Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу"
1 Қызметберуші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мкен-жайы) Егіндікөл ауданы “Ауыл шаруашылық бөлімі”ММ, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.egn_rsh@mail.ru
2 Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау мен нәтижелерін беруін атқаратын мекеме туралы ақпарат 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәсілі туралы ақпарат Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.
4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5 Мемлекеттік қызмет алу үшін керекті құжаттар тізбесі 1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:машиналардың кепілін тіркеу, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұқасын алу, өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл) тіркеу және тіркелген кепілдің қүйін тоқтату үшін өтініш беруші тіркейтін органға мынадай құжаттарды ұсынады:осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;жеке басын куәландыратын құжат, ал өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық көдексі) белгіленген тәртіппен бюджетке растайтын құжат;кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу жағдайын қоспағанда, кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары бар өзге шарттың түпнұсқасын (салыстырып тексеру) және көшірмесін, не өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл);барлық меншік иелерінің (егер машина ортақ меншікте болған жағдайда) кепілге қоюға келісетіндігі туралы құжат;кепіл ұстаушының жазбаша өтініш немесе негізгі міндеттемені орындауды растайтын құжат (кепіл шартының күшін тоқтауды тіркеу жағдайында). Аталған мүліктің басқа кепіл ұстаушылары болған кезде жазбалардың күшін жою оларды хабардар ету туралы құжатты ұсыну бойынша жүргізіледі;2) порталға жүгінген кезде:машиналардың кепілін тіркеу, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұқасын алу, өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл) тіркеу және тіркелген кепілдің қүйін тоқтату үшін өтініш беруші тіркейтін органға мынадай құжаттарды ұсынады:осы стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш;өкіл жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптарын қамтитын шарттың электрондық көшірмесі;барлық меншік иелерінің (егер машина ортақ меншікте болған жағдайда) кепілге қоюға келісетіндігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;Жеке басын куәландыратын, бюджетке төленгендігі туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжаттардың мәліметтерін, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (телнұсқасын) беру.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Бірінғай контакт-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі,болған жағдайда) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетілген.
Мақаланы құрған күні 17.05.2018 15:44
Мақаланы жаңартқан күні 17.05.2018 15:44
Қаралым саны: 999
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі