Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
Мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау"
1 Қызметберуші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мкен-жайы) Егіндікөл ауданы “Ауыл шаруашылық бөлімі”ММ, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.egn_rsh@mail.ru
2 Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау мен нәтижелерін беруін атқаратын мекеме туралы ақпарат 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәсілі туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметі арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 11 (он бір) жұмыс күні.Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;2) қызметті алушыға қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты қызметті берушіге – 30 (отыз) минуттан артық емес;Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;3) қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – қызметті берушімен - 15 (он бес) минуттан артық емес;
5 Мемлекеттік қызмет алу үшін керекті құжаттар тізбесі ) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім;нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар-жоғы туралы екінші денгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасының көшірмесі бір данада.1 тоннасына субсидиялар алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар өтінімге қосымша:қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың;қайта өңдеу кәсіпорнының жұмсаған шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.2) порталға жүгінген кезде:осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтінім;нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар-жоғы туралы екінші денгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасының электрондық көшірмесі бір данада.Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері олардың көшірмелерін тұпнұсқаларымен салыстырып тексереді, содан соң тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады. Мемлекеттік корпорацияның және көрсетілетін қызметті алушының жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Бірінғай контакт-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі,болған жағдайда) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мақаланы құрған күні 17.05.2018 15:19
Мақаланы жаңартқан күні 17.05.2018 15:22
Қаралым саны: 1067
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі