A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2017 жылғы 17 ақпанда № 14813 болып тiркелдi.

•Мәтiн

•Ресми жарияланым

•Ақпарат

•Өзгерiстер тарихы

•Сiлтемелер

•Көшiру

•Басқа

"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттiк статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және қайта өңдеу департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiнiң мерзiмдi баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберiлуiн;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы 

Премьер-Министрiнiң орынбасары –

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрi А. Мырзахметов

"КЕЛIСIЛДI"

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрi

___________ Б. Сұлтанов

2017 жылғы 30 қаңтар

"КЕЛIСIЛДI"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрi

___________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы 31 қаңтар

ҚазақстанРеспубликасы

Премьер-Министрiнiң

орынбасары -

Ауыл шаруашылығы

министрiнiң

2017 жылғы 27 қаңтардағы

№ 30 бұйрығына

1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 14.07.2017 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге (бұдан әрi — тауар өндiрушiлер), өзге жеке және заңды тұлғаларға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруға жергiлiктi бюджетте тиiстi қаржы жылына көзделген қаражат және iс-шаралар шегiнде және есебiнен бюджеттiк субсидиялар (бұдан әрi — субсидиялар) беру тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аналық бас — табынның өсiмiн молайту үшiн пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетiлген (мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар 15 айдан бастап, тауарлық жануарлар 18 айдан бастап, қой шаруашылығы бойынша 12 айдан бастап, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) бойынша 36 айдан бастап), жануарлардың ұрғашы дарақтарының басы;

2) қоғамдық табын — жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған iрi қара мал табыны;

3) сатып алынған асыл тұқымды жануарларды мақсатты пайдалану — сатып алынған және субсидияланған асыл тұқымды жануарларды осы Қағидаларда көрсетiлген жағдайларда және мерзiмдерде өсiмiн молайту мақсатында пайдалану;

4) тауарлық табын — iрi қара малдың/қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзудi жүзеге асыратын шаруашылықтың немесе ауыл шаруашылығы кооперативiнiң мал басынан қалыптастырылған iрi қара мал/қой табыны;

5) тұқымдық түрлендiру — өсiмiн молайтуда асыл тұқымды тұқымдық жануарларды пайдалану жолымен аналық бастың тұқымдық және өнiмдiлiк сапаларын жақсарту;

6) шағылыстыру маусымы — ауыл шаруашылығы жануарларының өсiмiн молайту кезеңi (iрi қара мал үшiн күнтiзбелiк жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейiн (қоса есептегенде), қойлар және маралдар (бұғылар) үшiн 1 қыркүйегiнен 1 желтоқсанына дейiн (қоса есептегенде);

7) iрi қара малдың/қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргiзудi жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативi — ауылдағы және/немесе ауылдық округтегi жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан табын/отар қалыптастырған, iрi қара малдың/ қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргiзудi жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативi;

8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Субсидиялауға жататын бағыттар:

1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

iрi қара малдың, қойлардың, ешкiлердiң, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен, сондай-ақ балараның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргiзуге жұмсалған шығындарды арзандату;

отандық және шетелдiк шаруашылықтардан асыл тұқымды iрi қара мал, қой, ешкi, жылқы, шошқа, түйе, марал (бұғы) төлiн сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;

отандық және шетелдiк шаруашылықтардан ет және жұмыртқа бағытындағы құстардың ата-енелiк/ата-тектiк нысандағы асыл тұқымды тәулiктiк балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;

жеке және заңды тұлғалардың табынның өсiмiн молайтуға пайдаланылатын еттi, сүттi және сүттi-еттi тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтiп-бағуға жұмсалған шығындарын арзандату;

асыл тұқымдық және дистрибьютерлiк орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерiнде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсiрумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында iрi қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге жұмсалған шығындарын 100 %-ға дейiн өтеу.

асыл тұқымдық және дистрибьютерлiк орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау және қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған шығындарын 50 %-ға дейiн өтеу;

2) мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға:

бұқашықтарды бордақылау, қозы етiн, шошқа етiн, жылқы етiн, түйе етiн, құс етiн (бройлер тауығының етiн, күрке тауықтың етiн, суда жүзетiн құс етiн), тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы), сүт (сиыр, бие, түйе, ешкi сүтi), биязы жүн және жартылай биязы жүн өндiру құнын арзандату;

құрамажем зауыттары өндiрген және ауыл шаруашылығы кооперативтерiне өткiзiлген құрамажем құнын арзандату;

ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату;

iрi қара малды союмен және етiн бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарының сиыр етiнiң құнын арзандату.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Субсидиялар нормативтерi осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетiлген.

5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын 50 %-ға дейiн арзандату бағыты бойынша өлшемшарттар мен талаптар, субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтерi мен көлемдерi (бұдан әрi — субсидиялау нормативтерi мен көлемдерi) нөмiрленедi, тiгiледi, мөрмен бекемделедi және оны екi данада облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi — Облыс басқармасы), Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрi — Қала басқармасы) облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмi, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқарушы адам қол қойған iлеспе хатпен тиiстi жылдың 20 қаңтарынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi — Министрлiк) мақұлдауға бередi.

Министрлiк ұсынылған субсидиялау нормативтерi мен көлемдерiн бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк және үкiметтiк бағдарламалар индикаторларына сәйкестiгiн қарайды.

Нәтиже оң болған жағдайда, Министрлiк субсидиялау нормативтерi мен көлемдерiнiң бiр данасын тиiстi iлеспе хатпен тиiстi жылдың 25 қаңтарынан кешiктiрмей керi қайтарады.

Нәтиже терiс болған жағдайда, Министрлiк уәждi негiздемесi бар хатпен субсидиялау нормативтерi мен көлемдерiнiң екi данасын да тиiстi жылдың 25 қаңтарынан кешiктiрмей керi қайтарады.

Пысықталған субсидиялау нормативтерi мен көлемдерi екi данада облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң, олар болмаған жағдайда, олардың мiндеттерiн атқарушы адамдардың қолы қойылған iлеспе хатпен Министрлiкке қайта келiсуге тиiстi жылдың 30 қаңтарынан кешiктiрiлмей берiледi.

Министрлiк мақұлданған субсидиялау нормативтерi мен көлемдерiнiң бiр данасын тиiстi iлеспе хатпен тиiстi жылдың 5 ақпанынан кешiктiрмей керi қайтарады.

Субсидиялау нормативтерi мен көлемдерi осы Қағидалар күшiне енгеннен кейiн бiр ай iшiнде және одан кейiн жыл сайын 5 ақпаннан кешiктiрiлмей, облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi.

Қаулы қабылданғаннан кейiн облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiгi екi жұмыс күнi iшiнде оны өз ресми интернет-ресурсына орналастырады.

Қаулы интернет-ресурста орналастырылғаннан кейiн, Министрлiк субсидиялау нормативтерi мен көлемдерiн олардың бұрын мақұлданған субсидиялау нормативтерi мен көлемдерiне сәйкес келуi тұрғысынан салыстырып тексередi. Сәйкессiздiк анықталған жағдайда, Министрлiк субсидиялау нормативтерi мен көлемдерiнiң мақұлданған нұсқасына сәйкестендiру үшiн облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiгiн хабардар етедi.

6. Мыналар субсидиялауға жатпайды:

1) осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келмейтiн тауар өндiрушiлердiң жануарлары мен мал шаруашылығы өнiмдерi;

2) шағылыстыру маусымы бойында өсiмiн молайтуда пайдалану жөнiндегi талаптарды сақтамаған және зоотехникалық нормативтерге (шағылыстыру контингентiнiң отыз басына кемiнде бiр бұқа/қошқар, бiр бұқаны/қошқарды қатарынан екi шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау) сәйкес бұрын тұқымдық түрлендiруде пайдаланылмаған асыл тұқымды тұқымдық бұқалармен (асыл тұқымды тұқымдық қошқарлармен) алмастырған жағдайда, шаруашылықтың iрi қара малының/қойларының барлық аналық басы;

3) субсидия алуға өтiнiм (бұдан әрi — өтiнiм) берген сәтте селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың бiрыңғай ақпараттық базасында (бұдан әрi — АТЖ) және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендiру жөнiндегi дерекқорда (бұдан әрi — АЖС) тiркелген жануарлар басы санында алшақтықтары (жануарлардың бiрдейлендiру нөмiрлерiнiң, жынысының, тұқымының, туған күнiнiң және бұқаларды пiштiру туралы деректердiң сәйкес келмеуi) бар шаруашылықтардың iрi қара малының/қойларының аналық басымен жүргiзiлетiн селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс;

4) бұрын сатып алу кезiнде құнын арзандатуға субсидияланған, сондай-ақ айырбас бойынша өзара есеп айырысу есебiне сатып алынған немесе өсiмiн молайту мақсатында пайдаланылмайтын асыл тұқымды iрi қара мал, қой, ешкi, жылқы, түйе, шошқа, марал (бұғы) және асыл тұқымды тәулiктiк балапандар сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;

5) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа қатысатын, ағымдағы шағылыстыру маусымында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзу бағыты бойынша ағымдағы жылы субсидияланған жануарлар және балара ұялары (осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетiлген қосымша норматив (бұдан әрi — қосымша норматив) бойынша өтiнiм берген кездегi iрi қара малды қоспағанда);

6) көрсетiлген бағыт бойынша ағымдағы жылы субсидияланған, қоғамдық және тауарлы табындарда өсiмiн молайту үшiн пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқалар;

7) тауар өндiрушiлер ауыл шаруашылығы кооперативтерiн, сондай-ақ, iрi қара малды союмен және етiн бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарын қоспағанда, басқа жеке және заңды тұлғалардан одан әрi қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшiн сатып алған мал шаруашылығы өнiмi;

8) тауар өндiрушiлер айырбас бойынша, өзара есеп айырысу шотына өткiзген немесе iрi қара малды союмен және етiн бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттары сатып алатын бұрын субсидияланған мал шаруашылығы өнiмiн қоспағанда, бұрын субсидияланған мал шаруашылығы өнiмi;

9) жеке аулада сойылған, сондай-ақ қайта өңдеушi кәсiпорындарда бастапқы қайта өңдеуден өтпеген мал шаруашылығы өнiмi;

10) тауар өндiрушiлер жануарларды мәжбүрлi санитариялық сою нәтижесiнде алған мал шаруашылығы өнiмдерi, сондай-ақ белгiлi бiр жануар түрi бойынша аса қауiптi және инфекциялық аурулар бойынша карантиндiк iс-шаралардың қолданылу кезеңiндегi ауыл шаруашылығы жануарларының өнiмдерi мен бастары;

11) еттi құс шаруашылығының жанама өнiмдерi — аяқтары, бастары, iшкi органдары;

12) жұмыртқа ұнтағын өндiру үшiн өткiзiлген және (немесе) берiлген тағамдық жұмыртқа.

Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Субсидиялар тауар өндiрушiлерге, өзге де жеке және заңды тұлғаларға бағыттардың мынадай басымдықтарына сәйкес төленедi:

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

iрi қара малдың және қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргiзу;

асыл тұқымды iрi қара мал және қой сатып алу;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың қалған бағыттары;

мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруға:

ауыл шаруашылығы кооперативiнiң бұқашықтарды бордақылауы және сүт өндiруi;

сүт (сиыр, бие, түйе, ешкi сүтi) өндiрiсiнiң құнын арзандату;

құс етi өндiрiсiнiң құнын арзандату;

бұқашықтарды бордақылау құнын арзандату;

қозы етi өндiрiсiнiң құнын арзандату;

құрамажем құнын арзандату;

биязы және жартылай биязы жүн өндiрiсiнiң құнын арзандату;

шошқа етi өндiрiсiнiң құнын арзандату;

жылқы етi өндiрiсiнiң құнын арзандату;

түйе етi өндiрiсiнiң құнын арзандату;

тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы) өндiрiсiнiң құнын арзандату;

iрi қара малды союмен және етiн бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарымен алынатын сиыр етiнiң құнын арзандату.

Бiр немесе бiрнеше бағыт бойынша қаражат қалып қойған жағдайда, субсидиялар субсидиялау бағыттарының басымдығына сәйкес қайта бөлiнедi.

Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

8. Жыл сайын тиiстi ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлiмi (бұдан әрi — Бөлiм) өтiнiмдердi қабылдауды бастауға дейiн күнтiзбелiк бес күннен кеш емес мерзiмде аудан, облыстық маңызы бар қала әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында субсидиялауға өтiнiмдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады. Өтiнiмдердi қабылдау 20 қаңтардан басталады.

Тауар өндiрушiлердiң, жеке және заңды тұлғалардың субсидиялар алуының қажеттi талабы өтiнiм берген сәтте осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген өлшемшарттарға және талаптарға сәйкес келу болып табылады.

9. Субсидиялар:

1) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған iрi қара малдың аналық басы үшiн — осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетiлген субсидиялаудың базалық нормативi бойынша және төлдiң шығу көрсеткiшiн ескере отырып, нақты төл алынған iрi қара малдың аналық басы үшiн — осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетiлген субсидиялаудың қосымша нормативi бойынша;

2) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған қойлардың, ешкiлердiң, маралдардың аналық басы және балара ұясы үшiн;

3) сатып алынған асыл тұқымды мал басы және ата-енелiк/ата-тектiк нысандағы ет және жұмыртқа бағытындағы құстардың асыл тұқымды тәулiктiк балапаны үшiн;

4) iрi қара мал мен қойлардың қолдан ұрықтандырылған нақты аналық басы үшiн;

5) табынның өсiмiн молайтуда пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаның басы үшiн;

6) союға немесе бордақылау алаңдарына (1000 мал орнынан бастап) өткiзiлген немесе есепке алу нөмiрлерi бар еттi қайта өңдеу кәсiпорындарында, сою пункттерiне және тоңазытқыш жабдығы бар сою алаңдарында қайта өңделген бұқашық пен қозының басы үшiн;

7) есепке алу нөмiрлерi бар еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарға, сою пункттерiне өткiзiлген немесе сонда қайта өңделген құс етiнiң, шошқа етiнiң, жылқы етiнiң, түйе етiнiң бiр килограмы үшiн және есепке алу нөмiрлерi бар қайта өңдеушi кәсiпорындарға (цехтарға) өткiзiлген немесе сонда қайта өңделген сүттiң, биязы және жартылай биязы жүннiң бiр килограмы үшiн;

8) өткiзiлген тағамдық жұмыртқа бiрлiгi үшiн;

9) өткiзiлген құрама жемнiң бiр тоннасы үшiн төленедi;

10) iрi қара малды союмен және етiн бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарында алынған сиыр етiнiң бiр килограмы үшiн төленедi.

Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Бұрын мақұлданған, бiрақ қаржыландырылмаған немесе iшiнара қаржыландырылған өтiнiмдердi қоса алғанда, басым бағыттардың бiрi бойынша өтiнiмдердi толық көлемде қанағаттандыру үшiн қаражат жетiспеген жағдайда, Облыс басқармасы, Қала басқармасы жетiспеген қаражатты басымдығы төмен бағыттар бойынша игерiлмеген қаражат болған жағдайда, осы бағыттардан қайта бөледi.

Қаражат қалдығы берiлген өтiнiмдердегi тиесiлi субсидиялардың көлемдерiне сәйкес пропорционалды түрде бөлiнедi. Тауар өндiрушiге тиесiлi субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесi айдың (лардың)/жылдың қаражатынан олар бар болған жағдайда, бағыттардың басымдылығын ескере отырып, облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмдiгiнiң субсидиялау бағыты жөнiндегi қаулысымен бекiтiлген көлемдер шегiнде төленетiн болады.

11. Субсидиялау бағыттары арасындағы сомалар өзгерген жағдайда, облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмдiгiнiң қаулысына осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тәртiппен тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiледi.

12. Облыс басқармасы, Қала басқармасы ай сайын тауар өндiрушiлердiң, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiмдерiн қарау нәтижелерi туралы ақпаратты облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмдiгiнiң интернет-ресурсының арнайы бөлiмiнде жариялайды.

Облыс басқармасы, Қала басқармасы Министрлiкке ай сайын, есептi жылдың айдан кейiнгi айдың бесiне дейiнгi мерзiмде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша және жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 қаңтарына дейiнгi мерзiмде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша бюджет қаражатын игеру жөнiндегi есептi жолдайды.

13. Министрлiк облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруға арналған субсидиялауды iске асыруына мониторинг жүргiзедi. Мониторинг қорытындылары бойынша Министрлiк облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмiнiң атына ұсыныс енгiзедi.

2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша субсидиялар алу тәртiбi

14. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша тауар өндiрушiлер тиiстi негiздердiң туындауына қарай, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

1) қағаз түрiнде "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы;

2) электрондық түрде "электрондық үкiметтiң" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрi — портал) арқылы субсидиялар алуға арналған өтiнiмдер жолдайды.

Тауар өндiрушiлер негiздер туындаған сәттен бастап (тауар өндiрушi осы Қағидалардың өлшемшарттары мен талаптарына сәйкес келген сәттен бастап) он екi айдан аспаған өтiнiмдердi бередi.

Мемлекеттiк корпорация бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiмдi Бөлiмге жолдайды.

Тауар өндiрушiнiң ЭЦҚ-сы қойылған электрондық өтiнiм автоматты түрде Бөлiмге өңдеу үшiн жолданады.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Бөлiм өтiнiм түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде осы Қағидалардың 16-тармағының 2 абзацында көрсетiлмеген бағыттар бойынша өтiнiмдi толтырылған деректердiң толықтығына тексередi және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша АТЖ және АЖБ деректерiне салыстырып-тексерудi жүзеге асырады.

Өтiнiмдi толықтай толтырмау немесе АТЖ және АЖБ деректерiн салыстырып-тексеру нәтижелерi бойынша сәйкес келмеу анықталған жағдайда, Бөлiм осы Қағидаларға 5-1-қосымшаның нысанына сәйкес, ескертулердi жою үшiн екi күндiк мерзiмдi көрсете отырып, өтiнiмдi пысықтау қажеттiгi туралы хабарламаны қағаз түрiнде Мемлекеттiк корпорацияға немесе электрондық түрде портал арқылы жолдайды.

Хабарламада көрсетiлген мерзiмде пысықталған өтiнiм қағаз түрiнде Мемлекеттiк корпорацияға немесе электрондық түрде порталға берiледi.

Мемлекеттiк корпорация бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiмдi Бөлiмге жолдайды.

Тауар өндiрушiнiң ЭЦҚ-сы қойылған электрондық өтiнiм автоматты түрде Бөлiмге өңдеу үшiн жолданады.

Ескертулердi хабарламада көрсетiлген мерзiмде пысықтамағанда, Мемлекеттiк корпорация өтiнiмдi қабылдамайды, сондай-ақ, портал өтiнiмдi қабылдамайды.

Тауар өндiрушiлер пысықталғаннан кейiн өтiнiмдi қайта енгiзе алады.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

16. Бөлiм құжаттардың толық пакетi түскенен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетiлген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.

Бұл ретте, асыл тұқымды жануарларды сатып алу, асыл тұқымды iрi қара мал мен қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзу, тұқымдық түрленумен қамтылған асыл тұқымды iрi қара мал мен қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзу және өсiмдi молайту үшiн пайдаланылатын еттi, сүттi, сүттi-еттi тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтiп-бағу субсидиялау бағыттары бойынша құрамында Бөлiм маманы бар жұмыс тобы тиiстi ауылдық округ әкiмдiгiнiң маманы мен ветеринар дәрiгерi жетi жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестiгiн салыстырып-тексеру үшiн шаруашылыққа барады. Жұмыс тобының құрамы Бөлiм бұйрығымен бекiтiледi.

Шығу нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша салыстырып-тексеру актiсi жасалады, оның түпнұсқасы осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетiлген мерзiмдерде Бөлiмде сақталады.

Осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетiлген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келмеу анықталған жағдайда Бөлiм көрсетiлген мерзiм iшiнде тауар өндiрушiге бас тарту себептерiн көрсете отырып, Мемлекеттiк корпорацияға қағаз түрiнде немесе электрондық түрде АТЖ арқылы порталға осы Қағидалардың 11-қосымшаның 2-нысаны бойынша хабарлама жiбередi.

Тауар өндiрушi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келген жағдайда, Бөлiм көрсетiлген мерзiм iшiнде өтiнiмдi АТЖ арқылы салыстырып-тексеру актiсiнiң электрондық көшiрмесiн қоса бере отырып, Облыс басқармасына, Қала басқармасына жолдайды.

Облыс басқармасы, Қала басқармасы өтiнiм түскеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн деректердiң толықтығын тексередi және сәйкес келген жағдайда, тауар өндiрушiге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша АТЖ арқылы өтiнiмнiң мақұлданғаны туралы хабарлама жолдайды.

Құжаттарды Мемлекеттiк корпорация арқылы берген жағдайда Облыс басқармасы, Қала басқармасы көрсетiлген мерзiм iшiнде өтiнiмнiң мақұлданғаны туралы хабарламаны Бөлiмге жолдайды. Бөлiм бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiмнiң мақұлданғаны туралы хабарламаны Мемлекеттiк корпарацияға жолдайды.

Тауар өндiрушi Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде, құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету күнiне жатпайды, бұл ретте Бөлiм мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiнiң аяқталуына бiр күн бұрын ұсынады.

Көрсетiлген деректердiң толық еместiгi және салыстырып тексеру актiсiнiң қате жасалғаны анықталса, өтiнiм көрсетiлген мерзiм iшiнде АТЖ арқылы барлық сәйкессiздiктердiң уәждi негiздемесiмен бiрге Бөлiмге пысықтауға қайтарылады.

Салыстырып тексеру актiсi қате жасалуы себебiнен қайтарылған жағдайда, Бөлiм бiр күн iшiнде Басқармаға АТЖ арқылы пысықталған актiнi енгiзедi.

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

17. Облыс басқармасы, Қала басқармасы өтiнiмдi мақұлдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде бағыттардың басымдығын, сондай-ақ өтiнiмдердiң келiп түсу хронологиясын ескере отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес облыс, қала бойынша жиынтық акт қалыптастырады және ол ақы төлеуге жолданады.

18. Тауар өндiрушiлердiң банктiк шоттарына тиесiлi бюджеттiк субсидияларды аударуды Облыс басқармасы, Қала басқармасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлем шоттарын екi жұмыс күнi iшiнде беру арқылы жүзеге асырады.

19. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша алынған субсидиялар туралы мәлiметтердi Облыс басқармасы, Қала басқармасы тауар өндiрушiлерге субсидия төленген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде АТЖ-ға енгiзедi.

20. Тауар өндiрушiлер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм бергенге дейiн, көрсетiлген субсидиялау бағыттары бойынша АТЖ-ға екiншi деңгейдегi банктiң немесе Ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасының электрондық көшiрмесiн орналастырады (жылына бiр рет немесе банктiк шот ауысқан жағдайда берiледi), сондай-ақ мынадай тиiстi құжаттарды ресiмдейдi:

1) асыл тұқымды iрi қара мал, асыл тұқымды қойлар, ешкiлер, жылқылар, түйелер, шошқалар мен маралдар, ата-енелiк/ата-тектiк нысандағы құстардың еттi және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәулiктiк балапанын сатып алған жағдайда — осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 3 нысан бойынша жануарларды және/немесе құстарды кiрiске алу актiсi;

2) жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында өсiмдi молайту үшiн пайдаланылатын еттi, сүттi және сүттi-еттi тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтiп-баққан жағдайда — осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында еттi, сүттi және сүттi-еттi тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын бекiтiп беру және пайдалану бойынша мал иелерi болып табылатын елдi мекен тұрғындары жиынының шешiмi. Тұрғындар жиыны өткен соң тауар өндiрушi тұрғындар жиынының аталған шешiмiн Бөлiмге енгiзедi (көшiрмесi АТЖ-ға орналастырылады). Бөлiм тұрғындар жиынының шешiмiнде көрсетiлген деректерге сәйкес ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекiтiп бере отырып, АТЖ-да қоғамдық табын қалыптастырады;

3) жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерiнде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсiрумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында iрi қара малдың/қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүзеге асырған жағдайда — осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша iрi қара малдың/қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру туралы акт және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша iрi қара малдың ұрықтандырылған аналық басын буаздыққа зерттеп қарау актiсi.

21. Тауар өндiрушiлер базалық норматив бойынша тұқымдық түрлендiрумен қамтылған iрi қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзуге субсидия алу үшiн ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестiктi қамтамасыз етедi және осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған мерзiмдерде Мемлекеттiк корпорациясы немесе портал арқылы өтiнiм бередi.

Қосымша норматив бойынша iрi қара малдың асыл тұқымды аналық басымен және тұқымдық түрлендiрумен қамтылған iрi қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзуге субсидия алуға арналған өтiнiмдер күнтiзбелiк жылда бiр рет, бiрақ ағымдағы жылдың 20 қарашасынан кешiктiрiлмей берiледi. Бұзаулардың шығу пайызы мынадай формуламен есептеледi:

В=Т/К*100, мұнда:

В — өтiнiм берген күнге төлдердiң шығу пайызы;

Т — өтiнiм берген күнге дейiнгi соңғы он екi ай iшiнде соңғы төлдегенде сиырлардан (сиыр — төлдеген аналық бас немесе 36 айдан үлкен аналық бас) алынған бұзаулардың саны;

К — өтiнiм берген күнге сиырлардың (сиыр — төлдеген аналық бас немесе 36 айдан үлкен аналық бас) саны.

Тауар өндiрушiлер қойлардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзуге субсидиялар алу үшiн ағымдағы жылдың 1 қазанына дейiн осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестiктi қамтамасыз етедi және осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған мерзiмдерде Мемлекеттiк корпорация немесе портал арқылы өтiнiм бередi.

Тауар өндiрушi асыл тұқымды iрi қара малды төлемiн кейiнге қалдыра отырып (iшiнара төлей отырып), кредитке немесе лизингке сатып алған жағдайда, бюджеттiк қаражатты өтiнiмде көрсетiлетiн сатушының, кредит берушiнiң немесе лизинг берушiнiң есебiне аударуға жол берiледi.

Жеке және заңды тұлғалар табынның өсiмiн молайту үшiн асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтiп-бағуға субсидиялар алу үшiн ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiне дейiн осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестiктi қамтамасыз етедi және осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған мерзiмдерде Мемлекеттiк корпорация немесе портал арқылы өтiнiм бередi.

Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыру бағыты бойынша субсидиялар алу тәртiбi

22. Тауар өндiрушiлер мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыру бағыты бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

1) Мемлекеттiк корпорация арқылы қағаз түрiнде;

2) портал арқылы электрондық түрде өтiнiмдер ұсынады.

Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

23. Субсидиялар алудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құс фабрикаларының/100 мал орнынан басталатын бордақылау алаңдарының/шошқа өсiрушi кәсiпорындардың/iрi қара малды союмен және етiн бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарының тiзбесi (бұдан әрi — Тiзбе) және олардың өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестiгi облыстар, Астана мен Алматы қалалары деңгейiнде "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасының (бұдан әрi — "Атамекен" ҚР ҰКП) өңiрлiк кәсiпкерлер палаталары құратын, құрамында "Атамекен" ҚР ҰКП-да аккредиттелген қоғамдық салалық одақтар мен қауымдастықтар өкiлдерi және Бөлiм маманы бар арнайы комиссияның осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша қорытындысы негiзiнде жылына бiр рет айқындалады, ол Облыс басқармасы мен Бөлiмге жолданады.

Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

24. Арнайы комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құс фабрикаларының/100 мал орнынан басталатын бордақылау алаңдарының/шошқа өсiрушi кәсiпорындардың/iрi қара малды союмен және етiн бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарының тиiстi инфрақұрылымының бар-жоғын тексередi.

Жыл iшiнде Тiзбенi өзгертуге жол берiледi. Бұл ретте, құс фабрикалары мен шошқа өсiрушi шаруашылықтар үшiн арнайы комиссияның қорытындысына қоса берiлетiн өнiм өндiрудiң технологиялық картасы жасалады.

Тауар өндiрушiлердiң өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестiгiн айқындау бес жұмыс күнi iшiнде өтеусiз негiзде "Атамекен" ҚР ҰКП-ның өңiрлiк кәсiпкерлер палатасына тауар өндiрушiнiң жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.

Құрамажем құнын субсидиялау құрамажем кәсiпорындарына бекiтiлген ауыл шаруашылығы кооперативтерi тiзiмiнен ауыл шаруашылығы кооперативтерiне арзандатылған баға бойынша нақты өткiзiлген құрамажем көлемi үшiн жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың 1 наурызына дейiн Бөлiм осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарды ескере отырып, субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы кооперативтерi тiзiмiн бекiтедi және ауыл шаруашылығы жануарлары түрлерi (кооператив мүшелерiнiң ИСЖ-да тiркелген) бойынша жылдық қажеттiлiк нормалары негiзiнде олардың құрамажемге жылдық қажеттiлiгi көлемдерiн айқындайды.

Бекiтiлген ауыл шаруашылығы кооперативтерi тiзiмi тоқсан сайынғы негiзде қайта қаралуы мүмкiн. Бекiтiлген ауыл шаруашылығы кооперативтерi тiзiмi Облыс басқармасына жолданады және аудан, облыстық маңызы бар қала әкiмдiгiнiң сайтында жарияланады.

Субсидиялауға бiр килограмы 40 теңгеден аспайтын арзандатылған бағамен өткiзiлген құрамажем жатады.

Құрамажем зауыты құрамажем бекiтiлген Тiзбедегi ауыл шаруашылығы кооперативтерiне өткiзiлген жағдайда, оның өткiзiлген көлемi үшiн өтiнiм бередi.

Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

25. Бөлiм өтiнiмдi тiгiлген, нөмiрленген және мөрмен бекемделген арнайы журналда тiркейдi.

26. Бөлiм өтiнiм беруге негiз пайда болған сәттен бастап (өткiзiлген өнiм үшiн ақы төленген сәттен бастап) үш айдан аспаған өтiнiмдердi қабылдайды.

Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

27. Бөлiм өтiнiмдi алған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiнiң өтiнiмiн осы Қағидалардың 6, 7, 8-тармақтарында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексередi.

Бөлiм бұқашықтарды бордақылау, қозы етi, жылқы етi, түйе етi, шошқа етi құнын арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша салыстырып тексеру жүргiзу үшiн ветеринариялық ұйымнан осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiр мал иесiнiң тiркелген/шығып кеткен (АЖБ-дан) жануарлары бойынша ақпарат алады.

Бөлiм мал шаруашылығы өнiмiн субсидиялауға өтiнiм берген тауар өндiрушiлердi, оларда болған жағдайда, ауданның, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың ветеринария бөлiмi ұсынған, ауыл шаруашылығы жануарларының тиiстi түрлерi бойынша аса қауiптi және инфекциялық аурулар бойынша карантиндiк iс-шаралар қолданылған тауар өндiрушiлер тiзiмiмен салыстырып тексерудi жүзеге асырады.

Бөлiм көрсетiлген мерзiм iшiнде тауар өндiрушiнiң қызмет орнына осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетiлген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестiктi айқындау және зоотехникалық есепке алудың бастапқы құжаттарына (малдың қозғалысы туралы есептi, өнiм өндiру журналын қоса алғанда) салыстырып тексеру жүргiзу үшiн мынадай жағдайларда барады:

1) жекелеген бағыт бойынша өтiнiмдi алғаш рет беру;

2) алдыңғы өтiнiммен салыстырғанда, өндiрiс деңгейiнiң/кәсiпорын қуатының ұлғаюына байланысты субсидиялау нормативiнiң артуы;

3) жекелеген бағыт бойынша өтiнiм берiлген көлемдердiң өткен айдың өтiнiмiнен жиырма пайыздан астам асып кетуi.

Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға, осы Қағидалардың 6, 7, 8-тармақтарында көрсетiлген шарттарға сәйкес келмеу анықталған жағдайда, өтiнiм көрсетiлген мерзiм iшiнде барлық сәйкессiздiктердiң уәждi негiздемесi бар Мемлекеттiк корпорация және портал арқылы iлеспе хатпен тауар өндiрушiге қайтарылады.

Тауар өндiрушiлер түзетiлген сәйкессiздiктердi ескере отырып, өтiнiмдi қайта енгiзе алады.

Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

28. Тауар өндiрушi осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетiлген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келген жағдайда, Бөлiм осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша аудан бойынша жиынтық акт толтырады. Бекiтiлген аудан бойынша жиынтық акт және екiншi деңгейдегi банктiң немесе Ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасының (жылына бiр рет немесе банктiк шот ауысқан жағдайда берiледi) электрондық көшiрмесi екi жұмыс күнi iшiнде Облыс басқармасына берiледi. Бөлiм өтiнiмдi салыстырып тексеруге арналған құжаттармен бiрге үш жыл бойы сақтайды. Бөлiм Облыс басқармасына берiлетiн құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етедi.

29. Облыс басқармасы аудан бойынша жиынтық актiлердi мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыты бойынша жиынтық актiлердi тiркеу журналына тiркейдi.

Облыс басқармасы үш жұмыс күнi iшiнде Бөлiмдер ұсынған аудандар бойынша жиынтық актiлердi барлық деректердiң болуы және толықтығы тұрғысынан қарайды, сәйкессiздiк анықталған жағдайда, Облыс басқармасы ұсынылған аудандар бойынша жиынтық актiлердi қайтару себептерiн көрсете отырып, Бөлiмге пысықтауға қайтарады.

Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде Облыс басқармасына түзетiлген және толықтырылған жиынтық актiнi қайта енгiзедi, ал мүмкiн болмаған жағдайда, көрсетiлген мерзiм iшiнде өтiнiмдi қайтару себептерiн жазбаша көрсете отырып, тауар өндiрушiге қайтарады.

30. Сәйкес келген жағдайда, Облыс басқармасы бағыттың басымдығын, сондай-ақ, аудандар бойынша жиынтық актiлердiң келiп түсу хронологиясын ескере отырып, екi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлерге тиесiлi субсидиялардың көлемiн көрсете отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес облыс бойынша жиынтық акт толтырады.

Сәйкес келген жағдайда, Қала басқармасы бағыттың басымдығын ескере отырып, екi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлерге тиесiлi субсидиялардың көлемiн көрсете отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жиынтық акт толтырады.

31. Тиесiлi бюджеттiк субсидияларды тауар өндiрушiлердiң банктiк шоттарына аударуды Облыс басқармасы, Қала басқармасы бiр жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлем шоттарын беру жолымен жүзеге асырады.

32. Облыс басқармасы облыс, қала бойынша жиынтық акт бекiтiлген күннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде Бөлiмге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруға арналған бағыттар бойынша тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiн қарастыру қорытындылары жөнiндегi ақпаратты жолдайды.

Бөлiм алынған ақпарат бойынша кейiннен тауар өндiрушiге (өтiнiм берушiге) Мемлекеттiк корпорация немесе портал арқылы беру үшiн қарау нәтижелерiн қысқаша сипаттай отырып, әр тауар өндiрушi (өтiнiм берушi) бойынша жеке-жеке осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша өтiнiмдi қарау нәтижелерi туралы хабарлама қалыптастырады.

Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына

1-қосымша

Субсидиялар нормативтерi

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 12.12.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

№Субсидиялау бағытыӨлшем бiрлiгi1 бiрлiкке арналған субсидиялар нормативтерi, теңге Еттi мал шаруашылығы

1.Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргiзу

1.1Тауарлы аналық бас

1)Базалық нормативбас10 000

2)Қосымша норматив:

80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымыбас 8 000

60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымыбас 6 000

1.2Асыл тұқымды аналық бас

1)Базалық нормативбас 10 000

2)Қосымша норматив:

80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымыбас 20 000

70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымыбас 15 000

2.Асыл тұқымды iрi қара мал сатып алу*бас 150 000

2.1.Iрi қара малды союмен және етiн бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарының сиыр етi өндiрiсiнiң құнын арзандату

килограмм 175 

Сүттi және сүттi-еттi мал шаруашылығы 

1.Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзу

1.1Асыл тұқымды аналық бас

1)Базалық нормативбас 10 000

2)Қосымша норматив 70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымыбас 20 000 60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымыбас 15 000

2.Асыл тұқымды iрi қара мал сатып алу*

1)отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды iрi қара малыбас 170 000

2)импортталған асыл тұқымды iрi қара мал

Аустралия, АҚШ және Канада елдерiненбас 225 000

Еуропа және ТМД елдерiненбас 150 000

3.Сүт өндiру мен дайындаудың құнын арзандату**:

1)бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықкилограмм 25

2)бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылықкилограмм 15

3)ауыл шаруашылығы кооперативтерiкилограмм 10

Мал шаруашылығы

1.100 бастан бастап тiрi салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату:

1)400-ден 450 килограмға дейiнбас 45 000

2)451-ден 500 килограмға дейiн 60 000

3)501-ден 550 килограмға дейiн 65 000

4)551-ден 600 килограмға дейiн және одан жоғары 75 000

2.Ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшiн бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандатубас 20 000

3.Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерiнде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсiрумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында iрi қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастырубас****

4.Асыл тұқымдық және дистрибьютерлiк орталықтар сатып алған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргiзу үшiн пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтың құнын арзандатубiрлiк****

5.Қоғамдық және тауарлы табындарда еттi, сүттi және сүттi-еттi тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтiп-бағубас 100 000

Еттi құс шаруашылығы 

1.Отандық және шетелдiк шаруашылықтардан ата-енелiк/ата-тектiк нысандағы еттi бағыттағы асыл тұқымды тәулiктiк балапан сатып алуголова 600 

2.Құс (бройлер) етiн өндiру құнын арзандату **

1)15 000 тоннадан басталатын нақты өндiрiс*****килограмм80

2)10 000 тоннадан басталатын нақты өндiрiс*****килограмм70

3)5 000 тоннадан басталатын нақты өндiрiс*****килограмм60

4)1000 тоннадан басталатын нақты өндiрiс *****килограмм50

3.Күрке тауық етiн өндiру құнын арзандату*****килограмм200

4.Нақты өндiрiсi 20 тоннадан басталатын құс (суда жүзетiн құс және бройлер) етiн өндiру құнын арзандату*****килограмм40

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.Отандық және шетелдiк шаруашылықтардан ата-енелiк/ата-тектiк нысандағы жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәулiктiк балапан сатып алубас 400

2.Тағамдық жұмыртқа өндiру құнын арзандату*****

1)200 млн. данадан басталатын нақты өндiрiсдана 3

2)150 млн. данадан басталатын нақты өндiрiсдана 2,7

3)100 млн. данадан басталатын нақты өндiрiсдана 2,5

4)50 млн. данадан басталатын нақты өндiрiсдана 2,2

5)20 млн. данадан басталатын нақты өндiрiсдана 2

3.Бөдене жұмыртқаларын өндiру құнын арзандатудана****

Шошқа шаруашылығы

1.Асыл тұқымды шошқалар сатып алу*бас 75 000

2.Шошқа етiн өндiру құнын арзандату***

1)нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастапкилограмм 100

2)нақты бордақыланғаны 2 000 бастан бастапкилограмм 85

3)нақты бордақыланғаны 1 000 бастан бастапкилограмм 70

4)нақты бордақыланғаны 500 бастан бастапкилограмм 55

Қой шаруашылығы

1.Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерiнде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсiрумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастырубас****

2.Асыл тұқымдық және дистрибьютерлiк орталықтар сатып алған, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргiзу үшiн пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтың құнын арзандатубiрлiк****

3.Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзу

1)асыл тұқымды қойлардың аналық басыбас2 500

2)тауарлы қойлардың аналық басыбас1 500

4.Асыл тұқымды қойлар сатып алу*

1)тұсақтарбас8 000

2)тұқымдық қошқарларбас20 000

3)асыл тұқымдық орталықтарға арналған тұқымдық қошқарларбас30 000

5.Қозы етiн өндiру құнын арзандату**бас1 500

6.Қайта өңдеуге өткiзiлген биязы және жартылай биязы жүн өндiру құнын арзандату*****

1)сапасы 60-тан басталатын жүнкилограмм 150

2)сапасы 50-ден басталатын жүнкилограмм 100

Жылқы шаруашылығы

1.Асыл тұқымды айғырлар сатып алу*бас 100 000

2.Асыл тұқымды аналық бас сатып алу* бас 40 000

3.Бие сүтiн өндiру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның iшiнде ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшiнкилограмм****

4.Жылқы етiн өндiру құнын арзандатукилограмм****

Түйе шаруашылығы

1.Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу*бас 100 000

2.Асыл тұқымды аналық бас сатып алу*бас 40 000

3.Түйе сүтiн өндiру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның iшiнде ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшiнкилограмм****

4.Түйе етiн өндiру құнын арзандатукилограмм****

Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы)

1.Асыл тұқымды жануарлар сатып алу бас****

2.Аналық баспен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзубас****

Ешкi шаруашылығы

1.Асыл тұқымды мал сатып алубас****

2.Асыл тұқымды ешкiлердiң аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзубас****

3.Ешкi сүтiн өндiру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның iшiнде ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшiнкилограмм****

Балара шаруашылығы

1.Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзубалара ұясы****

Азық өндiру

1.Мал шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшiн құрамажем зауыттары өткiзген құрамажем құнын арзандату тонна20 000

2.Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын арзандату******бас****

Ескертпе:

* — асыл тұқымды жануарларды сатып алу бекiтiлген нормативке дейiн, бiрақ оны сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады;

** — осы Қағидаларға 5-тармаққа сәйкес Министрлiкпен келiсу бойынша белгiленген нормативтен жергiлiктi бюджеттен және/немесе басқа бюджеттiк бағдарламалардан бөлiнген кезде қосымша бюджеттiк қаражат бөлiнгенде субсидиялау нормативiн ұлғайту 50% -ға дейiн рұқсат етiледi;

*** — союға жiберiлген жануарлардың нақты саны АЖС базасынан соңғы 12 ай үшiн үзiндi-көшiрме негiзiнде айқындалады (пайдалануға жаңа енгiзiлген бордақылау алаңдарын қоспағанда);

**** — субсидиялар нормативi мен өлшемшарттары мен талаптары осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес Министрлiкпен келiсiм бойынша облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмдiгiнiң қаулысымен, бiрақ, қолдан ұрықтандыруды және сүттi бағыттағы асыл тұқымды iрi қара малды жыл бойы қорада күтiп-баққан жағдайда, азыққа жұмсалған шығындар құнын арзандатуды қоспағанда, шығындардың 50%-ынан аспайтын мөлшерде бекiтiледi;

***** — ауыл шаруашылығы өнiмнiң нақты өндiрiсi өткен жылдың 24-сх нысаны бойынша өткен жылдың жылдық статистикалық деректерiмен айқындалады;

****** — субсидиялар нормативi Министрлiк ұсынған ауыл шаруашылығы жануарларының бiр басына арналған тiкелей өндiрiстiк шығындар нормативтерi негiзiнде айқындалады.

Дата создания статьи: 07.02.2018 15:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.02.2018 11:57
Қаралым саны: 1183

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар