A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2018 жыл бойынша атқарған жұмысы және 2019 жылға арналған міндеттері туралы есеп

Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi халықты жұмыспен қамту, мүгедектердi әлеуметтiк қолдау және оңалту, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастыру бойынша едеуiр жұмыстар жүргiзедi.

2018 жылы ауданда экономикалық қызметтiң барлық түрi бойынша 221 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе жылдық жоспардың 108,3 %.

Жаңа жұмыс орындары Барлығы Ауыл шаруашылығы Кәсіпкерлік және сауда Сауда, автомобиль жөндеу Өзгелері
Тұрақты 47 9 13 9 16
Уақытша, маусымдық 174 174      
Жиынтығы 221 183 13 9 16

2019 жылға бұл көрсеткiш 210 жұмыс орнын құрайды, 35-тұрақты, 175- ауысымдық және уақытша, соның iшiнде салалық бағдарламалар асяныда — 6 орын (16 пәтерлiк тұрғын үйдiң құрылысы — 2 жұмыс орны, ЖК «Кулагин» — күркетауық өсiру — 4 жұмыс орны).

Бөлiм жұмыс iстегiсi келетiн мүгедектердi жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргiзедi. Есептi кезеңде жұмысқа орналастыру бойынша 6 адам өтiнiш бiлдiрдi. 2 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты, 4 адам уақытша жұмыс орындарына орналастырылды.

Жұмысқа орналастыруға көмек көрсету бойынша өтiнiш бiлдiрген барлық мүгедектердiң жұмыспен қамтылуына қарамастан, үстiмiздегi жылы АДБ жоспарлы көрсеткiшi 54,5% да жеткен жоқ.

Бұл көрсеткiш 2019 жылға да 11 адамды құрайды. Мүгедектердi жұмысқа орналастырудағы проблемалық мәселелер «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы Үйлестiру кеңесiнiң» кезектi отырысында қаралды, онда аталған нысаналы топ арасында жұмысқа тұрғысы келетiн адамдарды анықтау бойынша сауалнама жүргiзу ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Статистикалық деректерге сәйкес 2018 жылғы 01 желтоқсандағы жағдайға ауданда 92 белсендi кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 — iрi, 2 — орта, ұсақ — 88.

49 кәсiпорын ұжымдық шарт жүйесiмен қамтылған, оның iшiнде 1 — iрi, 2 — орта, ұсақ — 46. Жасалған шарттардың үлесi 53,3% құрайды. Орташа областық көрсеткiш 62,4% құрайды.

Үстiмiздегi жылы бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылады.

Бөлiм мамандары мүгедектердi оңалту және олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдардламаларды iске асыруға жататын мемлекеттiк қызметтiң 28 түрiн көрсетедi, оның iшiнде 10-ы азаматтық хал актiлерiн тiркеу.

Қызметтер бөлiмде, баламалық негiзде ХҚКО мемлекеттiк корпорациясы арқылы, сондай-ақ электронды нұсқада көрсетiледi. 2018 жылы 1081 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, ХҚКО мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 313 қызмет, электрондық үкiмет порталы арқылы — 35 қызмет, ақпараттық жүйелер арқылы — 526 қызмет. Тiкелей мемлекеттiк орган арқылы қағаз түрiнде 207 қызмет көрсетiлдi немесе көрсетiлген қызметтiң жалпы санының 19,1 %.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат жалпыға қолжетiмдi ортада ақпараттық стендте орналастырылған, «Алтын астық» жергiлiктi газетiнде жарияланады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша шағымдар жоқ.

2018 жылы аудан бюджетiнен 431 алушыға 4 831,6 мың теңге жалпы сомасына әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Әлеуметтiк көмек:

-туберкулезбен ауыратын, ұзақ мерзiмдi емделуде болған 2 адамға 72,2 мың теңге сомасына;

-онкологиялық аурулармен ауыратын 11 адамға 396,8 мың теңге сомасына;

-өрттен зардап шеккен отбасына, 1 адамға 120,3 мың теңге сомасына;

-Жеңiс күнiне меркелiк төлемдер 66 алушыға 519,5 мың теңге сомасына;

-ақталған азаматтарға бiржолғы әлеуметтiк көмек 14 адамға 67,3 мың теңге сомасына;

- барлық топтың мүгедектерiне, соның iшiнде18 жасқа дейiнгi мүгедек баланы тәрбиелеушiлерге, стационарлық емдеуден кейiнгi 21 адамға 1 363, 6 мың теңге сомасына;

-туу туралы куәлiктiң негiзiнде үш және одан артық бала туған аналарға бiржолғы жәрдемақы  — 14 адамға 168,4 мың теңге сомасына;

- Қарт адамдар мен мүгедектер күнiне әлеуметтiк көмек — 297 адамға 1 428,5 мың теңге сомасына;

-ауылдық жерлерде тұратын, аз қамтамасыз етiлген және көп балалы отбасыларының колледждерде ақылы негiзде оқудың күндiзгi нысанында оқитын студенттерiне — 5 адамға 695 мың теңге сомасына төлендi.

2019 жылға бұл мақсаттарға жергiлiктi бюджет қаражатынан 5 567 мың теңге қарастырылды. Облыстық бюджет қаражатынан Кеңес әскерiнiң Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына бiржолғы материалдық көмек төлеуге 707 мың теңге көзделдi.

2018 жылы үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын 7 мүгедек балаға 425,7 мың теңге жалпы сомасына әлеуметтiк көмек төлендi.

Әзiрленген ОЖБ сәйкес бюджет қаражаты есебiнен 2018 жылы 19 мүгедек 2 174,8 мың теңге сомасына гигиеналық құралдармен қамтамасыз етiлдi.

2019 жылға осы мақсатқа жергiлiктi бюджет қаражатынан 1 447 мың теңге және республикалық бюджет қаражатынан 3 039 мың теңге қарастырылды. Бөлiм гигиеналық құралдарды мемлекеттiк сатып алу жоспарына сәйкес мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi арасынан сатып алуды жүзеге асырады.

2018 жылы М.Каркимбаева Көкшетау қаласына протездеуге (сүт безi протезi) жолдама алды. Аудандағы 5 мүгедек (Е.Тревко, С.Әшiмов, В.Бобик, Т.Поленкова, Е.Мирский) протездiк-ортопедиялық құралдар, мүгедек бала М.М.Кеңес ортопедиялық аяқ киiм алды.

Мүгедек В.Г.Сизова әзiрленген ОЖБ сәйкес 2 кресло-арба (серуенге және бөлмеге арналған) алды. Сатып алу Ақмола облысының ЖҚжәнеӘБҮБ орталықтандырылып жүзеге асырылды. Тауарды мүгедектердiң үйiне жеткiзудi бөлiм қамтамасыз еттi.

Сондай-ақ, ауданның 9 мүгедегi әзiрленген ОЖБ сәйкес «Алмаз» шипажайына санаторлық-курорттық емделуге жолдама алды.

007 бағдарламасы бойынша жергiлiктi бюджет қаражатынан ҰОС ардагерлерi, тыл еңбеккерлерi және соғыс ардагерлерiне теңестiрiлген тұлғалар үшiн 5 жолдама сатып алынды. 5 адам Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласының «Алмаз» шипажайында емделдi.

2018 жылы ауданның 33 қарт азаматтарына 8 әлеуметтiк қызметкер жалғызiлiктi азаматтарға қызмет көрсету түрiндегi арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсеттi, олардың 4-i мүгедектер.

Әзiрленген ОЖБ сәйкес 5 мүгедек бала Бұланды Зағиптар қоғамының «КОС» ҚБ қызмет көрсететiн балалар күндiз болатын «Жұлдыз» жартылай стационарына барады. Жыл бойы қамқорлықтағы балалар мерекелiк күндерге арналған түрлi iс-шараларға қатысты. Әлеуметтiк педагогтар мүгедек балалардың моншақ және табиғи материалдан жасаған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырды. Жыл соңында екi мүгедек бала Астана қаласында Хан шатырда өткiзiлген Жаңа жылдық iс-шараға қатысты. Қызмет көрсетiлетiн барлық мүгедек балалар жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды, басшысы Владимир Бондаренко «Лео» ш/қ демеушiлiк көмек көрсеттi. Балалар қазiргi уақытта каникулда. 2019 жылы «Жұлдыз» жартылай стационары жұмысын әлеуметтiк қызметтердi мемлекеттiк сатып алу өткiзген соң бастайды. Жартылай стационарды ұстау үшiн 1903 мың теңге мөлшерiндегi ақшалай қаражат республикалық бюджеттен бөлiндi.

2018 жылы 151 адам тұратын 31 отбасына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалды және төлендi. Төленген материалдық көмек сомасы 5 793,9 мың теңгенi құрады.

2019 жылға бұл мақсатқа бюджет қаражатынан 8 197 мың теңге көзделдi, соның iшiнде республикалық бюджет қаражатынан 5 895 мың теңге. Жаңа форматтағы АӘК 155 адам қамтылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Үш ассистент аз қамтамасыз етiлген азаматтарды анықтау мәнiне аудан тұрғындарының аулаларын аралау жұмыстарын бастады.

Бiр отбасына 65,6 мың теңге сомасына тұрғын үй көмегi көрсетiлдi. 2019 жылға аудан бюджетiнде бұл мақсатқа 342 мың теңге қарастырылды.

Бөлiм 2015 жылғы ақпаннан бастап азаматтық хал актiлерiн тiркеу бойынша қызметтер көрсетедi. 2018 жылы АХАТ бөлiмi 313 мемлекеттiк қызмет көрсеттi, соның iшiнде тууды тiркеу- 83, өлiмдi тiркеу — 65, неке қиюды тiркеу — 36, некенi бұзуды тiркеу — 31.

Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау және оңалту тек әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу ғана емес, сонымен қатар оларды оңалту және қоғамға ықпалдастыруды бiлдiредi. 2012 — 2018 жылдары халықтың қауқары шамалы топтарының қолжетiмдiлiгi үшiн әлеуметтiк инфрақұрылымның 44 объектiсi бейiмделдi. Объектiлерде пандустар бар, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталған, мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн тактильдi жолақтар мен визуалды белгiлер орналастырылған. Аумақтардында мүгедектердiң автомобильдерiнiң тқрақтарына арналған белгiлер бар. Алайда, бейiмдеу iс-шаралары жүргiзiлмеген объектiлер де бар. ҚР АШМ ААИ ғимаратында кiру тобы жабдықталмаған, пандус жоқ. Бүгiнгi күнi ол 2012-2018 жылдары бiр де бiр бейiмдеу iс-шарасын өткiзбеген жалғыз ұйым. «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, нотариус, «Нұр Отан» партиясының филиалы және аудан азаматтары келетiн басқа да ұйымдар да осы ғимаратта орналасқан. Қысқы кезеңде сатыларға мұз қатуына байланысты ғимаратқа ену қиындық туғызады. Бейiмдеу iс-шараларын өткiзу қажеттiлiгi туралы бiрнеше рет жолдаған хатымызға, хаттың облысқа жолданғаны туралы жауап алдық.

2019 жылы халықтың қауқары шамалы тобының қолжетiмдiлiгiн бұзуды жою мақсатында объектiлердiң басшыларын «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы Үйлестiру кеңесiнiң» отырыстарында тыңдауды жоспарлап отырмыз.

Дата создания статьи: 11.01.2019 10:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 10:33
Қаралым саны: 284

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар