AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

2017 жылға арналған мемлекеттік қызметінің мәселелері бойынша «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеумттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің қызметі туралы есеп

Мемлекеттiк қызметтер көрсетуге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету және сапасын жақсарту мемлекеттiк саясаттың басымдық бағыттарының бiрi болып табылады.

Жоғары сапалы мемлекеттiк қызметке баршаның ашық және тең қолжетiмдiлiгi мемлекет Басшысының мемлекеттiк басқару органдарының алдына қойған негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк қызметтер тiзбесiне сәйкес «Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Бөлiм) мемлекеттiк қызметтiң 26 түрiн және Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң «Жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрi — Жұмыспен қамту орталығы) 3 түрiн көрсетедi.

2017 жылғы өткен кезең бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң жалпы саны 794 құрады, соның iшiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» арқылы балама негiзiнде — 400, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы — 192, қағаз нысанда — 202.

Мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi. Тиiмдiлiгiн бағалаудың басымдық бағыттарының бiрi мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң белгiленген мерзiмдерiн сақтау болып табылады. Көрсетiлген кезеңде Бөлiм мен Жұмыспен қамту орталығында мемлекеттiк қызметтер көрсету мерзiмiнiң бұзылуы болған жоқ. Бөлiм мен Жұмыспен қамту орталығындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң www.egin.akmol.kz ресми сайтының «Мемлекеттiк қызметтер» тарауында орналастырылған. Мемлекеттiк қызмет стандарттары мен регламенттерiне өзгерiстердiң енгiзiлуiне қарай сайттағы бұл тарау жаңартылып отырылады. Сондай-ақ ақпарат Бөлiмнiң әкiмшiлiк ғимаратының 1-қабатында және өзге де жалпыға ортақ орындарда орналастырылған.

Халықтың мемлекеттiк қызметтер алу мүмкiндiгi туралы ақпараттандырылуын жоғарылату мақсатында 2017 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында — «Алтын астық» аудандық саяси-қоғамдық газеiтнде 27 мақала жарияланды.

Бұл бағытта жұмыс жалғастырылуда және тұрақты бақылауда, мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiнiң бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қолданылуда.

Бөлiм басшысы                                                                                                                                                                  Г. Муллаянова

Мақаланы құрған күні 26.02.2018 11:28
Мақаланы жаңартқан күні 26.02.2018 12:42
Қаралым саны: 939
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі