Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру"
1 Қызметберуші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мкен-жайы) Егіндікөл ауданы “Ауыл шаруашылық бөлімі”ММ, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.egn_rsh@mail.ru
2 Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау мен нәтижелерін беруін атқаратын мекеме туралы ақпарат 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәсілі туралы ақпарат Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі.
4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
5 Мемлекеттік қызмет алу үшін керекті құжаттар тізбесі 1) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға:жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) порталға:осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:1) Көрсетілетін қызметті алушыға - өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.2) Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;3) порталға - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Бірінғай контакт-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі,болған жағдайда) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мақаланы құрған күні 17.05.2018 15:52
Мақаланы жаңартқан күні 17.05.2018 15:52
Қаралым саны: 972
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі