A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
«Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы» ереже

1. Жалпы ережелерi

1. «Егiндiкөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты) ауылдық округi әкiмiнiң ақпараттық-талдамалық, қйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады,мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары,белгiленген үлгiдегi бланкiлерi,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса,мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты өз құзiретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен ауылдық округi әкiмiнiң өкiмдерiмен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Ауылдық округi әкiмi аппаратының құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi-020604,Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы,Егiндiкөл ауданы,Жалмаңқұлақ ауылы,Ленина көшесi,11 үй.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы- «Егiндiкөл ауданы Жалмаңқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Жалманқұлақ округi әкiмi аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Егiндiкөл ауданының әкiмдiгi Жалманқұлақ округi әкiмi аппараттың құрылтайшысы, сондай-ақ мүлкiнiң меншiк иесi болып табылады.

12. Жалманқұлақ округi әкiмi аппаратының қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Жалманқұлақ округi әкiмiнiң аппаратына кәсiпкерлiк субьектiлерiмен Жалманқұлақ округi әкiмi аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысындағы шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 Мемлекеттiк мекеменiң миссиясы,негiзгi мiндеттерi,функциялары мен құқықтары

14. «Жалманқұлақ округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы ауылдық округi әкiмiнiң қызметiн аппараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық- құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып табылады.

15. Жалманқұлақ округi әкiмiнiң аппаратының негiзгi мiндеттерi ауылдық округi әкiмiнiң қызметiн ұйымдастырушылық және құқықытық қамтамасыз ету болып табылады.

16. Жалманқұлақ округi әкiмiнiң аппараты өз қызметiнде келесi функцияларды орындайды:

-Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары,Қазақстан Республикасының Президентi ,Үкiметiнiң актiлерi, облыс және аудан әкiмдiктерi ұаулылары, облыс, аудан және ауыл әкiмдерiнiң шешiмдерi мен әкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

-барлық мемлекеттiк органдар, сондай-ақ барлық жеке меншiк нысандағы ұйымдармен өзара iс-әрекет жасасу;

- ауыл әкiмiнiң қызметiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету, соның iшiнде ауылдық округi әкiмi қатысатын iс-шараларды өткiзу;

-ауылдағы құқықтық реформа, заңдылық құқықтық тәртiптiң кешендi және қарқынды жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

- ауылдық округ әкiмiнiң қызметiн құжаттамалық қамтамасыз ету, әс-жүргiзудi ұйымдастыру,қызметтiк құжаттар және азаматтардың өтiнiштерiн қарау,құжат айналымын талдау, титулдық бланкiлермен елтаңба мөрдi пайдалану және сақтау, қызметкерлер персоналы жұмысындағы жоғары мәдениеттiлiктi және құпиялық тәртiптi қамтамасыз ету;

-ауылдық округi әкiмiнi қызметiн материалдық-техникалық, шаруашылық,қаржылық және әлеуметтiк қамтамасыз ету.

-Қазақстан Ркспубликасының заңнамаларына сәйкес ауылдық округiнiң аумағында ветериналдық-санитарлық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша iс-шараларды өткiзедi;

17. Өз мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн Жалманқұлақ округi әкiмiнiң аппараты құқылы:

-мемлекеттiк органдармен лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпараттар, құжаттар мен басқа материалдарды сұрату және алу;

-Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктi жүзеге асуры.

3. Мемлекеттiк мекенменiң қызметiн ұйымдастыру

18. Жалманқұлақ округi әкiмiнiң аппаратына басшылық етудi Жалманқұлақ округi әкiмiнiң аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз қызметiн жүзеге асыруға дербес жауап беретiн ауыл әкiмi жүзеге асырады.

19. Ауылдық округ әкiмi лауазымға тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасың президентi аңықтаған тәртiппен қызметтен босатылады және өзiнiң өкiлеттiлiгiн тоқтатады.

20. Ауылдық округi әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес:

Заңды тұлғалар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк актiлерiнiң орындалуына жәрдемдеседi:

- Азаматтардың шағымдарын, өтiнiштерiн, арыздарын қарайды, азаматтардың құқықытары мен бостандығын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды.

- статистикалық шаруашылық есеп жүргiзедi, салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер жинауға көмектемедi;

- аудандық бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде Егiндiкөл аудандық маслихат сессиясының жұмысына қатысады;

- әкiмшiсi әкiм аппараты болып табылатын бюджеттiк баңдарламаларды дайындайды және Егiндiкөл аудандық маслихатның бекiтуi үшiн аудан әкiмдiгiне ұсынады.

- Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

- Шаруа,қож (фермерлiк) алықтар ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамутуға көмек теседi.

- Өз құзiретi шегiнде әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi заңдардың орындалуын ұйымдастыруды және қамтамасыз етедi;

- Қазақстан Республикасы заңдармен белгiленген тәртiпте нотариалдық әрекеттер жасау, азаматтардың хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

- Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады:

- Аз қамтамасыз етiлген тұлғаларды аңықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi,жалғызiлiктi қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

- Жергiлiктi әлеуметтiк инфра құрылымдық дамытуға көмектеседi;

- Қоғамдық көлiк қозғалысын қамтамасыз етедi, шұғыл дәрiгерлiк көмек керек болған жағдайда, ауруларды жақын жердегi дәрiгерлiк жәрдем кқрсететiн денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастырады.

- Жергiлiктi өзiн-өзi бақару органдарымен өзара iс әрекет жасасады:

- Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерiнiң жұмысын қамтамасыз етедi.

- Өз құзiретi шегiнде елдi мекендi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерiн реттейдi.

- Ауылдық округтегi мемлекеттiк тұрғын үй қорын сақтауды, сонымен қатар ауылда автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, және ұстауды қамтамасыз етедi.

- Ауылдық округтi көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру.

- Туыстары жоқтарды жерлеудi және зираттар мен басқа да жерлеу орындарын лайықты жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады.

- Жалманқұлақ округi әкiмiнiң аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, заңмен белгiленген тәртiпте Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппаратының қызметкерлерiне көтермелеу шаралары мен тәртiптiк жаза қолданады.

- Жалманқұлақ округi әкiмiнiң аппаратын мемлекеттiк органдарға басқа да мемлекеттiк органдарға, басұа да мемлекеттiк ұйымдарға ұсынады;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету шараларын қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкiлеттiктi жүзеге асырады.

Ауылдық округi әкiмi болмаған кезеңде оның өкәлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес алмастыратын тұлға орындайды.

4.Мемлекеттiк мекеменiң жұмыс тәртiбi

21.жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 (қырық) сағатты құрайды.

22.жұмыс тәртiбi:

Жұмыстың басталуы сағат 09.00

Демалыс және ас iшу үшiн үзiлiс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейiн

Жұмыстығ аяқталуы сағат 18.00

Демалыс күндерi сенбi, жексенбi.

5.Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi

23. «Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекеменiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктен құрылады, және негiзгi мүлiктен құрылады, және негiзгi қор мен айналымдағы құралдардан, сондай-ақ құны ауылдық округi әкiмi аппаратының балансындағы өзге де мүлiктерден тұрады.

24. «Егiндiкөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты»

мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк ауданның коммуналдық меншiгiне жатады.

25. «Егiндiкөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты»мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

6.Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Егiндiкөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесмiне қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ркспубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата создания статьи: 06.02.2018 12:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.02.2018 17:59
Қаралым саны: 620

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Жеңіс көшесі, 6

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар