A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық жұмыс бөлімі туралы ереже

Егiндiкөл ауданы әкiмi
аппараты басшысының
20 _15__ жылғы «_30__» ___03____
№ __3-п____ бұйрығымен
бекiтiлдi

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмi (бұдан әрi — Бөлiм) «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.

2. Бөлiм өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Жарлықтарын, Қаулылары мен Өкiмдерiн, облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, өзге де нормативтiк актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Бөлiмнiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiпте аудан әкiмi бекiтедi.

2. Бөлiмнiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

4. Бөлiмнiң миссиясы әкiмдiктiң нормативтiк құқықтық актiлерi жообаларының, аудан әкiмiнiң шешiмдерi, өкiмдерiнiң уақытылы және сапалы дайындалуын қамтамасыз ету, аудандық әкiмдiк қаулылары, облыс, аудан әкiмiнiң шешiмдерi, өкiмдерi және тапсырмаларының орындалуын бақылау болып табылады.

5. Бөлiм қызметiнiң мақсаты аудан әкiмiне қол қоюға ұсынылатын әкiмнiң шешiмдерi, өкiмдерi, әкiмдiктiң қаулылары және өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың заң талаптарына сәйкестiгiн тексеру болып табылады.

6. Негiзгi мiндеттерi:

1) аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының заңнамаларын насихаттау және түсiндiру;

3) аудан әкiмi аппаратының мүлiктiк және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғау;

4) аудан әкiмдiгiнiң қаулыларын, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды әзiрлеуге қатысу.

7. Бөлiм жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi функцияларды орындайды:

1) белгiленген тәртiпте аудан әкiмдiгiнiң, әкiмнiң және аудан әкiмi аппаратының мүдделерiн сот органдарында бiлдiру;

2) төмен тұрған ұйымдарда заңнамаларды қолданудың тәжiрибесiн қорытындылау, ұсыныстар дайындау және оларды аудан әкiмдiгiнiң, әкiмнiң, аудан әкiмi аппараты басшысының қарауына енгiзу;

3) аудан әкiмдiгiнiң қаулылары, аудан әкiмiнiң шешiмдерi, өкiмдерi жобаларының заң талаптарына сәйкестiгiн тексеру;

4) аудан әкiмiнiң аппараты, дербес атқарушы органдар мен Егiндiкөл ауданы ауыл, ауылдық округ әкiмдерi аппараттарына енгiзiлген ұсыныстар мен наразылықтардың уақытылы орындалуына бақылау жасау;

5) ауданның атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасында құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру және өткiзу.

8. Өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Бөлiм келесi құқықтар мен мiндеттерге ие:

1) аудан әкiмi аппаратының бөлiмдерi, ауыл және ауылдық округ әкiмдерi аппараттары, дербес бөлiмдер, жергiлiктi атқарушы билiктiң ведомстволары мен органдарынан қажеттi ақпараттар сұрату;

2) құзыры шектеуiнде аудан әкiмi аппаратындағы барлық ақпараттық деректердi қолдану;

3) бақылау құжатының белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей орындалуы жөнiнде ақпарат сұрату, уақытында орындалмаған жағдайда, орындауға жауапты тұлғадан жазбаша түсiнiктеме сұрату;

4) аудан әкiмi, әкiмнiң орынбасарлары, аудан әкiмi аппаратының басшысы өткiзетiн отырыстарға қатысу.

Бөлiмге оның қызметiне тән емес қосымша мiндеттер мен функциялар жүктелмейдi.

3. Бөлiмнiң жұмысын ұйымдастыру

9. Бөлiм заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, оның мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктерге ие.

10. Бөлiмдi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте аудан әкiмiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

11. Бөлiм басшысының өкiлеттiктерi:

1) бөлiмнiң жұмысына жалпы басшылық жасайды, Бөлiмге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшiн дербес жауап бередi;

3) Қазақстан Республикасының заңанамаларына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

12. Бөлiм басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн атқаруды қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

Дата создания статьи: 02.02.2018 15:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.02.2018 15:27
Қаралым саны: 723

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Жеңіс көшесі, 6

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар