AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

«Егіндікөл ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2017 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметінің қорытындысы туралы есеп

2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабына сәйкес «Егiндiкөл ауданының бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ және оның ведомствоаралық ұйымдарымен 24 мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну бойынша функциялар жүзеге асады.Соның iшiнде:

-мемлекеттiк қызметтiң 20 түрiн «Егiндiкөл ауданының бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ көрсетедi;

-мемлекеттiк қызметтiң 4 түрiн ведомствоаралық ұйымдар (жалпы бiлiм беретiн мектептер, қосымша бiлiм беретiн ұйымдар, мектепке дейiнгi бiлiм бiлiм ұйымдары) ұсынады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейiн «Егiндiкөл ауданының бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ 552 қызмет көрсеттi, соның iшiнде 504 мемлекеттiк қызмет-бiлiм бөлiмiнде, 13 мемлекеттiк қызмет-Ақмола облысының «Азаматтар үшiн үкiмет» Мемлекеттiк корпорпциясының филиалы арқылы, 35 мемлекеттiк қызмет-«Электрондық үкiмет» порталы арқылы көрсетiлдi.

«Егiндiкөл ауданының бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн сақтау және орындау мақсатындаай сайын мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң мониторингiсi жүргiзiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын жүйелi бақылауды жүзеге асыру мақсатында және Егiндiкөл ауданының бiлiм бөлiмiмен мемлекеттiк қызметтiң стандарттары мен регламенттерiн бұзуды жiбермеу мақсатында мемлекеттiк қызмет көрсету құжаттамаларын тексеру бойынша iс-шаралар жүргiзiлдi.

«Егiндiкөл ауданының бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ жұмысының есептiк кезеңiнде мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына шағым болған жоқ,бiлiм саласында түскен деректерi анықталған жоқ. Қағаз және «электрондық үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге түскен өтiнiш мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн уақытында көрсетiледi.

Егiндiкөл ауданының бiлiм ұйымдарында мемлекеттiк қызмет көрсетушi жауапты тұлға үшiн жыл сайын мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын көтеруге бағытталған семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер және т.б. iс-шаралар жүргiледi. 2017 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша 5 семинар өткiзiлдi. Қызмет алушыларды ақпараттандыру үшiн «АЛТЫН АСТЫҚ» Егiндiкөл ауданының аудандық қоғамдық саяси газетiнде мақалалар жарияланады, 2016 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша 19 мақала жарық көрдi.

Халықты ақпараттандыру үшiн барлық бiлiм ұйымдарында мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiнiң стандарттары мен регламенттерi туралы қабырға газеттерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ресiмделген.

Бiлiм саласында мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну бойынша жүргiзiлген жұмыс осы мемлекеттiк қызметтердi сапалы, уақытында және жүйелi орындауды талап етедi.

Басшы                                                                                                                                                                                           Т.Раисов

Мақаланы құрған күні 26.02.2018 11:24
Мақаланы жаңартқан күні 26.02.2018 12:42
Қаралым саны: 952
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі