AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты 2017 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Полтавское ауылы

Халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет ету және мемлекеттiк органдар қызметiне азаматтардың сенiмiн жоғарылатудың басты аспектiсi.

«Егiндiкөл ауданы Алакөл ауылдық округiнiң әкiмi аппараты» мемлекеттiк мекемесi көрсетiлген мемлекеттiк қызметтерiнiң түрлерi;

1) Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну.

2) Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру.

3) Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру.

4) Жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру.

5) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндей жер учаскелерiне құқықтарды алу.

ЭҮП бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтерiнiң саны — 27 қызмет(Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру). Барлық мемлекеттiк қызметтер қағаз нысанында және ЭҮП көрсетiледi. Ерекше талап етiлген мемлекеттiк қызмет «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру».

Қызметалушылармен жұмыс. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат ауыл әкiмi аппаратының әкiмшiлiк ғимаратында баршаға көрiнетiн жерлерде мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары мен оларды көрсету тәртiбi бар ақпараттық стендте орналастырылған, сондай-ақ келушiлерге арналған электрондық үкiмет арқылы мемлекеттiк қызметтер алу мүмкiндiктерi туралы ақпарат орнатылған стенд те бар.

Тұрақты негiзде ауыл тұрғындарымен «Қазақстан Республикасының электрондық үкiметi» электрондық үкiмет порталында egov.kz, «Азаматтар мен үкiмет» бөлiмiнде мемлекеттiк қызметтердi алуды түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде.

2017 жылы ауылдық округ әкiмiнiң аппаратында «Өзiндiк қызмет көрсету бұрышы» ашылды. Ауылдық округ әкiмдiгiнiң ғимаратында мүгедектердiң мемлекеттiк қызметтерiне кедергiсiз қол жеткiзу үшiн «қоңырау шалу түймесi» орнатылды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процессiнiң сапасын арттыру мақсатында.Мемлекеттiк қызмет көрсету барысында мамандар Қазақстан

Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiр айында № 88 — V «Мемлекеттiк қызмет көрсету» Заңына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарына сүйенедi.

Мемлекеттiк қызметтер келесi негiзгi қағидаттарнегiзiнде көрсетiледi:

- көрсетiлетiн қызметтi алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бiр кемсiтушiлiксiз теңдей қол жеткiзуi;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде төрешiлдiк пен созбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есеп берушiлiк және ашықтық;

- мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн үнемi жетiлдiру;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiндегi үнемдiлiк және тиiмдiлiк.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыруын қадағалау. 2017 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету барысында арыз-шағымдар болған жоқ. Әрi қарай да мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттырып, қызметке мұқтаж адамдарды қанағаттандыру мақсатында, қызмет көрсетушi арыз-шағымдар болдырмауды және уақытылы қызмет көрсетiп, қызмет көрсету барысының созылып кетпеуiн қадағалайды.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге жауапты мамандар қажеттi Заңдарды, ережелердi, әдiстемелiк ұсыныстарды, мемлекеттiк қызметтер стандарттары мен регламенттерiн зерделеп, өздерiнiң бiлiмiдерiн арттыруда. Мiндеттi түрде кестеге сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы мемлекеттiк басқару академиясы» РМҚК Филиалы» бiлiктiлiгiн арттырады. 2017 жылғы ауылдық округiнiң әкiмi С.Сеитов және ауылдық округтiң бас маманы Бехлер Т.П. «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет көрсету жүйесiн жетiлдiру» тақырыбында 3 күндiк семинар өткiздiлдi..

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн нормативтiк құқықтық жетiлдiру қызмет алушылармен мемлекеттiк қызметтер стандарттарын ашық талқылау арқылы жүзеге асырылады. Ашық талқылау қорытындылары мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын жоғарылату және мемлекеттiк қызметтер стандарттарын жетiлдiру үшiн қолданылады.

Алакөл ауылдық округiнiң әкiмi                                                                                                                                                    С.Сеитов

Мақаланы құрған күні 26.02.2018 12:18
Мақаланы жаңартқан күні 26.02.2018 12:32
Қаралым саны: 934
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі