A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
«Егіндікөл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 2 тамыздағы
№_а-8/161 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН

1. Жалпы ережелер

1. «Егiндiкөл ауданының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi «Бөлiм») басқару функцияларын жүзеге асыру үшiн құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Бөлiм өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлiм ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бөлiм азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Бөлiм егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Бөлiм өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлiм басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Бөлiм құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Бөлiмнiң заңды мекен-жайы: индексi — 020600, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы, Жеңiс көшесi, 6.

9. Бөлiмнiң толық атауы:

мемлекеттiк тiлде — «Егiндiкөл ауданының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;

орыс тiлiнде — государственное учреждение «Отдел предпринимательства и промышленности Егиндыкольского района».

10. «Егiндiкөл ауданының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы Егiндiкөл ауданының әкiмдiгi арқылы мемлекет болып табылады.

11. Бөлiм және құрылтайшы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуда.

12. Осы ереже Бөлiмнiң құрылтай құжаты болып табылады.

13. Бөлiмнiң қызметi жергiлiктi бюджет қаражатынан қаржыландырылады.

14. Бөлiмге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлiм функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлiмге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Бөлiмнiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

15. Бөлiмнiң миссиясы кәсiпкерлiк қызмет саласында қатынастарды реттеу болып табылады:

16. Мiндеттерi:

 — аудандық бағдарламаларды өндеуге және iске асыруға қатысу;

- кәсiпкерлiк саласында бiрiңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асару, осы салада қоғамдық бiрлестiктермен және өзге мемлекеттiк, мемлекеттiк емес құрылымдармен өзара әрекеттесу;

- сауда және қызмет көрсету саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу болып табылады;

- өңдеу өнеркәсiбi саласының көлемiн ұлғайту;

- инновациялық-белсендi кәсiпорындардың санын арттыру;

- шағын және орта кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

- инвестицияларды, оның iшiнде шетелдiк инвестицияларды қамтуға қолайлы жағдайлар туғызуға көмек көрсету.

17. Функциялары:

- «Бизнестiң жол картасы -2020» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi жұмыстарды өткiзу;

- шағын кәсiпкерлiктi қаржылай қолдау бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру;

- шағын кәсiпкерлiкке қаржылық, техникалық және кеңес беру қызметтерiн көрсету мәселелерiнде халықаралық және отандық қаржы институттарымен, басқа ұйымдармен өзара әрекеттесуiн ұйымдастыру;

- шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерi бойынша кәсiпкерлер қауымдастығымен, бизнес-орталықтарымен, өзге мемлекеттiк және мемлекеттiк емес құрылымдармен өзара әрекеттесу;

- бизнес үшiн әкiмшiлiк тосқауылдарды төмендетуге бағытталған жұмысқа қатысу;

- шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша форумдар, кеңестер

және семинарлар ұйымдастыру және өткiзу;

- мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және азаматтардың өтiнiштерiн қарау;

- «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодекстiң 165-бабымен көзделген — белгiленбеген орындардағы сауда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру;

- өнеркәсiп салаларындағы дамуды зерттеу, талдау және болжамдау;

- Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде аймақтық және салалық бағдарламаларды iске асыру бөлiмiнде қатысу;

- өнеркәсiп саласының iрi және орта кәсiпорындарында жаңа жұмыс орындарын құру бөлiмiндегi жағдайлардың мониторингi және жұмыспен қамту мәселелерi бойынша ақпарат дайындау;

- кеңестер, семинарлар және форумдар өткiзудi ұйымдастыруда қатысу;

- АҚ және ТЖ бойынша iс-шараларға және материалдар дайындауға қатысу;

- облыс мониторингiне енгiзу үшiн, басым бағыттарға сәйкес жалпы аудандық экономикалық немесе әлеуметтiк мағынасы бар инвестициялық жобаларды сұрыптауда қатысу;

- 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның индустрияландыру картасы бойынша ұсыныстар енгiзу;

- сауда және қызмет көрсету саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

- сауда қызметiнiң және қызмет көрсету саласының мониторингiн жүргiзу;

- сауда қызметiн және қызмет көрсету саласын дамыту, тауарларды өндiру және өткiзуге қолайлы жағдай жасау бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

- сауда көрмелерiн, жәрмеңкелерiн, аукциондарын, конкурстарын және сауданы дамытумен байланысты басқа iс-шараларды өткiзуге дайындалу және қатысу;

- сауда қатынастарын жетiлдiру мақсатында қоғамдық ұйымдардың, жеке кәсiпкерлердiң және азаматтардың ұсыныстарын қарастыру және талдау жасау;

- тұтынушылық бағалар индексiнiң талдауы, ауылдар мен ауылдық округтар бойынша әлеуметтiк маңызды тауарлар мен қызмет көрсетулердiң бағаларына ай сайын мониторинг жүргiзу, азық-түлiк тауарларын халыққа өткiзудi ұйымдастыруда әрекет ету;

- сауда саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және тенгiзу;

- әлеуметтiк маңызды азық-түлiк тауарларына шектi жiберiлетiн бөлшек бағаларының мөлшерiн сақтауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

- әкiмнiң кәсiпкерлермен кездесулерiн ұйымдастыру және өткiзу;

- шағын биснес субъектiлерiне сауалнама жүргiзу;

- шағын кәсiпкерлiк көрсеткiштерi бойынша әлеуметтi-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспарын құру.

18. Құқықтары мен мiндеттерi:

- белгiленген тәртiпте кәсiпорындар мен ұйымдарға, өзге де мемлекеттiк және мемлекеттiк емес құрылымдарға бару, олардан бөлiмге жүктелген мiндеттер мен қызметтердi орындау үшiн қажетi мәлiметтер мен материалдар сұрату және алу;

 — қаржылық-несиелiк, инвестициялық, жекешелендiру, салықтық саясат және басқа мәселелер бойынша шешiм дайындауға қатысу;

- оларға қызмет көрсету үшiн құрылған кеңестiк комиссия және жұмыс тобының жұмысына қатысу;

- Бөлiмнiң құзырына қатысты мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар және өзге де iс-шаралар өткiзу болып табылады

3. Бөлiмнiң қызметiн ұйымдастыру

19. Бөлiмге басшылықты Бөлiмге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.

20. Бөлiм басшысын аудан әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. Бөлiм басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша мiндеттер жүктеледi оған ол дербес жауапкершiлiк етедi.

22.Бөлiм басшысының өкiлеттiгi:

- өзiнiң Бөлiм мамаңдарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлiм қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және босатады;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте Бөлiм қызметкерлерiн мадақтайды және тәртiптiк жаза қолданады;

- Бөлiм бұйрықтарын шығарады және олардың күшiн жояды.

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және көлемдерде мекеменiң мүлiгiне билiк жүргiзедi;

- келiсiм-шарттар жасайды;

- мемлекеттiк мекеменiң iссапарлары, тағылымдамалары, қызметкерлердiң қазақстандық және шет елдiк оқу орталықтарында және бiлiктiлiгiн жетiлдiрудiң басқа да түрлерi бойынша жоспарлар мен тәртiптерiн бекiтедi;

- банкте есеп-шот ашады;

- ауданның жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен штат санының лимитi шегiнде, Бөлiмнiң құрылымын, штат кестесiн әзiрлейдi және бекiтедi;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда Бөлiмдi бiлдiредi;

- Бөлiм жұмысының регламентiн бекiтедi

23. Бөлiм басшысы қабылдайтын шешiмдерi бұйрықпен рәсiмделедi.

24. Бөлiм басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн Бөлiмнiң бас маманы орындайды.

25. Бөлiм әкiмшiлiгi және еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуда.

4. Жұмыс тәртiбi

26. Жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 (қырық) сағатты құрайды.

27. Жұмыс тәртiбi:

Жұмыстың басталуы: сағат 09.00-де

Түскi үзiлiс сағат 13:00-тен 14.00-ге дейiн

Жұмыстың аяқталуы сағат 18:00-те

Демалыс күндерi сенбi, жексенбi

5. Бөлiмнiң мүлкi

28. Бөлiмнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

29. Бөлiм мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

30. Бөлiмге бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлiм, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Бөлiмдi қайта ұйымдастыру және тарату

32. Бөлiмдi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата создания статьи: 08.02.2018 11:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.02.2018 11:01
Қаралым саны: 818

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар