A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Егiндiкөл ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Бөлiм) Егiндiкөл ауданының аумағында ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Бөлiм өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлiм мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бөлiм азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Бөлiм егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Бөлiм өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiм басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Бөлiмнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi — 020600, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Победа көшесi, 2 үй.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Егiндiкөл ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже бөлiмнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. Егiндiкөл ауданының әкiмдiгi Бөлiмнiң құрылтайшысы болып табылады.

12. Бөлiмнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Бөлiмге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлiм функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер бөлiмге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

14. Бөлiмнiң миссиясы ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары арасындағы туындаған қатынастарды реттеуге негiзделген.

15. Мiндеттерi:

ауыл шаруашылығы, ветеринария, және жер қатынастары саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;

жануарларды аса қауiптi аурулардан қорғау;

ветеринариялық-санитарлық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.

16.Функциялары:

- аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өткiзу жүйесiн реттеу жөнiндегi әрекет етушi нарықтық механизмдi құру;

- аграрлық сектор дамуының тұжырымдамасын әзiрлеу және жүзеге асыру, беталысты талдау, оның болашағын болжау және айқындау;

- аграрлықөнеркәсiп кешенiнiң реформаларын жетiлдiру және тереңдету, шаруашылықтың әр түрлi тиiмдi түрлерiн дамыту;

- аграрлық секторда қаржы-несие саясатын әзiрлеу және iске асыру, ауыл шаруашылық құрылымдарды қаржылық-экономикалық сауықтыру жөнiндегi шараларды орындау;

- аграрлық өнеркәсiп кешенiнде әр түрлi меншiк нысандары мен шаруашылық түрлерi қызмет еткен жағдайда есептi, жедел және бухгалтерлiк шұғыл есеп берудi ұйымдастыру және жетiлдiру;

- мемлекеттiк саясатты және техникалық, энергетикалық, химияландыру саласында ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, тауар өндiрушiлерге сервистiк қызмет көрсету жұмыстарын үйлестiрудi жүзеге асыру;

- ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң техникалық қамтамасыз етiлуiн жоғарылату құралы ретiнде лизингтiк қатынастарды дамытуға ықпал ету;

- тұқым ресурстарына мониторингтi жүзеге асыру;

- тиiстi куәлiктi беру арқылы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертханаларды аттестациялауды жүргiзу;

- апробаторлар және тұқым сарапшысы кадарларын дайындау және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

 — тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

 — агроөнеркәсiптiк кешен саласында мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

- тиiстi құжаттарды және мемлекеттiк тiркеу номерлерiнiң белгiлерiн, аталған көлiк құралдарын және тiркемелердi, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн, арнайы құралдар орналастырылған тiркемелердi қоса алғанда, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жол талғамайтын арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеуге алу;

- тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн, арнайы құралдар орналастырылған тiркемелердi қоса алғанда, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жол талғамайтын арнайы машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

- тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн, арнайы құралдар орналастырылған тiркемелердi қоса алғанда, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жол талғамайтын арнайы машиналарды: қарда жүретiндер, квадроциклдер және басқа да техникаларды жыл сайын мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу;

- тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн жүргiзуге құқық беретiн емтихан қабылдау және куәлiк беру;

 — өз құзырына жататын тиiстi тапсырмалар, аудан әкiмiнiң шешiмдерi, өкiмдерi, аудан әкiмдiгi қаулыларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

- уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ветеринариялық-санитарлық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде ветеринариялық iс-шаралар жоспарларын бекiту;

- ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, ауданның жергiлiктi атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткiзудi) ұйымдастыру;

- профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн әзiрлеу;

- жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды, оларды сақтауды және ауданның жергiлiктi атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткiзудi) ұйымдастыруды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есепке алуды және есептiлiктi жүргiзудi, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкiлеттi органға табыс ету;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi iс шараларды өткiзудi және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру бойынша дерекқорды жүргiзудi ұйымдастыру;

- халық арасында ветеринария мәселелерi бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;

- жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөм және жемшөм қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияны ұйымдастыру;

- тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу;

- Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша аса қауiптi аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық iс шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттiк сатып алуды және тасымалдауды (жеткiзудi) жүзеге асыру;

- қаңғып жүрген иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

- мал көмiндiлерiн (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз ету;

- жануарларға ветеринариялық паспорттар беру;

- тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтамалар беру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

- ауданның жергiлiктi өкiлеттi органдарына елдi мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерiн, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiндегi ұсыныстарды бекiтуге енгiзу;

- алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтеу;

- жер қатынастарының дамуына мүдделi ведомстволармен жерде әр түрлi нысандағы шаруашылықтардың тиiмдi қызмет етуi үшiн құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық жағдай туғызу мақсатымен, сондай-ақ жер өнiмдiлiгiн сақтау және жаңартуға, оларды тиiмдi пайдалануға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруда бiрлесiп әрекет ету;

- ғылыми-техникалық өрлеудiң өсiмдiк шаруашылығы, мал шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсiбi салаларындағы негiзгi бағыттарын айқындау, өндiрiске ғылым мен техника жетiстiктерiн енгiзуге әсер ету;

- жер қатынастарын реттеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу;

- жерге орналастыру жөнiндегi iс-шараларды iске асыру жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- мемлекеттiк жер кадастрын және жер монитрингiн жүргiзудi ұйымдастыру;

- жер қатынастары саласындағы мемлекет мүддесiн қорғау.

17. Құқықтары мен мiндеттерi:

 — Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң қарауына аудан дамуының мақсаты, басымдықтары және стратегиясы бойынша ұсыныстар енгiзу;

 — жергiлiктi атқарушы органдарға, олардың қабылдаған аудан дамуының стратегиясына қайшы келетiн актiлерiнiң қолданылуын жоюы немесе өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныстар енгiзу;

 — өз құзыретi шегiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беру;

- мемлекеттiк органдар, басқа ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан қажеттi ақпарат сұрату және алу;

 — мемлекеттiк мекемелер тапсыратын есептердi тексерудi жүзеге асыру;

 — Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Жұмыс режимi

18. Бөлiмнiң жұмыс режимi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

19. Бөлiмге басшылықты Бөлiмге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

20. Бөлiм басшысын аудан әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. Бөлiм басшысының өкiлеттiктерi:

- Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген тәртiпте Бөлiм қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

- Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген жағдайлар мен шектеулерде барлық ұйымдарда Бөлiмнiң мүдделерiн бiлдiредi;

- дара басшылық қағидасымен жұмыс iстейдi және Қазақстан Республикасының заңнамалары және осы Ережемен анықталатын оның құзырына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң мәселелерiн өз бетiнше шешедi;

- Бөлiмнiң құқықтық актiлерiне қол қояды;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгiленген тәртiпте Бөлiмнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары мен қызметкерлерiн ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

- Бөлiмнiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының лауазымдық нұсқауларын бекiтедi;

- белгiленген тәртiпте қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерiн шешедi, бюджеттiк қаражаттың тиiмдi және нысаналы пайдаланылуын бақылайды;

- Қазақстан Республикасының заңнамалары, осы Ереже және құрылтайшымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Бөлiм басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

22. Бөлiм мамандары Бөлiм басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

5. Мемлекеттiк органның мүлкi

23. Бөлiмнiң жедел басқару құқығында заңнамалармен қарастырылған жағдайларда оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Бөлiмнiң мүлкi оған меншiк иесi тапсырған мүлiктiң есебiнен, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен сатып алынған мүлiктен (ақшалай табысты қосқанда) қалыптастырылады.

24. Бөлiмге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

25. Бөлiмнiң оған бекiтiлген мүлiктi және егер заңмен басқасы белгiленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша берiлген қаражат есебiнен сатып алынған мү.лiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

6. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. Бөлiмдi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата создания статьи: 07.02.2018 14:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.02.2018 14:57
Қаралым саны: 855

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар