Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Коронавирус инфекциясының алдын -алу бойынша ЖАДЫНАМА

Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!

Коронавирус инфекциясы бойынша әлемдегі жағдайға байланысты және әкелінуі мен таралуының алдын - алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды с ақтау үшін келесі алдын -алу

шараларын сақтауды сұраймыз:

-қоғамдық орындарға бармаңыз;

- қажеттіліксіз үйден шықпаңыз;

- бетпердені кию;

- вирусты аурулар белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау (жөтел, түшкіру, дене қызуының жоғарылауы)

-дене қызуын мүмкіндігінше күніне 2 рет өлшеу қажет;

-тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;

-тұрғын үй жайларын ылғалды жинау кезінде дезинфекциялау заттарды қолдану қажет;

-жеке гигиенаны сақтау;

-қолды сабынмен жуу немесе қолға арналған антисептиктерді қолдану;

- жөтелу мен түшкіру этикетін сақтану – жөтел мен түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу;

-азық- түліктердердің орамдарын ашар алдында спирт ерітіндісіне немесе дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған ылғалды шүберекпен сүрту қажет;

-ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т. б.) үйде қалу өзін-өзі емдеумен айналыспау және міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру қажет;

-короновирустық инфекция бойынша қосымша кеңесті call – орталыққа 1406 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып алуға болады.

Мақаланы құрған күні 13.04.2020 22:01
Мақаланы жаңартқан күні 13.04.2020 22:01
Қаралым саны: 157
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі