мәнi құзыреттiлiгiне кiретiн әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы кеңес шақырады, оның қорытындылары хаттамамен ресiмделедi.

Қарама-қайшылық жойылған жағдайда, тиiстi орган жобаны пысықтайды және оны әкiмнiң аппаратына белгiленген тәртiпте ұсынады. Талқыланатын мәселе бойынша келiсiмге қол жеткiзiлген жағдайда, әкiмнiң орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға соңғы шешiм қабылдау үшiн жедел кеңес өткiзедi.

42. Әкiм немесе оның тапсырмасы бойынша аппарат басшысы шешiмдi жедел қабылдау мақсатында өкiмдердiң жобаларымен келiсудiң басқа мәмiлесiн анықтауы мүмкiн.

43. Қарама-қайшылық орын алған жағдайда әзiрлеушi-мемлекеттiк орган өзара ұтымды шешiм қабылдау мақсатында келiсетiн органдармен оны талқылауды қамтамасыз етуi тиiс. Өзара ұтымды шешiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, әзiрлеушi-мемлекеттiк орган келiсетiн органдармен бiрлесiп қарама-қайшылық хаттамасын құрастырады. Қарама-қайшылық хаттамасына мемлекеттiк органның басшысы қолын қояды.

44. Қабылдау салдарынан экологиялық, сонымен қатар радиациялық, қоршаған орта қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобалары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте уәкiлеттi органмен өткiзiлетiн мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтуге тиiстi. Жобаның әзiрлеушiсi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындылары бойынша уәкiлеттi органның оңтайлы қорытындысы болған жағдайда оны әкiмдiктiң мүшелерiне қарауға енгiзедi.

45. Ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының штат санының лимитiн арттыруды қарастыратын әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобаларын әзiрлеушi-мемлекеттiк орган әкiм атына алдын ала өтiнiшхатынан кейiн дайындайды.

46. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобалары аппараттың мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмiмен жүзеге асырылатын құқықтық сараптамадан бұрын:

экономикалық мақсаттылығының, жобаның қаржыландырумен қамтамасыз етiлуiнiң мәселелерi, коммуналдық мүлiк мәселелерi және коммуналдық заңды тұлғалар бойынша, Егiндiкөл ауданының аумағын дамыту бағдарламасына сәйкестiлiгi бойынша — ауданның экономика және қаржы бөлiмiмен.

47. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобаларын мемлекеттiк органдарда қарау және келiсу келiп түскен күнiнен бастап 10 күндiк мерзiмнен артық болмауы тиiс.

48. Жобаның аппаратта сараптамадан өтуi және әкiмдiк мүшелерiмен қарау келiсу парағына сәйкес жүзеге асырылады (1-қосымша).

49. Әкiмдiк пен әкiм актiсiн аппараттағы сараптаманың және әкiмдiк мүшелерiмен қараудың жалпы мерзiмi бiр айдан артық болмауы тиiс.

Әкiмдiк мүшелерiмен жобаны қарау, аппарат бөлiмдерiмен сараптаманы өткiзу 3 жұмыс күнiнiң iшiнде жүзеге асырылады.

50. Әкiмдiк пен әкiм актiлерi жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, мәтiндердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi сәйкестiлiгiне, қажеттiлiгiне қарай жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнен сараптамалық қорытындыны және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы алуға жеке жауапкершiлiк жобаны әзiрлеудi жүзеге асыратын органның бiрiншi басшысына жүктеледi.

51. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалған мемлекеттiк органдармен енгiзiлетiн әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобаларына қоса ұсынылады:

1) осы Регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi анықтама-негiздеме;

2) орындалуы үшiн әзiрленген жоба тапсырмаларының (хаттамалардың және т.б.) көшiрмелерi;

3) әкiмнiң бұрыштамасымен жазбаша өтiнiшхат;

4) осы мәселе бойынша бұған дейiн қабылданған актiлердiң көшiрмелерi;

5) келiсетiн мемлекеттiк органдардың қорытындылары;

6) қарама-қайшылық хаттамалары;

7) тиiстi есептер, аудандық бюджеттiк комиссия шешiмiнiң көшiрмелерi.

52. Әзiрлеушi-мемлекеттiк органның басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға жобаның анықтама-негiздемесiне қол қояды.

53. Әкiмдiк пен әкiм актiсi жобасының парақтарына әзiрлеушi-мемлекеттiк орган басшысымен қол қойылады.

54. Мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу жүргiзiлгеннен кейiн, әзiрлеушi-мемлекеттiк орган әкiмдiк пен әкiм актiсiнiң жобасын аппараттың қадағалайтын бөлiмiне енгiзедi.

55. Жоба аппараттың салалық бөлiмiнде қаралғаннан кейiн, әзiрлеушi-мемлекеттiк орган жобаны заңды техниканың сақталуына және жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiлiгiне тексерудi жүзеге асыру үшiн аппараттың мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмiне (бұдан әрi — заң қызметi) жолдайды.

56. Жоба құқықтық сараптама жүргiзу үшiн аппараттың заң қызметiне жұмыс күнi сағат 13.00-ге дейiн енгiзiледi. Жұмыс аптасының соңғы күнi талдау күнi болып табылады, сондықтан аудан әкiмдiгi мен әкiмi актiлерiнiң жобалары заң қызметiмен қабылданбайды.

Аппараттың заң қызметiмен жобаны тiркеу журналында (осы Регламенттiң 3-қосымшасы) тiркегеннен кейiн, құқықтық сараптама жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда құқықтық сараптама 3 жұмыс күнiнен артық емес мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.

Аудан әкiмдiгi мәжiлiсiнiң қорытындысы бойынша, қаулылар жобаларының құқықтық сараптамасы бiр жұмыс күнiнiң барысында жүргiзiледi.

Әкiмдiк пен әкiм актiлерi жобаларының барлық парақтарында заң қызметiмен қол қойылады, ол құқықтық сараптамадан өткендiгiн растайды. Заң қызметiмен қол қойылған жобаның парақтары құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнде жыл бойы сақталады.

Құқықтық сараптамадан өткен жобаға алдағы уақытта қарау барысында өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, әзiрлеушi бұл актiнi екiншi қайтара құқықтық сараптамаға ұсынады.

57. Заң қызметi әзiрлеушi-мемлекеттiк органнан немесе мүдделi мемлекеттiк органдардан қаралатын мәселе бойынша құжаттарды және мәлiметтердi сұратуға құқығы бар.

58. Жүргiзiлген құқықтық сараптаманың қорытындылары бойынша заң қызметi мiндеттi:

жобаны келiсуге;

тиiстi қорытындыға қол қою арқылы:

қаралатын мәселе әкiмдiктiң немесе әкiмнiң құзыретiне жатпаған жағдайда жобаны келiсуден бас тартуға;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және заң техникасының нормаларын бұзған жағдайда, пысықтауға қайтаруға.

59. Бұл жағдайда, жобамен келiсiлмеген, заң қызметi келiсу парағына «қорытынды» сөзiн көрсетедi.

60. Құқықтық сараптаманың қорытындылары бойынша бас тартылған жобалар әзiрлеушi-мемлекеттiк органмен 3 жұмыс күнiнiң iшiнде пысықталады және осы Регламентпен белгiленген тәртiптi сақтай отырып ұсынылады.

61. Нормативтiк құқықтық актi жобасының жүргiзiлген құқықтық сараптамасының қорытындылары бойынша заң қызметiмен әзiрлеушiге жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жiберу туралы ақпарат жеткiзiледi, ол келiсу парағында көрсетiледi.

Егер де, жоба жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң мүддесiн қозғайтын болса, онда заң қызметiмен әзiрлеушiге жобаны жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң аккредиттелген бiрлестiгiне жолдау қажеттiлiгi туралы ақпаратты жеткiзедi, ол келiсу парағында көрсетiледi.

62. Құқықтық сараптама жүргiзiлгеннен кейiн жоба мемлекеттiк және орыс тiлдерi ережелерiнiң сақталуына, мәтiндердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi сәйкестiлiгiне тексеру үшiн аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiне жолданады.

63. Аппарат бөлiмдерiмен жобаға сараптама жүргiзiлгеннен кейiн, әзiрлеушi-мемлекеттiк орган жобаны келiсу парағына сәйкес көрсетiлген саланы қадағалайтын аудан әкiмiнiң орынбасарынан бастап әкiмдiктiң мүшелерiне қарауға ұсынады. Соңғы қарау аппарат басшысымен жүзеге асырылады.

64. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобаларына қол қоюға ұсыну аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiмен жүргiзiледi.

65. Әкiм қол қоюға ұсынылған жобаны қарау барысында оны пысықтауға қайтаруға құқығы бар. Жобаны пысықтаудың мерзiмi 7 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

66. Жобаларды пысықтау мақсатында, әзiрлеушi-мемлекеттiк орган мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн қатыстыру арқылы кеңестi жедел шақыруға құқығы бар.

67. Пысықталғаннан кейiн әзiрлеушi-мемлекеттiк орган әкiмнiң қол қоюына жобаны ұсынады.

Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобаларын пысықтау әкiмнiң тапсырмасы бойынша аппаратпен жүзеге асырылады.

68. Жобадан бас тартылуы мүмкiн:

1) әкiмнiң шешiмi бойынша жобаны дауыс беруге шығарғанға дейiн кез-келген негiздерге сәйкес;

2) әкiмдiктiң мәжiлiсiнде әкiмдiк мүшелерiмен дауыс берудiң негiзiнде.

69. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобалары аудан әкiмiмен немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғамен қол қойылады.

70. Қол қойылғаннан кейiн әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң түпнұқасына түзетулер енгiзуге тыйым салынады.

71. Азаматтардың құқығына, бостандығы мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлер әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуден өтуге тиiстi.

Әкiмдiк пен әкiм актiлерiн әдiлет органдарында тiркелуге дайындау барысында нормативтiк құқықтық актiлердiң барлық парақтарына заң қызметiнiң басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға қол қояды. Әкiмдiк пен әкiмнiң нормативтiк құқықтық актiсiн әдiлет органына мемлекеттiк тiркеуге жолдауды аппараттың мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмi жүзеге асырады.

72. Нормативтiк құқықтық актiнi аудандық мәслихатпен бiрлесiп қабылдау кезiнде әзiрлеушi-мемлекеттiк орган бiрлескен актiнiң жобасын осы Регламентпен белгiленген тәртiпте әкiмнiң аппаратына енгiзедi.

Аппаратқа сараптамадан өткен және әкiмдiк мүшелерiмен қаралған бiрлескен актiнiң жобасы, әзiрлеушi-мемлекеттiк органмен аудандық мәслихаттың аппаратына қажеттi құжаттарды қоса ұсыну арқылы мәслихат сессиясы өтетiн күнге дейiн 10 жұмыс күнiнiң iшiнде енгiзiледi.

73. Аудандың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы бойынша аудандық мәслихатпен бiрлескен актiнi қабылдау қажеттiлiгi туындаған жағдайда, аппараттың ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлiмi жобаның әзiрлеушiсi болып табылады.

74. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiн тiркеудi және есепке алуды аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.

Әкiмдiк пен әкiмнiң қол қойылған актiлерiне аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi тiркеу нөмiрiн бередi, ол мынадан тұрады:

1) әкiмдiктiң құпия емес актiлерi үшiн — а (әкiмдiк) әрпiнен, әкiмдiк мәжiлiсiнiң реттiк нөмiрiнен, күнтiзбелiк күннен бастап актiнiң реттiк есептiк нөмiрiнен (мысалы: №а-2/45);

2) әкiмнiң актiлерi үшiн — күнтiзбелiк күннен бастап есептiк реттiк нөмiрден.

Таратылуы шектеулi актiлер парақтың оң жақ жоғарғы жағында «Қызмет бабында пайдалану үшiн», дана № ___ белгiсiмен ресiмделедi, ол қойылғаннан кейiн оларға тиiстi есептiк жиынтықтың нөмiрi берiледi.

Аппараттың мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi қызметi ерекше маңызды, өте құпия және құпия актiлерге құпия iсжүргiзу талаптарына сәйкес тiркеу нөмiрiн бередi.

75. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң түпнұсқалары аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнде Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппаратында құжаттама жасау және құжаттаманы басқару туралы нұсқаулықпен белгiленген мерзiмде сақталады.

Әкiмдiк пен әкiм актiлерi жобаларының келiсу парақтары актiлермен бiрге сақталады және алуға жатпайды.

Қаулылардың түпнұсқаларымен жұмыс жүргiзуге, аппарат ғимаратынан шығаруға тыйым салынады.

Процессуалдық әрекет жүргiзу кезiнде (әкiмдiк пен әкiм актiлерiн және олардың материалдарын алу қаулылары) әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң түпнұсқаларына және көшiрмелерiне шолу жүргiзу үшiн процессуалдық әрекеттi жүзеге асыратын тұлғаға ұсынылады, одан кейiн көшiрмелерi құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiмен бекiтiледi және процессуалдық әрекеттi жүзеге асыратын тұлғаға берiледi.

Ерекше жағдайларда, аудан әкiмiнiң шешiмi бойынша әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң түпнұсқалары процессуалдық әрекеттi жүзеге асыратын тұлғаға ұсынылады.

76. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң көшiрмелерiн аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi әзiрлеушi-мемлекеттiк органмен толтырылған тарату парағына сәйкес елтаңбалық мөр басылған қағаз тасығышта және электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда таратады.

Қажеттiлiгiне қарай, қаулылардың қосымша даналары аппарат басшысының рұқсатымен берiледi. Құпия сипаттағы қаулылардың бекiтiлген көшiрмелерi немесе олардың үзiндiлерi белгiленген тәртiпте мекенжай иесiнiң шектелген санына таратылады.

Техникалық қателерi анықталған жағдайда, әкiмдiктiң құпия емес бұған дейiн таратылған даналарын ауыстыру аппарат басшысының рұқсатымен жүргiзiледi. Бұл жерде, даналары алдын ала жiберiлген алушыларға «Бұрыңғы жiберiлгеннiң орнына» белгiсi бар қаулылардың түзетiлген нұсқалары жiберiледi. Мекенжай иелерiмен көрсетiлген белгiсi бар түзетiлген нұсқасы алынғаннан кейiн, актiлердiң бұған дейiн алынған даналары дереу аппаратқа қайтарылады.

Ерекше маңызды, өте құпия және құпия қаулылар аппарат басшысының хаттарымен ресми түрде керi қайтарылады.

77. Мемлекеттiк тiркеуден өткен әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң ресми жариялауға жолдануы аппараттың мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмiмен жүзеге асырылады.

Қажеттiлiгiне қарай, әкiмдiк пен әкiм актiлерiн жариялау, оларды жариялауға жiберу аппараттың салалық бөлiмдерiмен де жүзеге асырылады.

78. Әзiрлеушi-мемлекеттiк орган аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бекiтiлген көшiрмелерiн алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнiң iшiнде оларды нақтылы мақсаттары, әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдары, сондай-ақ әкiмдiк немесе әкiм актiсiнiң болжамды тиiмдiлiгi туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi баспасөз-релиздi орналастыру арқылы аудан әкiмiнiң интернет-ресурсында жариялайды.

79. Әкiмдiк пен әкiм актiсiн қабылдағаннан кейiн ауданның жергiлiктi атқарушы органдары бiр айдың iшiнде өздерiнiң актiлерiн әкiмдiк пен әкiмнiң қабылданған актiсiне сәйкес келтiруге және қажеттiлiгiне қарай оны жүзеге асыру мақсатында тиiстi актi шығаруға мiндеттi.

80. Жоғары деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған жағдайда, аудандық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар үш жұмыс күнiнiң iшiнде жоғары деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлердi реттеу мәнiмен байланысты болатын әкiмдiк пен әкiм актiлерiне талдау жүргiзедi.

81. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жоғары деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, жоғары деңгейдегi жаңа нормативтiк құқықтық актiлердiң күшiне енген күнiнен бастап бiр ай мерзiм iшiнде аудандық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу немесе осы Регламентпен белгiленген тәртiпте олардың күшi жойылды деп тану туралы шара қолданады.

82. Мемлекеттiк органдар заңнамаға қайшы келушiлiктi және ескiрген құқықтық норманы анықтау, оларды жүзеге асырудың тиiмдiлiгiн бағалау және оларға өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу немесе күшi жойылды деп тану бойынша уақытында шара қолдану мақсатында, өздерi әзiрлеушiсi болып табылатын қабылданған қаулыларға тұрақты мониторингтi жүзеге асыруға мiндеттi.

Мониторингтiң нәтижелерi туралы ақпарат аппараттың мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмiне тоқсанның соңғы айының 30-на ұсынылуы қажет.

4. Әкiмдiк қаулыларының, әкiм шешiмдерiнiң және өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылау

83. Ақпарат ұсыну мерзiмi көрсетiлген және олар бойынша қандай да бiр iс-шаралар жоспарлары бекiтiлетiн әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерi аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiмен бақылауға алынады және актiлерде «Бақылауға алынды» мөртабаны қойылады.

Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң және олардың жекелеген тармақтарының уақытында және сапалы орындалуына жауапкершiлiк, орындалуы тапсырылған мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.

Мемлекеттiк органдармен әкiмдiк пен әкiм актiлерiнде көрсетiлген тапсырмалардың орындалуын бақылауды тиiстi мәселе құзыреттiлiгiне жататын аппараттың салалық бөлiмдерi жүзеге асырады.

Бақылау:

1) қажеттi ақпараттар талап ету;

2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;

3) түгендеу және құжаттамалық тексерiстiң басқа да түрлерiн қолдану;

4) орнына барып тексеру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де әдiстермен жүзеге асырылады.

84. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiн орындаудың мерзiмiн бақылауды аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол бақылаулы актiлердiң тiзбесiн құрастырады, ай сайын салалық бөлiмдерге ақпарат ұсыну мерзiмдерiн көрсету арқылы бақылауда тұрған актiлердiң тiзбесiн жолдайды.

Орындаушы-мемлекеттiк орган және аппараттың тиiстi салалық бөлiмi бақылауға алынған әкiмдiк пен әкiм актiлерiне жинақтау папкасын ашады, онда құжаттар келесi тәртiпте топтастырылады:

1) әкiмдiк пен әкiмнiң бақылаулы актiлерiнiң көшiрмелерi;

2) бақылаудан алу ұсынысымен орындалуы туралы анықтама;

3) әкiмдiк пен әкiмнiң бақылаулы актiлерiн орындаудың барысы туралы ақпарат және өзге де құжаттар.

Салалық бөлiмдер актiлердiң мониторингiн және орындалуына талдауды жүргiзу, бiрыңғай электрондық базаны құру үшiн, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiне әкiмдiк пен әкiмнiң бақылаулы актiлерi бойынша орындаушыларға ұсынылған ақпараттың күнi мен нөмiрiн ұсынады.

85. Әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерiн орындау мерзiмi әкiммен немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғамен орындалуына жауапты мемлекеттiк орган басшысының өтiнiшхатының негiзiнде ұзартылуы мүмкiн. Әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерiн орындау мерзiмдерiн екiншi қайтара ұзартуға ерекше жағдайларда ғана рұқсат етiледi.

86. Әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерiн орындау немесе орындалуының барысы туралы ақпаратттарда және есептерде актiнiң нөмiрi мен күнiне немесе актiнiң нақтылы тармағына сiлтеме мiндеттi түрде көрсетiледi.

Орындаушы-мемлекеттiк органға ұсынылатын әкiмдiк пен әкiм актiсiн орындау туралы ақпаратта немесе есепте белгiленген мерзiмдерге сәйкес мiндеттi түрде көрсетiлуi тиiс:

1) егер де тапсырма толық көлемде орындалса, бақылаудан алу туралы өтiнiш;

2) егер де тапсырма объективтi себептерге байланысты орындалмаса, орындау мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш;

3) егер де актiмен кезеңдi ақпарат ұсыну қарастырылған болса, онда құжат ақпарат тәртiбiнде енгiзiледi деген жазба.

87. Әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерiн бақылаудан алу немесе орындау мерзiмiн ұзарту туралы шешiм аудан әкiмiнiң немесе орындалуын бақылау жүктелген аудан әкiмiнiң орынбасарының «iске» белгiсiмен немесе қарары бойынша жүзеге асырылады.

88. Бақылаудан алынған әкiмдiк пен әкiмнiң орындалған актiлерi күшi жойылған деп тануға жатқызылады.

Егiндiкөл ауданы

әкiмдiгiнiң регламентiне

2-қосымша

Аудан әкiмдiгi қаулысының жобасына (әкiмнiң өкiмiне, шешiмiне)

анықтама-негiздеме

Дата создания статьи: 02.02.2018 10:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.02.2018 10:14
Қаралым саны: 533

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Жеңіс көшесі, 6

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар