A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. <<Егiндiкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты>>

мемлекеттiк мекемесi (Бұдан әрi — Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты)ауылдық округi әкiмiнiң ақпараттық -талдамалық , ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы президентi мен Үкiмет актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық — құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай ақ,Қазақстар Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты азаматтық — құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық — құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен ауылдық округi әкiмiнiң өкiмдерiмен және Қазақстан Республикасы заңдамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Ауылдық округi әкiмi аппаратының құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi-020608, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Школьная көш.31үй

9. Мемлекеттiк ұйымның толық атауы -<< Егiндiкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты>> мемлекеттiк мекемесi

10. Осы ереже Ұзынкөл ауылдық округi әкiмi аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Егiндiкөл ауданының әкiмдiгi Ұзынкөл ауылдық округi әкiмi аппаратының құрылтайшысы, сондай ақ мүлкiнiң меншiк иесi болып табылады.

12. Ұзынкөл ауылдық округi әкiмi аппаратының қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппаратына кәсiпкерлiк субьектiлерiмен Ұзынкөл ауылдық округi әкiмi аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк мекеменiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары мен кұқықтары.

14. <<Егiндiкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты>>мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы ауылдық округi әкiмiнiң қызметiн ақпараттық  — талдамалық, ұйымдастырушылық құқықтық және материалдық — техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып табылады.

15. Ұзынкөл ауылдық округi әкiмi аппартының негiзгi мiндеттерi ауылдық округi әкiмiнiң, қызметiн ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

16. Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты өз қызметiнде келесi функсияларды орындайды:

- Қазақстан Республикасы Конституциясы,Қазақстан Республикасы заңдары, Қазақстан Республика Президентi,Үкiметi актiлерiнiң, обыс және аудан әкiмдiктерi қаулыларының , облыс, аудан және ауыл әкiмдерi шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

- Барлық мемлекеттiк органдар, сондай ақ барлық жекеменшiк нысанындағы ұйымдар мен өзара iс — әрекет жасасу

- Ауыл әкiмiнiң қызметiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету, соның iшiнде ауылдық округi әкiмi қатысатын iс — шараларды өткiзу;

- Ауылдағы құқықтық реформа, заңдылық және құқықтық тәртiптiң кешендi және қарқынды жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

- Ауылдық округi әкiмiнiң қызметiн құжаттамалық қамтамасыз ету, iс жүргiзудi ұйымдастыру, қызметтiк құжаттар және азаматтардың өтiнiштерiн қарау, құжат айналымын талдау, титулдық бланкiлер мен елтаңба мөдi пайдалану және сақтау, қызметкерлер персоналы жұмысында жоғары мәдениеттiлiктi және құпиялық тәртiптi қамтамасыз ету;

- Қазақстар Республикасының заңнамаларына сәйкес ауылдық округiнiң аумағында ветеринарлық — санитарлық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша iс — шаралар өткiзедi.

17. Өз мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты құқылы:

- Мемлекеттiк органдар мен лауазымда тұлғалардан қажеттi ақпараттар құжаттар мен басқа материалдарды сұрату және алу;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктi жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұйымдастыру

18. Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз қызметтерiн жүзеге асыруға дербес жауап беретiн ауыл әкiмi жүзеге асырады.

19. Ауылдық округi әкiмi лауазымға тағайындалады немесе сайланады, сондай -ақ Қазақстан Республикасы Президентi анықтаған тәртiп пен қызметiнен босатылады және өзiнiң өкiлеттiгiн тоқтатады.

20. Ауылдық округi әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес:

- Заңды тұлғалар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн орындауларына жәрдемдеседi;

- Азаматтардың шағымдарын, өтiнiштерiн, арыздарын қарайды, азаматтардық құқығымен бостандығын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;

- Статистикалық шаруашылық есеп жүргiзедi, салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер жинауға көмектеседi;

- Аудандық бюджеттi бекiту (нақтылау)кезiнде Егiндiкөл аудадық мәслихаты сессиясының жұмысына қатысады;

- Әкiмшiсi әкiм аппараты болып табылатын бюджеттiк бағдарламалардыдайындайды және Егiндiкөл аудандық мәслихатының бекiтуi үшiн аудан әкiмдiгiне ұсынады;

- Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

- Шаруа қожалықтар(фермерлiк)ұйымдастыруға , кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға қызмет көрсетедi;

- Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

- Қазақстар Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiпте нотариалдық әрекеттер жасау, азаматтардың хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

- Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

- Аз қамтамасыз етiлген тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, жалғызiлiктi қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

- Жергiлiктi әлеуметтiк инфроқұрылымды дамытуға көмектеседi:

- Қоғамдық көлiктiң қозғалысын қамтамасыз етедi, шұғыл дәрiгерлiк көмек керек болған жағдайда, ауруларды жақын жердегi дәрiгерлiк жәрдем кқрсететiн денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастырады;

- Жергiлiктi өзiн- өзi басқару органдары мен өзара iс- әрекет жасасады;

- Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерiнiң жұмысын қамтамасыз етедi;

- Өз құзiретi шегiнде елдi мекендi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және суды пайдалану мәселесiн реттейдi;

- Ауылдық округтегi мемлекеттiк тұрғын үй қорын сақтауды, сонымен қатар ауылда автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және ұстауды қамтамасыз етедi;

- Ауылдық округтi көркейту, жаңғырту, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру;

- Туысқандары жоқтарды жерлеудi және зираттар мен басқа да жерлеу орындарын лайықты жағдайда ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкiлеттiлiктi жүзеге асырады.

Ауылдық округi әкiмi болмаған кезеңде оның өкiлеттiлiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк мекеменiң жұмыс тәртiбi

21. Жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағатты құрайды.

22. Жұмыс тәртiбi:

Жұмыстың басталуы сағат 09.00

Демалыс және ас iшу үшiн үзiлiс сағат 13.00-ден сағат 14.00 дейiн

Жұмыстың аяқталуы сағат 18.00

Демалыс күндерi сенбi, жексенбi.

5. Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi

23. <<Ұзынкөл ауылдық округi аппараты>> мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктен құрылады, және негiзгi қор мен айналымдағы құралдардан, сондай-ақ құны ауылдық округi әкiмi аппаратының балансында көрсетiлген өзге де мүлiктерден тұрады.

24. <<Егiндiкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты>> мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк ауданның коммуналдық меншiгiне жатады.

25. <<Егiндiкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты>> мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

26.

6. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату

27. <<Егiндiкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты>> мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата создания статьи: 06.02.2018 17:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.02.2018 17:21
Қаралым саны: 915

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар