A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыс бөлімі туралы ереже

Егiндiкөл ауданы әкiмi
аппараты басшысының
20 _15_ жылғы «_30_» ___наурыз__
№ _3-п__ бұйрығымен
бекiтiлдi

 

1. Жалпы ережелер

1. Ұйымдастыру-бақылау жұмыс бөлiмi (бұдан әрi — Бөлiм) «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.

2. Бөлiм өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Жарлықтарын, Қаулылары мен Өкiмдерiн, облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, өзге де нормативтiк актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Бөлiмнiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiпте аудан әкiмi бекiтедi.

2. Бөлiмнiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

4. Бөлiмнiң миссиясы нормативтiк актiлер, құжаттар мен облыс әкiмi, аудан әкiмi тапсырмаларының орындалу мониторингi, бақылау сапасы мен уақытылығы, проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын айқындау, аудан әкiмiнiң қызметiн ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

5. Бөлiм қызметiнiң мақсаты нормативтiк актiлер, құжаттар мен облыс әкiмi, аудан әкiмi тапсырмаларының орындалу сапасының жақсаруын, уақытылығы мен тиiмдiлiгi бақылау болып табылады.

6. Негiзгi мiндеттерi:

1) аудан әкiмi мен оның аппаратының қызметiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

2) аудан әкiмiнiң ауыл және ауылдық округ әкiмдерiмен, жергiлiктi атқарушы органдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара әрекет етуiн қамтамасыз ету;

3) Президенттiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң директивалық актiлерiнiң, облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын бақылау;

4) сайлау комиссиялары, сайлау учаскелерi мен олардың шекараларының қалыптастырылуын бақылау, сайлаушылар тiзiмiн қалыптастыру;

5) аудан әкiмi мен ауыл және ауылдық округ әкiмдерiнiң аудан халқымен есеп беру кездесулерiн өткiзуiн бақылау;

6) меншiк түрiне қарамай, кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелердiң «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындауларын бақылау.

7. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Бөлiм келесi функцияларды жүзеге асырады:

1) ұйымдастыру жұмыстары мәселерi жөнiндегi түскен ақпараттарды жинау және өңдеудi жүзеге асыру;

2) облыс әкiмi, аудан әкiмi қатысатын iрi iс-шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкiмет актiлерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру, анықталған жөнсiздiктi жою, себебiн және олардың орындалмау жағдайын анықтау жөнiнде шаралар қолдану;

4) аудан әкiмi мен ауыл және ауылдық округ әкiмдерiнiң аудан халқымен есеп беру кездесулерiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

5) ТЖ алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру, жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.

8. Өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Бөлiм келесi құқықтар мен мiндеттерге ие:

1) жұмысты уақытылы және сапалы ұйымдастыру үшiн дербес бөлiмдерден, ауыл және ауылдық округ әкiмдерi аппараттарынан олардың қызметiн талдау үшiн қажеттi ақпараттар мен басқа да материалдар сұрату;

2) құзыры шектеуiнде аудан әкiмi аппаратындағы барлық ақпараттық деректердi қолдану;

3) бақылау құжатының белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей орындалуы жөнiнде ақпарат сұрату, уақытында орындалмаған жағдайда, орындауға жауапты тұлғадан жазбаша түсiнiктеме сұрату;

4) аудан әкiмi, әкiмнiң орынбасарлары, аудан әкiмi аппаратының басшысы өткiзетiн отырыстарға қатысу.

Бөлiмге оның қызметiне тән емес қосымша мiндеттер мен функциялар жүктелмейдi.

3. Бөлiмнiң жұмысын ұйымдастыру

9. Бөлiм заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, оның мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктерге ие.

10. Бөлiмдi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте аудан әкiмiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

11. Бөлiм басшысының өкiлеттiктерi:

1) бөлiмнiң жұмысына жалпы басшылық жасайды, Бөлiмге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшiн дербес жауап бередi;

3) Қазақстан Республикасының заңанамаларына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

12. Бөлiм басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн атқаруды қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

Дата создания статьи: 02.02.2018 17:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.02.2018 17:24
Қаралым саны: 1341

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар