A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже

Егiндiкөл ауданы әкiмi
аппараты басшысының
20 _15__ жылғы «_30__» ___03____
№ __3-п____ бұйрығымен
бекiтiлдi

 

1. Жалпы ережелер

1. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi (бұдан әрi — Бөлiм) «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.

2. Бөлiм өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Жарлықтарын, Қаулылары мен Өкiмдерiн, облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, өзге де нормативтiк актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Бөлiмнiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiпте аудан әкiмi бекiтедi.

2. Бөлiмiнiң негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

4. Бөлiмнiң миссиясы құжаттандырудың бiрыңғай тәртiбiн қамтамасыз ету, құжат айналымын және құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiнiң уақытылы қаралуын ұйымдастыру болып табылады.

5. Бөлiм қызметiнiң мақсаты қызметтiк құжаттардың мерзiмiне бақылау жасау, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау сапасын, уақытылығы мен нәтижесiн арттыруды бақылау болып табылады.

6. Негiзгi мiндеттерi:

1) аудан әкiмi аппаратындағы құжат айналымының көлемiн қысқарту;

2) құжаттардың фельдегерлiк, факсимильдi байланыс түрiнде, электронды пошта арқылы жiберiлуiн жүзеге асыру;

3) әкiмнiң, аудан әкiмi аппаратының дайындаған және келiп түскен құжаттардың сақталуын және өңделуiн, жүйеге келтiруiн қамтамасыз ету;

4) статистикалық үлгiдегi және электронды есептiк құжаттармен жұмыстарды, құжаттардың орындалу мерзiмiне бақылау жүргiзудi жетiлдiру;

5) ведомствалық мұрағаттағы құжаттармен анықтамалық-ақпараттық және жүйеге келтiру жұмыстарын жүзеге асыру;

6) аудан әкiмi аппаратының үздiксiз қызмет iстеуiн қаржылық және материалдық қаражатпен қамтамасыз ету;

7) аудан әкiмiнiң ақпараттық сайтын жүргiзу.

7. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Бөлiм келесi қызметтердi жүзеге асырады:

1) аудан әкiмдiгiнiң, аудан әкiмiнiң және оның орынбасарларының, аудан әкiмi аппараты басшысының және аудан әкiмi аппаратының құжаттамалық қызметтерiн қамтамасыз ету;

2) кiрiс хат-хабарларын, соның iшiнде «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгiсiндегi қатынас қағаздарын алдын-ала қарауды және тiркеудi, бастапқы өңдеуден өткiзудi жүзеге асыру, оларды басшылардың өз уақытында қарап шығуын ұйымдастыру;

3) жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтiнiштерiнiң есебiн жүргiзудi жүзеге асыру, азаматтардың аудан әкiмiнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдауында болуын ұйымдастыру, жеке қабылдау кезiнде берiлген тапсырмалардың қаралуын және орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;

4) iстердiң ведомстволық мұрағатта сақталуын, жүйеленуiн, әзiрленуiн жүзеге асыру, тұрақты және ұзақ мерзiмге сақтауға және жою үшiн iрiктеу мақсатында құжаттардың құндылығын сараптауды ұйымдастыру;

5) аудан әкiмi аппаратында және аудандық сайлау комиссиясында бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және есеп берудi ұйымдастыру, қаржыландыру жоспарына және нормативтерге, бекiтiлген нормаларға сәйкес аудан әкiмi аппаратының балансында тұрған, материалдық құндылықтарының сақталуына бақылау жасау.

8. Өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Бөлiм келесi құқықтар мен мiндеттерге ие:

1) аудан әкiмi аппаратының қызметкерлерiнен, дербес бөлiмдер мен ауыл және ауылдық округ әкiмдерi аппараттарының басшылары мен мамандарынан құжаттар даындау, ресiмдеу және жұмыс жүргiзудiң белгiленген тәртiбiнiң орындалуын бақылау және талап ету;

2) ауыл және ауылдық округ әкiмдерi аппаратынан, бөлiмдер және басқа да атқарушы органдардан бөлiмнiң жұмысына қажеттi мәлiметтер мен ақпараттарды сұрату;

3) құзыры шектеуiнде аудан әкiмi аппаратындағы барлық ақпараттық деректердi қолдану;

4) бақылау құжатының белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей орындалуы жөнiнде ақпарат сұрату, уақытында орындалмаған жағдайда, орындауға жауапты тұлғадан жазбаша түсiнiктеме сұрату;

5) аудан әкiмi, әкiмнiң орынбасарлары, аудан әкiмi аппаратының басшысы өткiзетiн отырыстарға қатысу.

Бөлiмге оның қызметiне тән емес қосымша мiндеттер мен функциялар жүктелмейдi.

3. Бөлiмiнiң жұмысын ұйымдастыру

9. Бөлiм заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, оның мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктерге ие.

10. Бөлiмдi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте аудан әкiмiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

11. Бөлiм басшысының өкiлеттiктерi:

1) бөлiмнiң жұмысына жалпы басшылық жасайды, Бөлiмге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшiн дербес жауап бередi;

3) Қазақстан Республикасының заңанамаларына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

12. Бөлiм басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн атқаруды қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

Дата создания статьи: 02.02.2018 18:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2018 10:51
Қаралым саны: 744

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Жеңіс көшесі, 6

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар