A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі «мемлекеттік мекемесі туралы ереже»

1. Жалпы ережелер

1. «Егiндiкөл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Бөлiм) аудан бюджетiн жоспарлау және орындау, ауданды экономикалық және әлеуметтiк дамытудың жоспарларын, үш жылдық мерзiмге арналған аудан бюджетiнiң жобаларын дайындау, бюджеттiк есеп және есептiлiк жүргiзу, аудандық коммуналдық меншiктi басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының — мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Бөлiм өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлiм мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланклерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бөлiм азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берлген болса, бөлiмнiң мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Бөлiм өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Егiндiкөл ауданы экономика және қаржы бөлiмi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Бөлiмнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс — 020600, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6-үй.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Егiндiкөл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Бөлiмнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. Бөлiмнiң қызметiн қаржыландыру аудан бюджетi қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

12. Бөлiмге Егiндiкөл ауданы экономика және қаржы бөлiмiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлiмге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. «Егiндiкөл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» ММ миссиясы:

әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүзеге асыру, ауданның бәсекеге қабылетiн арттыру және тұрақты экономикалық өсiмдi қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк экономикалық және бюджеттiк жоспарлау;

тiкелей және соңғы нәтижеге бағдарланған бюджеттiң тазалығы мен уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету, есептеу және қызметтiң үздiксiздiгi қағидасы бойынша нақты қаржылық есептiлiк құрастыру және экономикалық өсiмге көмек көрсету және Қазақстан Республикасы экономикасының тұрлаулы бәсекеге қабылеттiлiгiне қол жеткiзу мақсатында ауданның коммуналдық меншiгiн тиiмдi басқару.

14. Мiндеттерi:

1) ауданның әлеуметтiк — экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;

2) ауданнын әлеуметтiк-экономикалық дамуын экономикалық талдау, микроэкономикалық болжау және реттеу;

З) мемлекеттiң ақша-несие саясатымен өзара әрекеттестiкпен мемлекеттiк салыктық-бюджеттiк және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;

4) аудан бюджетiн жоспарлау және атқару, бюджеттiк есеп және есептiлiк жүргiзу, аудандық коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi заң актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

5) қаржыландыру тәртiбiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар дайындау;

6) мемлекеттiң қаржылық мүддесiн қорғауды ұйымдастыру;

7) жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау және орындау жөнiнде әдiснамалық басшылықты iске асыру;

8) мемлекеттiк мекемелердiң ақшалай қаражатты жұмсау тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;

9) мемлекеттiк коммуналдық объектiлердi реформалау жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

10) мемлекеттiк коммуналдық меншiк активтерiнiң қозғалысына есеп жүргiзу;

11) коммуналдық меншiк объектiлерiн басқару және жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

12) Бөлiмге Қазақстан Республикасы занңамаларымен жүктелген басқа да мiндеттер.

15. Функциялары:

1) ауданда экономика және бюджеттiк жоспарлауды дамытудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу және бiрыңғай саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;

2) аудан бюджетiнiң орта мерзiмдiк кезеңге арналған болжамдық көрсеткiштерiн жоспарлау және үш жылдық кезеңге арналған аудан бюджетiн жобалау;

3) ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiн жүзеге асыру;

4) мемлекеттiк органдардың бюджеттiк бағдарламаларын дайындауды үйлестiру және жүзеге асырылуын бақылау;

5) бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму Болжамын әзiрлеу;

6) бес жылдық кезеңге арналған аудан аумағын дамыту Бағдарламасын әзiрлеу;

7) ауданның стратегиялық және инвестициялық басымдықтарын айқындау;

8) аудан бюджетiнен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргiзу;

9) ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына талдау жүргiзу және оларды дамыту бағдарламаларын дайындауды үйлестiру;

10) еңбек ресурстарын дамыту және тиiмдi пайдалану, қосымша жұмыс орындарын құру, еңбекақы төлеудi реттеу және оның дәлелдерiн күшейту жөнiндегi шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;

11) ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму Болжамы негiзiнде аудан бюджетiне түсiмдер көлемiн болжауды жүзеге асыру;

12) алдағы үш жылдық мерзiмге аудан бюджетiнiң жобасын дайындау және аудан бюджетiнiң көрсеткiштерiн болжау;

13) ағымдагы бюджеттiк бағдарламалар және бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн үш жылға арналған бюджеттiк параметрлер болжамын қалыптастыру;

14) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген тәртiпте, жергiлiктi атқарушы органның аудандық мәслихаттың үш жылдық мерзiмге арналған ауданның бюджетi жөнiндегi шешiмiн жүзеге асыру туралы қаулысын әзiрлеу;

15) бөлiм қызметiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алу үдересiн жүзеге асыру;

16) бюджеттiк комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

17) аудан бюджетiнiң орындалуын, аудан бюджетiнiң атқарылуы жөнiндегi бюджеттiк есеп және есептiлiктiң жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;

18) аудан бюджетiнiң орындалуы бойынша (жылдық, ай сайынғы) есептердi дайындау және оларды жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарға және бюджеттiң орындалуы жөнiндегi облыстык өкiлеттi органга тапсыру;

19) бюджетке түсiмдердi қамтамасыз ету, бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру және бюджет тапшылығын қаржыландыру жөнiндегi iс-шараларды орындау;

20) шоттар ашуға рұқсат беру және кабылдаған мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыруды жүзеге асыру;

21) бюджеттiк бағдарламалардың орындалуына бағытталган iс-шараларды iске асыру;

22) төлемдер бойынша түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекiту, оларға толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу;

23) төлемдер бойынша түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын және мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi облыстық өкiлеттi органға және Егiндiкөл ауданының қазынашылық бөлiмiне тапсыру;

24) бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджет қаражатының игерiлуi жөнiнде мониторинг өткiзу;

25) жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерiне және бюджеттiк комиссияға бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi мониторингтiң барысы туралы ақпарат ұсыну;

26) бекiтiлген жергiлiктi бюджеттiк бағдарамалардың (кiшi бағдарламалардың) мақсаттылығы мен экономикалық тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыру;

27) мемлекеттiк сатып алу үдерiсi жөнiнде мониторинг өткiзу және мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi өкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу туралы ақпаратты тапсыру;

28) өз құзыры шектеуiнде аудандық коммуналдық меншiктi басқару саласында нормативтiк құқықтық актiлер жобасын әзiрлеу;

29) аудандық коммуналдық меншiктi басқару жұмысын ұйымдастыру және оны қорғау шараларын жүзеге асыру;

30) өз құзыры шектеуiнде аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген негiзгi құралдардың есептен шығуы, қабылдап-тапсырылуы жөнiндегi мәселелердi келiсу;

31) шаруашылық жүргiзу және жедел басқару құқығында мемлекеттiк заңды тұлғаларға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге бекiтiлген мүлiктi тиiмдi пайдалануды ұйымдастыру және бекiтiлген кестеге сәйкес тексеру жүргiзу;

32) бекiтiлген кестеге сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табыс бөлiгiн, қазыналық кәсiпорындардың жоспарлы көрсеткiштен артық алынған табысын тиiстi бюджетке уақытында және толық аудару, акционерлiк қоғамдардың акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер есептеуi, есептi жылдың қорытындысы бойынша бюджетке мемлекеттiң қатысуымен серiктестiктерге қатысудың мемлекеттiк үлесiне таза табыс есептеуi мәнiне тексерулер жүргiзу;

33) Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкiне есеп жүргiзудi ұйымдастыру;

34) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру жөнiнде сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жариялау, мерзiмдiк басылымды анықтау iс- шараларын өткiзудi қамтамасыз ету;

35) жекешелендiруге жататын аудандық коммуналдық мүлiктi сатуды ұйымдастыру, оның iшiнде жекешелендiру үдерiсiн ұйымдастыру үшiн делдалды тарту бойынша шаралар өткiзу, жекешелендiру нысандарын бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендiру нысандарды сатып алу-сату шарттарын жасау және сатып алу-сату шарттарының сақталуын бақылауды ұйымдастыру;

36) аудандық коммуналдық мүлiктi кейiнгi сатып алу құқығынсыз, кейiн сатып алу құқығымен немесе кейiнгi табыстау құқығымен жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға сенiм басқармасына, өтеусiз негiзде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне меншiкке ұсыну;

37) сенiм басқармасының аудандық коммуналдық меншiктi сенiм баскармасының шарты бойынша мiндеттерiн орындауын бақылауды жүзеге асыру;

38) мемлекеттiң қатысуымен аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар, акционерлiк қоғамдар және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң қаржы-шаруашылық қызметтерi (даму) жоспарларының орындалуына талдау жасау;

39) әдiлет органдарына тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде ұсыну үшiн мемлекеттiң қатысу үлесi бар мемлекеттiк заңды тұлғаларга, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге және акционерлiк қоғамдарға тиiстi заңды тұлғалардың орналаскан жерi туралы үшiн анықтама беру;

40) акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысу үлесiне, мемлекеттiк заңды тұлғалардың субъект құқығына иелiк ету және пайдалануды жүзеге асыру;

41) аудандық коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалға (аренда), кейiнгi сатып алу құқығынсыз, кейiнгi сатып алу құқығымен жеке тұлғаларга және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларга сенiм басқармасына ұсыну;

42) аудандық коммуналдық мүлктi| жекешелендiру туралы шешiм қабылдау;

43) аудандық коммналдық мүлiк объектiлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген, жекешелендiруi облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмi бойынша жүргiзiлетiн аудандық коммуналдық меншiктi жекешелендiру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiн алу;

44) аудандық коммуналдық мүлiк шарттарының орындалуы бойынша сенiм басқармасының есептерiн тыңдау және сенiм басқармасы меңгерушiсiнiң сенiмдiлiк басқармасы шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

45) жекешелендiруге жататын аудандық коммуналдық меншiк тiзбесiн бекiту және тиiстi жылы саудаға жататын объектлер тiзбесiн бекiту туралы аудан (қала) әкiмдiгiнiң қаулысын дайындау және бекiтудi ұйымдастыру;

46) жекешелендiру қызметiн бақылау жөнiндегi комиссия шешiмi негiзiнде оларды түзету мақсатында сатып алу-сату шарты бойынша қосымша келiсiмдер дайындауды ұйымдастыру;

47) бөлiмге Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) аудан дамуының мақсаттары, басымдықтары және стратегиясы жөнiндегi ұсыныстарды Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң қарауына ұсыну;

2) жергiлiктi атқарушы органдарға ауданның даму стратегиясын iске асыруға кедергi келтiретiн олардың қабылданған актiлерiне өзгерiстер енгiзу немесе қолданылуын жою туралы ұсыныс енгiзу;

3) өз құзыры шектеуiнде мiндеттi түрде орындауға жататын нұсқаулар беру;

4) аудандық бюджеттiк бағдарамалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiне бағалау жүргiзу және олар бойынша қорытындылар беру;

5) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде қарастырылған жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк

мекемелер, ұйымдардан жоспарлауды, бюджеттiң орындалуын, бюджетке түсiмдердi қамтамасыз ету, бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру және экономика мәселелерi! бойынша iс-шаралар кешенiн орындауға қажеттi ақпараттар, есептер және басқа да мәдiметтердi сұрату және алу;

6) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерiнiң келiсiмiмен бюджеттiк бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша төлемдердiң ай сайынғы кестесiне өзгерiстер енгiзу;

7) түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген тәртiпте, жылдық сомаларды қоса есептегендегi мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;

8) коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпиялық тәртiптiң сақталуын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына қатысты құжаттамалармен еш кедергiсiз танысу;

9) мемлекеттiк мекемелер тапсырған есептерге тексерiс жүргiзу;

10) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдар, мекемелер және мемлекеттiк кәсiпорындардан мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi есептердi және тауарлар, жұмыс және көрсетiлетiн қызметтердiң жоспарлы номенклатурасын сұрату және белгiленген мерзiмде алу;

11) мемлекеттiк органдардың иелiгiне және пайдалануына тапсырылған мемлекеттiк пакет акциялары мен мемлекеттiң қатысу үлесiн басқару тиiмдiлiгiн бақылауды ұйымдастыру және жүргзу;

12) сатып алушылардың коммуналдық меншiк объектiлерiн сатып алу-сату шарттарына сәйкес мiндеттемелердiң, сонымен қатар басқа да шарттық мiндеттемелердiң орындалуына бақылау жасау;

13) бақылау жүргiзу, оның iшiнде коммуналдық меншiк нысандарын сенiм басқармасының шарттарына сәйкес мiндеттемелердiң орындаулары бойынша сенiм басқармасы меңгерушiлерiнiң есебiн тыңдау;

14) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен оған жүктелген басқа да құқықтар мен мiндеттер.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. Бөлiмге басшылықты Бөлiмге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жузеге асырады.

18. Бөлiмнiң бастығы қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Егiндiкөл ауданы экономика және қаржы бөлiмi бiрiншi басшысынын өкiлеттiгi:

1) заңнамаларға сәйкес бөлiмнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, тәрттiптiк шара қолданады ‚бұйрықтарға қол қояды;

2) бөлiм мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiгiн анықтайды;

З) бөлiм аппаратының штат кестесiн, құрылымын және жергiлiктi атқарушы орган бекiткен штаттық сан шектеуiнде штат санын бекiтедi;

4) қолданыстағы заңдарға сәйкес бөлiмдi барлық мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда бiлдiредi;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

20. «Егiндiкөл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Бөлiмнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай к|iрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

21. Бөлiмге бекiтiлген мүлiк ауданның коммуналдық меншiгiне жатады.

22. Бөлiмнiң егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату

23. Бөлiмдi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата создания статьи: 06.06.2018 12:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2018 10:01
Қаралым саны: 1093

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар