AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімі аппаратының 2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Спиридоновка а.

2017 жылы халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет ету және мемлекеттiк органдар қызметiне азаматтардың сенiмiн жоғарылатудың басты аспектiсi жүйесiн жетiлдiру жалғастырылды.

Ауыл тұрғындарымен Қазақстан Республикасы электронды үкiметi egov.kz порталының, «Азаматтар және үкiмет» тарауында мемлекеттiк қызмет алуды түсiндiру бойынша тұрақты жұмыс жүргiзiледi.

Мемлекеттiк қызметтер келесi негiзгi қағидаттар негiзiнде көрсетiледi:

- көрсетiлетiн қызметтi алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бiр кемсiтушiлiксiз теңдей қол жеткiзуi;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде төрешiлдiк пен созбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есеп берушiлiк және ашықтық;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн үнемi жетiлдiру;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiндегi үнемдiлiк және тиiмдiлiк.

2017 жылы «Егiндiкөл ауданы Спиридоновка ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi электрондық үкiмет порталы және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтiң 5 түрiн көрсеттi: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру», «Елдi мекен шегiнде объектiнiң құрылысы үшiн жер учаскесiн беру», «Шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және қайтадан үйлерiне тегiн жеткiзiп салу», «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру», «Сауда-саттық (конкурс, аукциондар) өткiзудi талап етпейтiн, мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқық алу».

Ауыл әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңын және бекiтiлген стандарттар мен регламенттердi басшылыққа алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат ауыл әкiмi аппаратының әкiмшiлiк ғимаратында баршаға көрiнетiн жерлерде мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары мен оларды көрсету тәртiбi бар ақпараттық стендте орналастырылған, сондай-ақ келушiлерге арналған электрондық үкiмет арқылы мемлекеттiк қызметтер алу мүмкiндiктерi туралы буклеттер түрiнде, қызмет алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртiбi туралы ақпарат орнатылған стенд те бар.

2017 жылы ауыл әкiмiнiң аппаратында «Өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы» ашылды.

2017 жылы Спиридоновка ауылы әкiмiнiң аппараты азаматтарға өзiне-өзi қызмет көрсету пунктiнде ЭҮП арқылы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» 1 мемлекеттiк қызметiн алуға көмек көрсеттi.

Жыл бойы ауыл әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк органдар және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған құқық түсiндiру iс-шараларын жүргiздi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетуге жауапты мамандар өз бiлiмдерiн тиiстi Заңдарды, қағидалар, әдiстемелiк нұсқаулықтар, мемлекеттiк қызмет стандарттары мен регламенттерiн зерделеу жолымен жетiлдiредi. Кестеге сәйкес, мiндеттi түрде «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы мемлекеттiк басқару академиясы» РМКК филиалында бiлiктiлiгiн жетiлдiру курстарынан өтедi. 2017 жылы ауыл әкiмi А.К.Жүсүпбеков және ауыл әкiмi аппаратының бас маманы И.Р.Хаматханова «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызметтер ұсыну жүйесiн жетiлдiру» тақырыбына оқыту семинарынан өттi.

2017 жылы мемлекеттiк қызметтердi тұтынушылардан «Егiндiкөл ауданы Спиридоновка ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын «тұтынушылардың мемлекеттiк органдар көрсететiн мемлекеттiк қызметтерге қанағаттанушылығы» өлшемi бойынша бағалау қызмет алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсету карточкаларын толтыру негiзiнде жүргiзiледi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету үдерiсiн нормативтiк құқықтық жетiлдiру қызмет алушылармен мемлекеттiк қызмет стандарттарын жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылау қорытындылары мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын жоғарылату және мемлекеттiк қызмет стандарттарын жетiлдiру үшiн қолданылады.

Спиридоновка ауылының әкiмi                                                                                                                                            А. Жүсүпбеков

Мақаланы құрған күні 26.02.2018 11:45
Мақаланы жаңартқан күні 26.02.2018 12:40
Қаралым саны: 984
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі