A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Әкім аппаратының ережесі

«Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты»
мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ
Егiндiкөл ауылы-2012 жыл  

1. Жалпы ережелер

1. «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты) аудан әкiмiнiң ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Егiндiкөл ауданы әкiмi аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Егiндiкөл ауданы әкiмi аппаратының құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi — 020600, Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6 үй.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы:

мемлекеттiк тiлде — «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi;

орыс тiлiнде — государственное учреждение «Аппарат акима Егиндыкольского района».

10. Осы Ереже Егiндiкөл ауданы әкiмi аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Ақмола облысының әкiмдiгi Егiндiкөл ауданы әкiм аппаратының құрылтайшысы, сондай-ақ мүлкiнiң меншiк иесi болып табылады.

12. Егiндiкөл ауданы әкiмi аппаратының қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппаратына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Егiндiкөл ауданы әкiмi аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк мекеменiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi,

функциялары мен құқықтары

14. «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы аудан әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып табылады.

15. Егiндiкөл ауданы әкiмi аппаратының негiзгi мiндеттерi аудан әкiмiнiң, оның орынбасарларының қызметiн ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

16. Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты келесi функцияларды орындайды:

- Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiктi, конституциялық сапты қорғау мен нығайту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету жөнiндегi саясатын жүргiзу;

- Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкiметтiң, аудан мен облыс әкiмi және әкiмдерi актiлерiнiң сөзсiз орындалуын ұйымдастыру және сөзсiз орындау;

- ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, экономикалық реформа жүргiзу шараларын әзiрлеу, оны жүзеге асырудың техникасы мен тетiктерiн жетiлдiру;

- атқарушы үкiмет органдары жұмысына жүйелi және әдiл талдау жүргiзу, аудан әкiмiнiң қатысуымен шешiлетiн негiзгi мәселелердi анықтау;

- ауыл және ауылдық округ әкiмдерiнiң қызметiн үйлестiру, олардың жұмыстарының стилдерi мен әдiстерiн жетiлдiру, жергiлiктi атқару органдарының құзырына жататын мәселелердi шешудегi дербестiктi арттыру;

- ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерiн талдау, саяси және әлеуметтiк-экономикалық процесстердi зерттеу, тиiстi ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;

- аудан әкiмiнiң аудандық мәслихатпен, мемлекеттiк басқару органдарымен өзара әрекет етуiн, оның қоғамдық, мәдени, дiни қозғалыстармен байланыстарын қамтамасыз ету;

- заңдылық пен құқық қорғауды қамтамасыз ету мәселелерiне, конституциялық құқық пен мндеттердi жүзеге асыруға барынша көмек көрсету, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн, қоғамдық тәртiптi нығайту жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;

- аудан әкiмiнiң кадрлық саясатты жүргiзуiн, кадрлар резервiн қалыптастыру мен дайындауын қамтамасыз ету;

- қызметтiк құжаттар мен азаматтардың өтiнiштерiн қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, ауыл және ауылдық округтердегi азаматтардың хаттарымен жұмыс жүргiзу жағдайын тексеру;

- мемлекеттiк және орыс тiлдерiн дұрыс қолдануға бағытталған шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру, iс жүргiзу ережелерiн сақтау, аудан әкiмi аппаратының жұмыс стилi мен әдiстерiн жақсарту;

- жергiлiктi мемлекеттiк басқару құрылымын жетiлдiру;

- жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқаруды жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

- ауданды әкiмшiлiк-аумақтық орналастыруды жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

- Егiндiкөл ауданының аумақтарын дамыту бағдарламаларын iске асыру;

- аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бағыттары бойынша қызметтiң нәтижесiн бағалауды жүзеге асыру;

- жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының мемлекеттiк қызмет көрсетуiне талдау жасау;

- сайлауға дайындықты ұйымдастыру;

- әкiмдiк пен мәслихаттың Орталық, облыстық және төменгi тұрған сайлау комиссияларымен өзара iс-әрекетiн қамтамасыз ету;

- гендерлiк саясатты iске асыру мәселелерi.

17. Өз мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты құқылы:

- мемлекеттiк органдардан, ауыл және ауылдық округтерi әкiмдерiнен ақпарат алу, сол сияқты оларға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беру;

- кәсiпорындар, мекемелер, және барлық меншiк түрiндегi ұйымдарға қажеттi ақпараттар, құжаттар немесе өзге де материалдар, қызықтыратын сауалдарға ауызша және жазбаша түсiнiктемелерге сұраныс жасау және алу;

- Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының, әкiмдiктiң және облыс әкiмi шешiмдерiнiң, әкiмдiк және аудан әкiмi шешiмдерiнiң орындалуына тексеру жүргiзу;

- мемлекеттiк органдардың билiгiндегi кез-келген, оның iшiнде құпия, ақпараттық банк деректерiн қолдану;

- мемлекеттiк көлiк құралдары, байланыс және коммуникация жүйелерiн қолдану;

- құқық қорғау, қаржы, салық және де басқа мемлекеттiк органдардың мамандарын, өкiлдерiн жұмысқа қамту, оның iшнде шарттық негiзде қамту;

- мемлекеттiк билiк органдарының қызмет құрылымын жетiлдiру жөнiнде аудан әкiмiне ұсыныс жасау;

- аудан әкiмi аппаратының жүргiзуiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдар және ұйымдармен қызметтiк хат алмасуды жүргiзу;

- дербес бөлiмдердiң қызметкерлерiн, ауыл және ауылдық округ әкiмдерiн, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiн аудан әкiмi және әкiмдiгi қарайтын мәселелердi шешуге қатыстыру.

3. Мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұйымдастыру

18. Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппаратына басшылық етудi аудан әкiмiнiң аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз қызметтерiн жүзеге асыруға дербес жауап беретiн басшы жүзеге асырады.

19. Аудан әкiмi Егiндiкөл ауданы әкiмi аппаратының басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Егiндiкөл ауданы әкiмi аппаратының басшысы:

- аудан әкiмiнiң аппараты туралы ереженi, аппараттың құрылымы және штат саны туралы, аппарат қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына үстемақы жасау туралы ережелердi дайындайды және оларды бекiту үшiн аудан әкiмiне ұсынады;

- аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды;

- аудан әкiмiнiң аппаратындағы iшкi жұмыс тәртiбiн белгiлейдi;

- аудан әкiмiне шешiм мен өкiмдердiң жобаларын, және басқа да материалдарды ұсынады;

- аудан әкiмi аппаратының аудандық басқармалар, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар, саяси партиялар мен қозғалыстар, басқа да қоғамдық бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары және халықпен тұрақты байланысын қамтамасыз ету;

- кадрлық саясатты iске асыру жұмысын үйлестiредi, аудан әкiмiнiң қарауына оның орынбасарларының келiсiмi бойынша аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi;

- құрылымдық бөлiмшелер туралы ереженi және аппараттың жауапты қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқауларын бекiтедi;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету шараларын қабылдайды және оған дербес жауапты болады.

Егiндiкөл ауданы әкiмi аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Егiндiкөл ауданы әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi өз қызметiн аудан әкiмi бекiткен осы Ереженiң және бөлiмдер туралы ережелердiң негiзiнде жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк мекеменiң жұмыс тәртiбi

22. Жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 (қырық) сағатты құрайды.

23. Жұмыс тәртiбi:

Жұмыстың басталуы сағат 09.00

Демалыс және ас iшу үшiн үзiлiс сағат 13.00-ден сағат 14.00 дейiн

Жұмыстың аяқталуы сағат 18.00

Демалыс күндерi сенбi, жексенбi.

5. Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi

24. «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктен құралады, және негiзгi қор мен айналымдағы құралдардан, сондай-ақ құны аудан әкiмi аппаратының балансында көрсетiлген өзге де мүлiктерден тұрады.

25. «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк ауданның коммуналдық меншiгiне жатады.

26. «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

6. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата создания статьи: 01.02.2018 10:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.02.2018 09:40
Қаралым саны: 942

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар