Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Егiндiкөл ауданына жұмыспен сапары

Үстiмiздегi жылғы 31 қаңтарда Егiндiкөл ауданы әкiмi аппаратының үлкен залында Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Қанат Мұратұлы Ыдырысовтың «2018 жыл бойынша Ақмола облысының әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындысы туралы» есеп беру кездесуi өттi.

Есептi кездесуге облыстық құрылымдардың басшылары, аудан әкiмi, аудандық мәслихаттың хатшысы, дербес бөлiмдер мен ұйымдардың басшылары, ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары, жеке кәсiпкерлер мен аудан тұрғындары қатысты. Кездесу барысында облыстық құрылым басшылары да аудан тұрғындары алдында баяндама жасады. Баяндамашыларға түрлi сипаттағы сұрақтар қойылып, түсiндiру жауаптары берiлдi.

Есеп беру кездесуiнен соң Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Қ.М.Ыдырысов пен Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы Д.К.Ахметжанова «Нәтижелi жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша кредит алған жеке кәсiпкерлерге (ЖК «Баймұқан» тiгiн шеберханасы және ЖК «Жұлдыз» қоғамдық моншасына) барды.

 
Мақаланы құрған күні 08.02.2019 17:06
Мақаланы жаңартқан күні 08.02.2019 17:09
Қаралым саны: 1595
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі