A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
«Нұр Отан» Партиясы

Қоғамдық бiрлестiк
"Нұр Отан" Партиясы»
ЕГIНДIКӨЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ
Мекен-жайымыз: Ақмола облысы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6, Индекс 020600, тел.:
8(716-42)-2-19-10,
e-mail: egindykol_kanz@akmo.kz

"Нұр Отан "партиясы" Егiндiкөл аудандық филиалының төрағасы
Исабеков Ерлан Шойұлы
Тел:8 (716-42) -2-11-33
e-mail: egindykol_kanz@akmo.kz
Төрағаның бiрiншi орынбасары
Егiндiкөл аудандық филиалының
"Нұр Отан" Партиясы»
Тел: 8(716-42)-2-19-10
e-mail: o.toporkova@nurotan.kz

Қоғамдық бiрлестiк

"Нұр Отан" Партиясы»

Егiндiкөл аудандық филиалы

v пошталық мекен-жайы:

020600 Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 7/1.

v электрондық пошта адресi:

o.toporkova@nurotan.kz

v Телефон-факс 8 (716-42) 2-19-10.

Филиал басшылығы:

"Нұр Отан "партиясы" аудандық филиалының төрағасы Төлепов Нариман Ихсанович, Егiндiкөл ауданының әкiмi.

Филиал аппараты:

Партия аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Муллаянов Роберт Хабирьянович

Есеп және статистика секторының меңгерушiсi, бас бухгалтер Топоркова Ольга Анатольевна.

2014 жылдың 1 маусымына "Нұр Отан "партиясы аудандық филиалының саны 1012 адамды құрайды,олар 15 бастауыш партия ұйымында тiркелген.

Нұротандықтар әлеуметтiк саланың барлық салаларында, ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс iстейдi, Егiндiкөл ауданының әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларын iске асыруға белсендi қатысады.

Партияның аудандық филиалы жанында жұмыс iстейдi:

Аудандық мәслихаттың депутаты Алпыспаев Жұмағұл Тутайұлы басқаратын партиялық бақылау комиссиясы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi қоғамдық кеңестi аудандық БАҚ директоры-редакторы Гурбанова Светлана Михайловна басқарады.

Аудандық мәслихатта "Нұр Отан" партиясының депутаттық фракциясы құрылып, жұмыс iстейдi. Депутаттық фракция өздерiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын iске асыру жөнiнде нақты шаралар белгiленген және жүзеге асырылуда. Аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесiнде азаматтарды қабылдау кестесi әзiрлендi, жүргiзiледi. Бюджеттiк жоспарлау мәселесiн қарау бойынша тыңдаулар үнемi өткiзiледi. Бұл ретте халықты алаңдататын жүйелi проблемалар мен мәселелердi анықтау және оларды жергiлiктi бюджет пен әкiмшiлiк бағдарламалар шеңберiнде шешу мiндетi қойылып отыр.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. "Нұр Отан "партиясы" қоғамдық бiрлестiгi (бұдан әрi — партия) 1999 жылғы 19 қаңтарда "Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат Н. Ә. Назарбаевты қолдау жөнiндегi қоғамдық штаб" қоғамдық бiрлестiгiн (республикалық мәртебе) қайта құру жолымен құрылды.

1.2. Партияның толық атауы:

мемлекеттiк тiлде:

"Нұр Отан" Партиясы " қоғамдық бiрлестiгi;

орыс тiлiнде:

"Нұр Отан" партиясы " қоғамдық бiрлестiгi.

Партияның қысқартылған атауы:

мемлекеттiк тiлде: "Нұр Отан" Партиясы";

орыс тiлiнде: "Партия "Нұр Отан".

1.3. Мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлдi және атқарушы органдарында олардың мүдделерiн бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi партия деп танылады.

Партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылады.

1.4. Партияның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болады.

1.5. Партия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, партияның жарғысы мен бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.

1.6. Партия заңды тұлға болып табылады, меншiк құқығында оқшауланған мүлкi бар, осы мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап бередi, өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi сатып ала алады және жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.

Партияның құқық қабiлеттiлiгi ол мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.

1.7. Партияның дербес балансы, банктерде есеп айырысу және басқа да шоттары, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы көрсетiлген мөрi болады.

1.8. Партияның орталық аппаратының орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Дiнмұхамед Қонаев көшесi, 12/1.

ҚЫЗМЕТ МӘНI, МАҚСАТТАРЫ, МIНДЕТТЕРI,

ПАРТИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

2.1. Партия қызметiнiң мәнi:

қоғамның саяси өмiрiне қатысу;

партияның бағдарламалық мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру;

заң шығару қызметiне қатысу.

2.2. Партияның мақсаты-саяси жұмыс әдiстерiмен дамыған азаматтық қоғам институттары, қазiргi заманғы бәсекеге қабiлеттi саяси жүйесi бар экономикалық күштi, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет құруға қол жеткiзу.

2.3. Партияның мiндеттерi:

саяси көшбасшыларды, партия мүшелерiн дайындау, қолдау және мемлекеттiк билiк және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына ұсыну;

партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен мiндеттерiн халық арасында түсiндiру және насихаттау, өз қызметi туралы ақпаратты тарату;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық референдумдарға қатысу;

мемлекеттiк билiк және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында партия мен оның мүшелерiнiң, азаматтар мен түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн бiлдiру;

партия Бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформаларды жүргiзуге, өмiр сапасының ұлттық стандартын қалыптастыруға қатысу;

шағын және орта кәсiпкерлiктi, шаруа, фермер қожалықтарын қолдау;

қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келiсiм мен тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу;

заң жобаларын бүкiлхалықтық талқылауға қатысу;

қоғамдық пiкiрдi зерделеу және заңдардың және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өкiлдi және атқарушы органдарға енгiзу үшiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу, оларды депутаттық бiрлестiктер арқылы iске асыру;

жастар ұйымдарын құруға және ұйымдық нығайтуға жәрдемдесу, оларға қолдау көрсету және көмек көрсету;

жастардың қоғам мен мемлекет өмiрiнiң әлеуметтiк, экономикалық және өзге де саласына кiрiгуiне жәрдемдесу;

партия мүшелерiн белгiленген тәртiппен мемлекеттiк наградаларға ұсыну;

партия мүшелерiн моральдық көтермелеу;

Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактiлерiне төзбеушiлiк көзқарасын тәрбиелеуге жәрдемдесу, билiк органдарының қызметiне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Дата создания статьи: 28.01.2018 16:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.09.2019 09:50
Қаралым саны: 2661

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар