Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу"
1 Қызметберуші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мкен-жайы) Егіндікөл ауданы “Ауыл шаруашылық бөлімі”ММ, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.egn_rsh@mail.ru
2 Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау мен нәтижелерін беруін атқаратын мекеме туралы ақпарат 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәсілі туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметі арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5 Мемлекеттік қызмет алу үшін керекті құжаттар тізбесі 1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:машиналарды техникалық байқаудан өткізуге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар мынадай құжаттар ұсынады:жеке тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі):осы стандартың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);заңды тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі):осы стандартын 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);осы стандартын 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру актісіне енгізу үшін машиналар туралы мәліметтер;2) портал арқылы жүгінген кезде:осы стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш;машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі.Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен куәландырылған тіркеу құжатында (техникалық паспортта) "Ақаусыз" не "Ақаулы" деген жазба;
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Бірінғай контакт-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі,болған жағдайда) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетілген.
Мақаланы құрған күні 17.05.2018 15:28
Мақаланы жаңартқан күні 17.05.2018 15:32
Қаралым саны: 968
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі