AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауыл әкімінің аппаратының 2019 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Қоржынкөл а.

2019 жылы халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет ету және мемлекеттiк органдар қызметiне азаматтардың сенiмiн жоғарылатудың басты аспектiсi жүйесiн жетiлдiру жалғастырылды..

Мемлекеттiк қызметтер келесi негiзгi қағидаттар негiзiнде көрсетiледi:

- көрсетiлетiн қызметтi алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бiр кемсiтушiлiксiз теңдей қол жеткiзуi;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде төрешiлдiк пен созбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есеп берушiлiк және ашықтық;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн үнемi жетiлдiру;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiндегi үнемдiлiк және тиiмдiлiк.

«Егiндiкөл ауданы Қоржынкөл ауылы әкiмiнiң аппараты» 2019 жылы мемлекеттiк мекемесi электрондық үкiмет порталы және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтiң: «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою», «Шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және қайтадан үйлерiне тегiн жеткiзiп салу», «Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру», «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»,«Елдi мекен шегiнде объектiнiң құрылысы үшiн жер учаскесiн беру», «Сауда-саттық (конкурс, аукциондар) өткiзудi талап етпейтiн, мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқық алу», «Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жекеменшiкке сату», «Жер учаскесiн алу үшiн кезекке қою» 8 түрiн көрсеттi.

Ауылдық округi әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңын және бекiтiлген стандарттар мен регламенттердi басшылыққа алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат ауылдық округiнiң әкiмi аппаратының әкiмшiлiк ғимаратында баршаға көрiнетiн жерлерде мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары мен оларды көрсету тәртiбi бар ақпараттық стендте орналастырылған, сондай-ақ келушiлерге арналған электрондық үкiмет арқылы мемлекеттiк қызметтер алу мүмкiндiктерi туралы буклеттер түрiнде, қызмет алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртiбi туралы ақпарат орнатылған стенд те бар.

Ауылдық округi әкiмiнiң аппаратында «Өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы» жұмыс iстеуiн жалғастыруда.

2019 жылы Қоржынкөл ауылы әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызметтердiң 8 түрi бойынша 0 қызмет көрсеттi, барлығы мемлекеттiк мекеме арқылы көрсетiлдi.

Жыл бойы ауылдық округi әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк органдар және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған құқық түсiндiру iс-шараларын жүргiздi. Баршаға көрiнетiн жерге электронды үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтер алу туралы баннер iлiнген.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету үшiн жауапты мамандар тиiстi Заңдар, қағидалар, әдiстемелiк ұсыныстар, мемлекеттiк қызмет стандарттары мен регламенттерiн зерделеу арқылы өз бiлiмдерiн жетiлдiредi.

2019 жылы мемлекеттiк қызметтердi тұтынушылардан «Егiндiкөл ауданы Қоржынкөл ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын «тұтынушылардың мемлекеттiк органдар көрсететiн мемлекеттiк қызметтерге қанағаттанушылығы» өлшемi бойынша бағалау қызмет алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсету карточкаларын толтыру негiзiнде жүргiзiледi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету үдерiсiн нормативтiк құқықтық жетiлдiру қызмет алушылармен мемлекеттiк қызмет стандарттарын жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылау қорытындылары мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын жоғарылату және мемлекеттiк қызмет стандарттарын жетiлдiру үшiн қолданылады.

Әкiмi                                                                                                                                                       Д. Абикеев

Мақаланы құрған күні 26.02.2018 11:51
Мақаланы жаңартқан күні 03.03.2020 14:49
Қаралым саны: 961
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі