Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы "Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру"
1 Қызметберуші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мкен-жайы) Егіндікөл ауданы “Ауыл шаруашылық бөлімі”ММ, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.egn_rsh@mail.ru
2 Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау мен нәтижелерін беруін атқаратын мекеме туралы ақпарат 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәсілі туралы ақпарат  
4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн;2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
5 Мемлекеттік қызмет алу үшін керекті құжаттар тізбесі 1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) тіркеу пунктіне мыналарды ұсынады:осы стандартқа 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;жеке тұлғалар үшiн – өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен түпнұсқасы және мекенжай анықтамасы;заңды тұлғалар үшiн – құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін немесе мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алымдар төленгені туралы құжат;мынадай жағдайларды қоспағанда, машина:кәдеге жаратылса (жарамсыз болса, есептен шығарылса);машинаны тіркеу пунктіне қарап тексеруге алып келуге кедергi болатын объективті мән-жайлар (бұзылып қалуы, габариті және (немесе) техникалық сипаттамасы мүмкіндік бермеуі) болса, инженер-инспектор жасаған машиналарды техникалық қарап тексеру актісін машинаның тұрған жерi бойынша беруге рұқсат етіледі, бұл ретте мұндай актiнiң жарамдылық мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды;шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарыз) түпнұсқасы мен көшірмесі, соттың шешiмi немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар немесе қарапайым мәміле нысаны, ал шаруа (фермерлік) қожалықтарын қоспағанда, жеке тұлғалар арасында жасалған мәміле жағдайында – қарапайым мәміле нысаны;машинаның тiркеу құжаты және нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенін растайтын құжат;мемлекеттік кіріс органы куәландырған тауарға арналған декларациясының (кедендік декларация) көшірмесі.Меншiк иесiнің немесе иеленушiнің атынан тiркеу іс-қимылдарын олардың өкiлдерi жүзеге асырған жағдайларда, тiркеу пунктiне осы тармақта белгiленген құжаттардан бөлек меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiру өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.Егер, мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттiк тiркеуде болған машина ұсынылса, онда тіркеу пунктіне осы тармақта белгiленген құжаттардан бөлек бұрынғы тіркеу құжаты ұсынылады, алайда аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.Меншік иелері болып табылмайтын тұлғаларға машиналарды мемлекеттік тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін тіркеу іс-қимылдарының бастамашылары жеке және заңды тұлғаларға белгіленген құжаттардан бөлек тіркеу пунктіне шарттардың (жалдау, қосалқы жалдау, лизинг, сублизинг, кепiлге беру) және машинаны қабылдау-беру актiсiнің түпнұсқасы мен көшiрмесiн немесе машинаны иелену құқығын растайтын өзге де құжатты ұсынады. Сондай-ақ тіркеу іс-қимылдарының бастамашылары тиісті тіркеу іс-қимылын жасауға меншiк иесi (жеке тұлғалар үшін) немесе заңды тұлғаның бірінші орынбасары (заңды тұлғалар үшін) қол қойған, мөрмен расталған (заңды тұлғалар үшін) машина иесінің жазбаша келісімін ұсынады.Егер, тiркеу iс-қимылдары жүргізілетін машина ортақ меншiкте болса, тiркеу құжаттарында барлық меншiк иелерi көрсетiледi және құжаттар машинаның барлық иелерiнің атынан берiледi. Жеке тұлғаларды ортақ меншіктен шығаруға негіз болып нотариалды куәландырылған мәміле саналады.Егер, меншік иелері 14 жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтар болса, олардың атынан тiркеу іс-қимылдарын ата-аналары (асырап алушылары) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншылық және қамқоршылық органдары жасайды.Меншік иелері 14-тен 18 жасқа дейінгі адамдар болған жағдайда, тіркеу іс-қимылдарын ата-аналарының (асырап алушыларының) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жазбаша келісімімен осы адамдар жасайды.Жеке және заңды тұлғалардың аукциондардан және сауда биржаларынан сатып алған машиналарын тіркеу тіркеу пункттеріне тиісті мөрлермен және уәкілетті адамдардың қолтаңбаларымен расталған аукционның хаттамасы мен сату-сатып алу шарты ұсынылғаннан кейін жүргізіледі.Машиналарды тіркеген (уақытша тіркеген), қайта тіркеген, тіркеу есебінен шығарған кезде қажетті құжаттар тіркеу пунктіне ұсынылады, онда осы стандарттың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру жүзеге асырылады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбалар енгізіледі.Құжаттарды қабылдау аяқталған соң өтініш берушіге қажетті құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініш көшірмесі беріледі;2) портал арқылы жүгінген кезде:осы стандартарының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш;машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Бірінғай контакт-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі,болған жағдайда) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетілген.
Мақаланы құрған күні 17.05.2018 15:40
Мақаланы жаңартқан күні 17.05.2018 15:40
Қаралым саны: 981
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі