A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімі туралы ереже

Егiндiкөл ауданы әкiмi
аппараты басшысының
2015 жылғы «30»_03____
№ 3-н_ бұйрығымен
бекiтiлдi

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi талдау бөлiмi (бұдан әрi — Бөлiм) «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.

2. Бөлiм өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Жарлықтарын, Қаулылары мен Өкiмдерiн, облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, өзге де нормативтiк актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Бөлiмнiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiпте аудан әкiмi бекiтедi.

2. Бөлiмнiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

4. Бөлiмнiң миссиясы жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсетуiнiң мониторингi және талдау, проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын айқындау болып табылады.

5. Бөлiм қызметiнiң мақсаты халыққа мемлекеттiк қызметтер ұсыну сапасын жақсарту, уақытылығы мен нәтижесiн бақылау болып табылады.

6. Негiзгi мiндеттерi:

1) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсетуiнiң мониторингi және талдау, проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын айқындау;

2) жергiлiктi атқарушы органдардың құзырына жататын мемлекеттiк қызметтер ұсыну сапасына iшкi бақылау жүргiзу;

3) мемлекеттiк қызметтер ұсыну мәселелерi бойынша ауданның аумақтық мекемелерiмен өзара iс-қимыл ұйымдастыру;

4) мемлекеттiк қызметтер ұсыну мәселелерi бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы, ауданның ауыл және ауылдық округ әкiмдерiнiң аппараттары, үкiметтi кемес құрылымдармен өзара iс-әрекет жүргiзу;

5) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсетуiн қамтамасыз ету және деректердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген қызметтер көрсету стандартына сәйкес «Е-лицензиялау» базасына енгiзу;

6) мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарының орындалуын қамтамасыз ету.

7. Бөлiм жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi функцияларды орындайды:

1) қызметтер көрсетушiлердiң қатысуымен мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралыесептердi жария талқылау өткiзудi қамтамасыз ету;

2) аудан әкiмiнiң сайтында мемлекеттiк қызметтерге қатысты стандарттар, регламенттер мен ақпараттар жариялау;

3) қызметтер алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

4) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасы және уақытылығы бақылау, анықталған бұзушылықтарды, олардың орындалмау себептер мен жағдайлары жою бойынша шаралар қабылдау.

8. Өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Бөлiм келесi құқықтар мен мiндеттерге ие:

1) уақытылы және сапалы жұмысты ұйымдастыру үшiн дербес бөлiмдер, ауыл және ауылдық округ әкiмдерi аппараттарынан ақпараттар және олардың қызметiн талдау үшiн қажеттi материалдар сұрату;

2) құзыры шектеуiнде аудан әкiмi аппаратындағы барлық ақпараттық деректердi қолдану;

3) бақылау құжатының белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей орындалуы жөнiнде ақпарат сұрату, уақытында орындалмаған жағдайда, орындауға жауапты тұлғадан жазбаша түсiнiктеме сұрату;

4) аудан әкiмi, әкiмнiң орынбасарлары, аудан әкiмi аппаратының басшысы өткiзетiн отырыстарға қатысу;

Бөлiмге оның қызметiне тән емес қосымша мiндеттер мен функциялар жүктелмейдi.

3. Бөлiм жұмысын ұйымдастыру

9. Бөлiм заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, оның мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктерге ие.

10. Бөлiмдi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте аудан әкiмiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

11. Бөлiм басшысының өкiлеттiктерi:

1) бөлiмнiң жұмысына жалпы басшылық жасайды, Бөлiмге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшiн дербес жауап бередi;

3) Қазақстан Республикасының заңанамаларына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

12. Бөлiм басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн атқаруды қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

Дата создания статьи: 02.02.2018 12:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.04.2018 12:37
Қаралым саны: 1179

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар