Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау"
1 Қызметберуші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мкен-жайы) Егіндікөл ауданы “Білім,дене шынықтыру және спорт бөлімі”ММ, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.otdel_roo@mail.ru
2 Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау мен нәтижелерін беруін атқаратын мекеме туралы ақпарат Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);2) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе);3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәсілі туралы ақпарат  
4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) тиісті айда квота мен қаражат болған жағдайда, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға құжаттар тапсырған сәттен бастап – 17 (он жеті) жұмыс күні, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша – 16 (он алты) жұмыс күні;Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;2) көрсетілетін қызметті алушының кеңсеге құжаттар тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;3) кеңседе көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
5 Мемлекеттік қызмет алу үшін керекті құжаттар тізбесі 1) кеңсеге – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінім;2) Мемлекеттік корпорацияға:осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінім;жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);3) порталға – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным.Кеңсе және Мемлекеттік корпорация:өтінім беру үшін негіздер пайда болған сәттен бастап 12 (он екі) айданаспайтын уақыт өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде:ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен, сондай-ақ бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге кеткен шығындарды арзандатуға;отандық және шетелдік шаруашылықтардан ірі қара малдың, қойлардың, ешкілердің, жылқылардың, шошқалардың, түйелердің, маралдардың (бұғылардың) асыл тұқымды төлін сатып алуға кеткен шығындарды арзандатуға;отандық және шетелдік шаруашылықтардан ет және жұмыртқа бағытындағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға кеткен шығындарды арзандатуға;жеке және заңды тұлғалардың табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағуға кеткен шығындарын арзандатуға;мыналардың:дистрибьютерлік орталықтардың (бұдан әрі – дистрибьютерлік орталық) асыл тұқымды жануарлардың ұрықтарын өткізу бойынша;асыл тұқымдық орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шығындарын 100 (жүз) пайызға дейін өтеуге;дистрибьютерлік орталықтар мен асыл тұқымдық орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау және қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықты сатып алуға кеткен шығындарын 50 (елу) пайызға дейін өтеуге субсидиялар алуға арналған;өтінім беру үшін негіздер пайда болған сәттен бастап үш айдан аспайтын уақыт өткен, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға, оның ішінде:бұқашықтарды бордақылау, қозы етін, шошқа етiн, жылқы етiн, түйе етін, құс (бройлер, күрке тауық, суда жүзетін құс) етiн, тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы), сүт (сиыр, бие, түйе, ешкі сүті), биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандатуға;құрамажем зауыттары өндірген және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне өткізілген құрамажем құнын арзандатуға;ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнын 50 (елу) пайызға дейін арзандатуға субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдайды.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауабы.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Бірінғай контакт-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі,болған жағдайда) Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777
Мақаланы құрған күні 17.05.2018 16:07
Мақаланы жаңартқан күні 17.05.2018 16:07
Қаралым саны: 1087
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі