AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімі аппаратының 2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрстеу мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Буревестник а.

Халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет ету және мемлекеттiк органдар қызметiне азаматтардың сенiмiн жоғарлатуың басты аспектiсi.

«Егiндiкөл ауданы Буревестник ауылы әкiмiнiң аппарты» мемлекеттiк мекемесi үш мемлекеттiк қызмет көрстедi: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру», «Шалғай елдi мекендердегi оқушыларды жалпы бiлiм беретiн ұйымдарына тегiн жеткiзу мен кейiн үйiне апарып салуды қамтамасыз ету», «Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру». Барлық үш мемлекеттiк қызмет Мемлекеттi ккорпорация (ХҚКО), Электрондық үкiмет порталы (ЭҮП) арқылы көрсетiледi.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк көрстетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңының 24 бабына сәйкес мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.

Ауыл әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңын және бекiтiлген стандарттар мен регламенттердi басшылыққа алады.

2017 жылы Буревестник ауылы әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызметттердiң 3 түрi бойынша 13 қызмет көрсеттi, 10 мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк орган арқылы көрсетiлдi.

Неғұрлым сұранысқа ие, Электрондық үкiмет порталы (ЭҮП) арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру».

Мемлекеттiк қызметтер кқрсету тәртiбi туралы ақпарат Буревестник ауылы әкiмi аппаратының әкiмшiлiк ғимаратында баршаға көрiнетiн жерлерде мемлекеттiк қызеттер көрсету стандарттары мен оларды көрсету тәртiбi бар ақпараттық стендте орналастырылған, сондай-ақ келушiлерге арналған электрондық үкiмет арқылы мемлекеттiк қызметтер алу мүмкiндiктерi туралы ақпарат орнатылған стенд те бар.

2017 жылы ауыл әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған құқық түсiндiру iс-шараларын жүргiздi.

Ауыл әкiмi аппаратының мамандары кестеге сәйкес бiлiктiлiгiн жетiлдiру курстарын өтедi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн нормативтiк құқықтық жетiлдiру қызмет алушылармен мемлекеттiк қызметтер стандарттарын ашық талқылау арқылы жүзеге асырылады. Ашық талқылау қорытындылары мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын жоғарылату және мемлекеттiк қызметтер стандарттарын жетiлдiру үшiн қолданылады.

2017 жылы мемлекеттiк қызметтердi тұтынушылардан «Егiндiкөл ауданы Буревестник ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шағымдар түскен жоқ.

Буревестник ауылының әкiмi                                                                                                                                                  М. Рахметов

Мақаланы құрған күні 26.02.2018 11:59
Мақаланы жаңартқан күні 26.02.2018 12:33
Қаралым саны: 998
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі