A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
«Егіндікөл ауданы Бауман ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Егiндiкөл ауданы Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты) ауыл әкiмiнiң ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен ауыл әкiмiнiң өкiмдерiмен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Ауыл әкiмi аппаратының құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi-020602, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы, Бауман ауылы, Бауман көшесi, 7 үй.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Егiндiкөл ауданы Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Бауман ауылы әкiмi аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Егiндiкөл ауданының әкiмдiгi Бауман ауылы әкiмi аппаратының құрылтайшысы, сондай-ақ мүлкiнiң меншiк иесi болып табылады.

12. Бауман ауылы әкiмi аппаратының қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Бауман ауылы әкiмiнiң аппаратына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бауман ауылы әкiмi аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк мекеменiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

14. «Егiндiкөл ауданы Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы ауыл әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып табылады.

15. Бауман ауылы әкiмi аппаратының негiзгi мiндеттерi ауыл әкiмiнiң қызметiн ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

16. Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты өз қызметiнде келесi функцияларды орындайды:

 — Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентi, Үкiметi актiлерiнiң, облыс және аудан әкiмдiктерi қаулыларының, облыс, аудан және ауыл әкiмдерi шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

 — барлық мемлекеттiк органдар, сондай-ақ барлық жеке меншiк нысанындағы ұйымдармен өзара iс-әрекет жасасу;

 — ауыл әкiмiнiң қызметiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету, соның iшiнде ауыл әкiмi қатысатын iс-шараларды өткiзу;

 — ауылдағы құқықтық реформа, заңдылық және құқықтық тәртiптiң кешендi және қарқынды жүзеге асырлуын қамтамасыз ету;

 — ауыл әкiмiнiң қызметiн құжаттамалық қамтамасыз ету, iс жүргiзудi ұйымдастыру, қызметтiк құжаттар және азаматтардың өтiнiштерiн қарау, құжат айналымын талдау, титулдық бланкiлер мен елтаңба мөрдi пайдалану және сақтау, қызметкерлер персоналы жұмысында жоғары мәдениеттiлiктi және құпиялық тәртiптi қамтамасыз ету;

 — ауыл әкiмi қызметiн материалдық-техникалық, шаруашылық, қаржылық және әлеуметтiк қамтамасыз ету;

 — Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ауылдың аумағында ветеринарлық-санитарлық қауапсiздiктi қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар өткiзедi.

17. Өз мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты құқылы:

 — мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпараттар, құжаттар мен басқа материалдарды сұрату және алу;

 — Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктi жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұйымдастыру

18. Бауман ауылы әкiмiнiң аппаратына басшылық етудi Бауман ауылы әкiмiнiң аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз қызметтерiн жүзеге асыруға дербес жауап беретiн ауыл әкiмi жүзеге асырады.

19. Ауыл әкiмi лауазымға тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi анықтаған тәртiппен қызметiнен босатылады және өзiнiң өкiлеттiгiн тоқтады.

20. Ауыл әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес:

 — заңды тұлғалар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн орындауларына жәрдемдеседi;

 — азаматтардың шағымдарын, өтiнiштерiн, арыздарын қарайды, азаматтардың құқығымен бостандығын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;

 — статистикалық шаруашылық есеп жүргiзедi, салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер жинауға көмектеседi;

 — аудандық бюджеттi бекiту (нактылау) кезiнде Егiндiкөл аудандық мәслихаты сессиясының жұмысына қатысады;

 — әкiмшiсi әкiм аппараты болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды дайындайды және Егiндiкөл аудандық мәслихатының бекiтуi үшiн аудан әкiмдiгiне ұсынады;

 — өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

 — шаруа қож (фермерлiк) алықтар ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға көмек көрсетедi;

 — өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi,;

 — Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiпте нотариалдық әрекеттер жасау, азаматтардың хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

 — тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

 — аз қамтамасыз етiлген тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, жалғызiлiктi қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

 — жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға көмектеседi;

 — қоғамдық көлiктiң қозғалысын қамтамасыз етедi, шұғыл дәрiгерлiк көмек керек болған жағдайда, ауруларды жақын жердегi дәрiгерлiк жәрдем көрсететiн денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастырады;

 — жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдардарымен өзара iс әрекет жасасады;

 — мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерiнiң жұмысын қамтамасыз етедi;

 — өз құзыретi шегiнде елдi мекендi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және суды пайдалану мәселесiн реттейдi;

 — ауылдағы мемлекеттiк тұрғын үй қорын сақтауды, сонымен қатар ауылда автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, және ұстауды қамтамасыз етедi;

 — ауылды көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру;

 — туысқандары жоқтарды жерлеудi және зираттар мен басқа да жерлеу орындарын лайықты жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады;

 — Бауман ауылы әкiмi аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, заңмен белгiленген тәртiпте Бауман ауылы әкiмi аппаратының қызметкерлерiне көтермелеу шаралары мен тәртiптiк жаза қолданады;

- Бауман ауылы әкiмiнiң аппаратын мемлекеттiк органдарға, басқа да мемлекеттiк ұйымдарға ұсынады;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету шараларын қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

 — Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкiлеттiктi жүзеге асырады.

Ауыл әкiмi болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк мекеменiң жұмыс тәртiбi

21. Жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 (қырық) сағатты құрайды.

22. Жұмыс тәртiбi:

Жұмыстың басталуы сағат 09.00

Демалыс және ас iшу үшiн үзiлiс сағат 13.00-ден сағат 14.00 дейiн

Жұмыстың аяқталуы сағат 18.00

Демалыс күндерi сенбi, жексенбi.

5. Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi

23. «Егiндiкөл ауданы Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктен құралады, және негiзгi қор мен айналымдағы құралдардан, сондай-ақ құны ауыл әкiмi аппаратының балансында көрсетiлген өзге де мүлiктерден тұрады.

24. «Егiндiкөл ауданы Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк ауданның коммуналдық меншiгiне жатады.

25. «Егiндiкөл ауданы Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

6. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Егiндiкөл ауданы Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата создания статьи: 06.02.2018 15:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.02.2018 15:03
Қаралым саны: 679

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Жеңіс көшесі, 6

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар