Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы "Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру"
1 Қызметберуші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мкен-жайы) Егіндікөл ауданы “Ауыл шаруашылық бөлімі”ММ, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.egn_rsh@mail.ru
2 Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау мен нәтижелерін беруін атқаратын мекеме туралы ақпарат 1) ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәсілі туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметі арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәтен бастап – 1 (бір) жұмыс кұні, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 30 (отыз) минут;2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5 Мемлекеттік қызмет алу үшін керекті құжаттар тізбесі 1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;жеке басты куәландыратын құжат, ал өкілі – оның өкілетін растайтын құжат және жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);2) порталға жүгінген кезде:осы стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді-көшірме.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Бірінғай контакт-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі,болған жағдайда) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мақаланы құрған күні 17.05.2018 15:49
Мақаланы жаңартқан күні 17.05.2018 15:49
Қаралым саны: 1066
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі