AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Егіндікөл ауданы Бауман ауыл әкімінің аппаратының 2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Бауман а.

Халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет ету және мемлекеттiк мекемелер қызметiне азаматтардың сенiмiн жоғарылатудың басты аспектiсi.

Мемлекеттiк қызметтер келесi негiзгi қағидалар негiзiнде көрсетiледi:

- көрсетiлетiн қызметтi алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiн көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдайлар бойынша қандай да бiр кемсiтушiлiксiз теңдей қол жеткiзiлуi;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде төрешiлдiк пен созбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есеп берушiлiк және ашықтық;

- мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн үнемi жетiлдiру;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiндегi үнемдiлiк және тиiмдiлiк.

2017 жылы көрсетiлген қызмет түрлерi: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендiгi туралы анықтама беру» ЭҮП (электронды үкiмет порталы) арқылы, «Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну», «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру», «Елдi мекендер шегiнде объектiлер салу үшiн жер учаскелерiн беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу».

Ауыл әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңын және бекiтiлген стандарттар мен регламенттердi басшылыққа алады.

ЭҮП арқылы 49 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi (Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендiгi туралы анықтама беру).

Егiндiкөл ауданы Бауман ауылы әкiмi аппаратының ғимаратында өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы құрылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат баршаға көрiнетiн орындарда орналастырлыған.

2017 жылы ауыл әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған құқық түсiндiру iс-шараларын жүргiзiлдi, яғни тұрғындар жиындарын өткiздi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн нормативтiк құқықтық жетiлдiру қызмет алушылармен мемлекеттiк қызметтер стандарттарын ашық талқылау арқылы жүзеге асырылады. Ашық талқылау қорытындылары мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын жоғарылату және мемлекеттiк қызметтер стандарттарын жетiлдiру үшiн қолданылады.

2017 жылы мемлекеттiк қызметтердi тұтынушылардан «Егiндiкөл ауданы Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шағымдар түскен жоқ.

Бауман ауылы әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша 2017 жылы оқыту семинарларына қатысты.

Бауман ауылының әкiмi                                                                                                                                                          А. Мұхтар

Мақаланы құрған күні 26.02.2018 12:04
Мақаланы жаңартқан күні 26.02.2018 12:33
Қаралым саны: 993
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі