Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау"
1 Қызметберуші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мкен-жайы) Егіндікөл ауданы “Ауыл шаруашылық бөлімі”ММ, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.egn_rsh@mail.ru
2 Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау мен нәтижелерін беруін атқаратын мекеме туралы ақпарат 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәсілі туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметі арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 11 (он бір) жұмыс күні.Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;2) қызмет алушымен қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты:қызметті берушіге – 30 (отыз) минуттан артық емес;Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты қызметті берушімен - 15 (он бес) минуттан артық емес;
5 Мемлекеттік қызмет алу үшін керекті құжаттар тізбесі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алуға өтінімді;2) нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасының көшірмесін бір данада ұсынады.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Бірінғай контакт-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі,болған жағдайда) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мақаланы құрған күні 17.05.2018 15:56
Мақаланы жаңартқан күні 17.05.2018 15:56
Қаралым саны: 916
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі