A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Жалпы ережелер

1.Жалпы ережелер

1. «Егiндiкөл ауданы Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi- Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты) ауыл әкiмiнiң ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты өз құзыретiнiң мәселелерi бойыншазаңнамада белгiленген тәртiппен ауыл әкiмiнiң өкiмдерiмен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппаратының құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8.Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi-020600, ҚазақстанРеспубликасы, Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Победа көшесi, 6 үй.

9.Мемлекеттiк органның толық атауы- «Егiндiкөл ауданы Егiндiкөл ауылы әкiмi аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

10.Осы Ереже Егiндiкөл ауылы әкiмi аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11.Егiндiкөл ауданының әкiмдiгi Егiндiкөл ауылы әкiмi аппаратының құрылтайшысы, сондай-ақ мүлкiнiң меншiк иесi болып табылады.

12.Егiндiкөл ауылы әкiмi аппаратының қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13.Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппаратына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Егiндiкөл ауылы әкiмi аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк мекеменiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

14. «Егiндiкөл ауданы Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы ауыл әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып табылады.

15. Егiндiкөл ауылы әкiмi аппаратының негiзгi мiндеттерi ауыл әкiмiнiң қызметiн ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

16. Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты өз қызметiнде келесi функцияларды орындайды:

-Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентi, Үкiметi актiлерiнiң, облыс және аудан әкiмдiктерi қаулыларының, облыс, аудан және ауыл әкiмдерi шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын ұймдастыру және қамтамасыз ету;

-барлық мемлекеттiк органдар, сондай-ақ жеке меншiк нысанындағы ұйымдармен өзара iс-әрiкет жасасу;

-ауыл әкiмiнiң қызметiнұйымдастыру қамтамасыз ету, соның iшiндеауыл әкiмi қатысатын iс-шараларды өткiзу;

-ауылдағы құқықтық реформа, заңдылық және құқықтық тәртiптiң кешендi және қарқынды жүзеге асырлуын қамтамасыз ету;

-ауыл әкiмiнiң қызметiнқұжаттамалық қамтамасыз ету, iс жүргiзудi ұйымдастыру, қызметтiк құжаттар және азаматтардың өтiнiштерiн қарау, құжат айналымын талдау, титулдық бланкiлер мен елтаңба мөрдi пайдалану және сақтау, қызметкерлер персоналы жұмысында жоғары мәдениеттiлiктi және құпиялық тәртiптi қамтамасыз ету;

-ауыл әкiмi қызметiн материалдық-техникалық, шаруашылық, қаржылық және әлеуметтiк қамтамасыз ету;

-Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ауылдың аумағында ветериналдық-санитарлық қауыпсыздықты ету бойынша iс-шаралар өткiзедi.

17.Өз мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты құқылы:

-мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпараттар, құжаттар мен басқа материалдарды сұрату және алу;

-Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктi жүзеге асыру.

3.Мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұйымдастыру

18.Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппаратына басшылық етудi Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз қызметтерiн жүзеге асыруға дербес жауап беретiн ауыл әкiмi жүзеге асырады.

19.Ауыл әкiмi лауазымға тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi анықтаған тәртiппен қызметiнен босатылады және өзiнiң өкiлеттiгiн тоқтатады.

20.Аул әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес:

 — заңды тұлғалар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн орындауларына жәрдемдеседi;

-азаматтардың шағымдарын, өтiнiштерiн, ароыздарын қарайды, азаматтардың құқығымен бостандығын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;

-статистикалық шаруашылық есеп жүргiзедi, салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер жинауға көмектеседi;

-аудандық бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде Егiндiкөл аудандық мәслихаты сессиясының жұмысына қатысады;

-әкiмшi әкiм аппараты болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды дайындайды және Егiндiкөл аудандық мәслихатының бекiтуi үшiн аудан әкiмдiгiне ұсынады;

-өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын жүзеге асырады;

-шаруа жоқ (фермерлiк) алықтар ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға көмек көрсетедi;

-өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiк пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

-Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiпте нотариалдық әпекеттер жасау, азаматтардың хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

-тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiңдегi жұмысты ұйымдастырады;

-аз қамтамасыз етiлген тұлғалардың анвқтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, аталуы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, жалғызiлiктi қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

-жергiлiктi әлеуметтiк инфроқұрылымды дамытуға көмектеседi;

-қоғамдық көлiктiң қозғалысын қамтамасыз етедi, шүғыл дәрiгерлiк көмек керек болған жағдайда, ауруларды жақын жердегi дәрiгерлiк жәрдем көрсететiн денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастырады;

-жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс әрекет жасасады;

-мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарды, мәдениет мекемелерiнiң жұмысын қамтамасыз етедi;

-өз құзыретi шегiнде елдi мекендi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және суды пайдалану мәселесiн реттейдi;

-ауылдағы мемлекеттiк тұрғын үй қорын сақтауды, сонымен қатар ауылда автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, және ұстауды қамтамасыз етедi;

-ауылды көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру;

-туысқандары жоқтарды жерлеудi және зираттар мен басқа да жерлеу орындарын лайықты жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады;

-Егiндiкөл ауылы әкiмi аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметен босатады, заңмен белгiленген тәртiпте Егiндiкөл ауылы әкiмi аппаратының қызметкерлерiне көтермелеу шаралары мен тәртiптiк жаза қолданады;

-Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппаратын мемлекеттiк органдарға, басқа да мемлекеттiк ұйымдарға ұсынады;

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету шараларын қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

-Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкiлеттiктi жүзеге асырады.

Ауыл әкiмi болмаған кезiнде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны аммастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк мекеменiң жұмыс тәртiбi

21.Жұмыс уықытының ұзақтығы аптасына 40(қырық) сағатты құрайды.

22.Жұмыс тәртiбi:

Жұмыстың басталуы сағат 09:00

Демалыс және ас iшу үшiн үзiлiс сағат 13:00-ден сағат 14:00 дейiн

Жұмыстың аяқталуы сағат 18:00

Демалыс күндерi сенбi,жексенбi.

5.Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi

23. «Егiндiкөл ауданы Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктен құралады, және негiзгi қор мен айналымдағы құралдардан, сондай-ақ құны ауыл әкiмi аппаратының балансында көрсетiлген өзге де мүлiктерден тұрады.

24. «Егiндiкөл ауданы Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк ауданның коммуналдық меншiгiне жатады.

25. «Егiндiкөл ауданы Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiмен билiк етуге құқығы жоқ.

6.Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Егiндiкөл ауданы Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата создания статьи: 06.02.2018 15:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.02.2018 15:40
Қаралым саны: 1268

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар